- Учителю
- Урок казахского языка в 9 классе
Урок казахского языка в 9 классе
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Раисовка селосы
"Қазақ отбасы"
жалғаулардың түрлері
Жүргізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мұхаметкалиева Жанна Тоқтағұлқызы
"Қазақ отбасы" (Жалғаулардың түрлері) тақырыбы бойынша 9-сыныпта жүргізілген сабақ. Бұл сабақта оқу жетістіктерін сырттай бақылауға қандай әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін нығайту керек екені көрсетілген. Бұл әдістер оқушылардың жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалайды, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытады, әлеуметтік көзқарасын қалыптастырады, ізденушілікке баулиды. Бұл сабақтың маңыздылығы әр оқушы өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады, қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, ізденіс дағдысы қалыптасады. Сондықтан да мұғалімдерге жаңа технологияларды қазақ тілі сабағында көбірек пайдаланған өте тиімді.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасы.Жалғаулардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: өзі және өз отбасы мүшелері туралы қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Жалғаулардың түрлерін пысықтау.
2.Дамытушылық: оқушының тіл байлығын, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік: отбасы мүшелерін құрметтеу, үлкендерді сыйлауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, бүктеме, тест түрлері, кәртішкелер, "Сөздік ойыны", мақал-мәтелдер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең: "Шаттық шеңбері". Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
2. Сабақтың ұраны: Қыранша қалықтаймыз,
үйренуден жалықпаймыз
Кіріспе мұғалім сөзі:-Бүгін бізге балалар сабаққа қонақтар келіп отыр, біз келген қонақтарға өзімізді жақсы жағынан таныстырайық және оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын бүгінгі сабақта көрсетеміз.
Қазақта қара шаңырақ деген қасиетті ұғым бар.Қара шаңырақ-бір ата не бір ауылдың ұрпақтары өсіп-өнген үлкен үй, сонымен қатар туыстық атаулар бар. Бізге ең ыстық, жақын адамдар кім?
3. Ассоциация құру.
АТА БАЛА ӘЖЕ
НАҒАШЫ ТУЫСТЫҚ АҒАЙЫН ШӨБЕРЕ АТАУЛАР ҰЛ
НЕМЕРЕ КЫЗ
4. Өз отбасы, отбасы мүшелерінің мінездері туралы оқушылар айтып береді.
5. "Қазақ отбасы" деген бүктеме арқылы оқушылар қазақтың дәстүрлі дүниетанымдағы философиялық түсініктердің бірі-жеті қазына туралы, қазақтың салт-дәстүрлері туралы әңгіме жүргізіледі
6. "Ата-ана" деген мәтінді оқып мазмұнын баламалық тест арқылы талдау жүргізіледі.
БАЛАМАЛЫҚ ТЕСТ
1.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген бе?
иә, жоқ
2. Ата-ананы қартайғанда, баласы қамқорлыққа алуға міндетті ме?
иә, жоқ
3. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардың тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітілді ме?
иә, жоқ
4.Өркениетті жолдарымен қорғалмайды ма?
иә, жоқ
5. Ата-аналар балаларының тәлім-тәрбиесіне жауапты ма?
иә, жоқ
6.Балалар кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті емес.
иә, жоқ
7. Грамматикалық тақырыппен жұмыс
Зат есімнің жалғауларын еске алу.
1.Көптік жалғау 2.Жіктік жалғау 3.Тәуелдік жалғау 4.Септік жалғау
8. Сигналдық кәртішкемен жұмыс
1. "ата" деген сөзге көптік жалғауын жалға 2. "нағашы" деген сөзге ілік септік жалғауын жалға 3. "шеше" деген сөзге жіктік жалғаудың I жақ көпше түрі 4."бала" деген сөзге тәуелдік жалғауын жалға 5. "ұл" деген сөзге барыс септік жалғауын жалға 6. "қыз" деген сөзге жіктік жалғаудың I жақ көпше түрі 7. "ағайын" деген сөзге көптік жалғауын жалға 8. "жиен" деген сөзге көмектес септік жалғауын жалға 9. "немере" деген сөзге көптік жалғауын жалға
9. Отбасы туралы мақал-мәтелдерді ТОЛЫҚТЫРМАЛЫҚ тест арқылы жүргізіледі
1. Әке-асқар құрақ
Ана- бауырындағы тау
Бала-жағасындағы бұлақ
2.Әке-балаға қу мазар 3. Балалы үй- сыншы Баласыз үй- базар 4. Жаман ағайын бар болсаң, бере алмайды жоқ болсаң көре алмайды 5. Ағайын тату болса, ас көп Абысын тату болса ат көп 6. Үйдің жылы білерсің Қыс түскенде суығын Кімнің алыс жақынын Іс түскенде білесің 7. Әкеге қарап қыз өсер Шешеге қарап ұл өсер 8.Он үште отау жетесіз 9. Жеті атасын білмеген иесі 10. Мал қонысын болсын Ер туысын болғанша
10. Сергіту сәті: "Сөздік ойыны"
1. оценка-баға 9. брат-аға берег-......... молоток-........ вперед-....... воротник-.....
2. мальчик-бала 10. город-қала степь-......... новый-........ город-....... 11. балдырған-росток 3. туча-бұлт шығыс-....... нация-....... 12. бала-мальчик ключ-...... саусақ-......... 4. үйеңкі-клен 13. бор-мел піл-........... шырша-........ 5. үйірме-кружок 14. шынжыр-цепь секіру-.......... арыстан-......... 6. теңіз-море 15. шіркей-мошка қайғы-......... мысық-........ 7. саты-лестница 16. шырша-ель кірпік-......... ара-............
11. Жалғаулар тақырыбын қорытындылау үшін қосымшалық тест жүргізіледі.
ҚОСЫМШАЛЫҚ ТЕСТ
1. Көптік жалғауын жалға Қазақ дар мектеп тар Ұл лер ана дар әке тар қарындас тер ана дер қыз лар жиен лар немере лер
2. Жіктік жалғаудың жекеше түрін жалға
Мен оқушы сыз Сен оқушы мын Сіз оқушы сың
3. Жіктік жалғаудың көпше түрін жалға
Біз бала лар Сендер бала сыздар Сіздер бала сыңдар Олар бала мыз
4. Зат есімнің тәуелдік жалғауын жалға
Менің әже ң Сенің әже сі Сіздің әже м Оның әже ңіз
5. Септік жалғауын жалға оқушы ілік септік жалғауы кітап барыс септік жалғауы әке табыс септік жалғауы әже көмектес септік жалғауы
6. Мен ұл.......... сің Сіз саудагер..... міз Біз дәрігер......... сіз Сен дәрігер мын
12. Топтық жұмыс
1-топ Өлшемдік тест 2-топ Жұмбақтық тест 3-топ Таңдамалық тест
13. Сабақты қорытынды кезінде (С.Жиенбаев) өлеңі
Ардақтаңдар ананы
Бірге жайнап, бірге лаулап көктеммен, Жүректерге жарық берген, от берген. Таң күзетіп, түн ұйқысын төрт бөлген, Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы! Ұмытпаңдар аналардың әлдиін, Сол әлдиден басталады ән-күйің. Суытпаңдар елжіреген жан күйін, Ардақтаңдар, ардақтаңдар ананы!.......
14. Сабақты бекіту: оқушылардың алған білімдерін бағалау
Нені білмеймін?
Нені білгім келеді?