7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Ашық сабақ Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өткізілу мерзімі:

Тақырыбы: Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа» повесіндегі «Қожа» бейнесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: повестен алған білімдерін жинақтап, ой қорыту. Қожа мінезіне талдау жасап, өз қөзқарасын жүйелі айтуға үйрету;

Дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып,ой қорытқызу және өз пікірлерін дәлелдеп келтіруі арқылы өз қөзқарастарын қорғап шығуға үйрету, оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын дамыту;

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, салыстыру

Көрнекілігі: жазушы портреті, айтқан пікірі, интерактивті тақта, фильмнен үзінді.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасы.

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. Үй тапсырмасын біз бәйге түрінде өткізейік.Сызба орналасқан әрбір ұяшықта Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша сұрақтар жасырылғын.

  1. 10. Повесть қалай басталады?

  2. 20. Мектеп жанында кезіккен сыныптасы Жантас Қожаға не деп еді, одан кейінгі Қожаның әрекеті қандай болды?

  3. 30. Бұл қай сәт?

  4. Омырауымды сипалап таппаған галстугім, сөйтсем, иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім.

  5. 10 Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді?

  6. 20. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған болатын?

  7. 30. Бұл қай сәт?

"Маңдайдан буым бұрқырып, есік алдына шықтым. Сейбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?"

  1. 10. Сейбек қарт Қожаға әкесі жөнінде қандай естеліктер айтып берді?

  2. 20. Қай оқиғадан кейін сынып

жетекшісі Майқанова сабаққа екі күн қатарынан келмей қалды?

  1. 30. Бұл қай сәт?

"Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білу үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бір шерттім де жүгіре жөнелдім."

  1. 10. Сыныпта Қожадан басқа Қожаны кім деп атайды екен?

  2. 20. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Анфиса Михайловнаның сабағында Жантас не үшін сөгіс алды және бұл жайтқа Қожаның көзқарасы қандай?

  • 30. Жақсы, балалар, повесті түсініп оқығандарыңды байқадық. Повесте Қожадан басқа кейіпкерлер де бар ғой. Қане, топтастырып көрейік.

Тақтамен жұмыс.Енді осы кейіпкерлердің ішіндегі басты кейіпкеріміз кім? Ендеше «Қожа қандай бала?» деген сұраққа жауап іздейік. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.

  1. Жақтаушы топ

  2. Даттаушы топ

Жақтаушылар Алғыр бала Ақылды

↑ ↑

Қожа-жақсы бала

↓ ↓

Әділетті Мейірімді

Даттаушылар

Өтірікші Шыдамсыз

↑ ↑

Қожа-тентек бала

↓ ↓

Бұзық Тиянақсыз

Дәптермен жұмыс:

  • Дұрыс, балалар, екі топ Қожа туралы өз көзқарастарын жазып берді. Енді осының бәрін жинақтап теріп алу стратегиясы бойынша Қожаның екі жақты қасиеттерін дәптерлеріңе теріп жазып шығыңдар. Жақсы Қожаға мінездеме бердіңдер.

Қожа - реалистік бейне. Ол күнде көріп жүрген өз таныстарың. Белгілі бір орта шынайылықпен суреттелген. Ендеше сабағымызды қорытындылай келе, адамның адам болуы өзіне байланысты. «Қожа - түбі адам болатын бала» деген тұжырым жасадық. Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкердің образында суреттелген кім екен?

</ «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді.

Бекіту сұрақтары:

  1. Қожаның түзелуіне не себеп болды?

  2. Қожаның сотқар болуына не себеп болды?

  3. Қожаның қандай қылықтарынан жиренеміз?

  4. Қожаның қандай қылықтарынан үйренеміз?

Тест.

1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?

а) Б.Соқпақбаев

б) М.Әуезов

в) Ғ.Мүсірепов

2. Қожаның шын аты

а) Қара көже

ә) Қожатай

б) Қожаберген

3. «Қадыров түбінде адам болатын бала» кімнің сөзі?

а) Сәбира Майқанова

ә) директор

б) Оспанов

4.А.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

а) Жантас

ә) Қожа

б) Жанар

5. Қожаның сынып жетекшісі Майқановамен алғаш кездесуі?

а) мектепте

ә)дүкенде

б) көшеде

6. Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?

а) Жанар

ә) Жантас

б) Қожа

7. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш кім?

а) Жантас

ә) Қожа

б) Жанар

Қадыр Мырзалиев

...Бәріміз де бала болдық. Қазір есейдік, ересек тарттық. Дегенмен, сонау кезіміздегідей пәк емеспіз. Ал сол көңіл-күйімізді айна қатесіз бейнелеген «Менің атым Қожаны» барлығымыз оқып шықтық. Біз соны жазған Бердібек ағамызға сол кезде-ақ балалық көңілдің Мемлекеттік сыйлығын сыйлап қойғанбыз...

Үйге тапсырма: «Бақытты балалық шақ» атты әңгіме жазу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал