7


  • Учителю
  • Разработка на тему Менің отбасым және достарым

Разработка на тему Менің отбасым және достарым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3-БӨЛІМ:МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 4-САБАҚМектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа

қатысқан

оқушылар

саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:







Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.3.Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің не істейтінін (істемейтінін) айта алады (доп ойнайтынын және сурет салатынын) және өзімен қатарлас баладан не істейтінін сұрай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Сен не істейсің? Деген сұрақты қоя алады және осы сұраққа өткен материал деңгейінде жауап бере алады.



Кейбір оқушылар:

Өзінің не істейтіні туралы қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқлықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады.

Оқушылар сөйлесу үлгісі арқылы «Сен не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар бұл сөйлемдерді осындай құрылымдық үлгіде есте сақтайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға «Сен не істейсің?» деген сұраққа жауап болатын «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» сөйлемдерін бояу, қарындаштар және доп суретімен байланыстыра қайталатады. Осы сөйлемдерді тірек заттар немесе тірек сурет бойынша есте сақтауға көңіл бөледі. Оқшыларға осы тірек заттарды беріп, олардың не істейтіндерін сұрайды. Содан кейін мұғалім оқушыларды осы сөйлемдердің болымсыз түрімен таныстырады. Оқушылар сурет саламын - сурет салмаймын, доп ойнаймын - доп ойнамаймын деген құрылымды үйренеді.

(Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.

Оқушылар өзара телефонмен сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Берілген үлгі бойынша өздерінің не істейтіндері туралы сөйлеседі. Үлгі:

-Сәлем, Юра!

-Сәлем, Асқар!

-Халің қалай?

-Жақсы, рақмет! Сенің халің қалай?

-Жақсы! Сен не істейсің?

-Мен доп ойнаймын. Сен не істейсің?

-Мен сурет саламын.

(МК, Ұ) 4-тпсырмадағы сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша не істейтінін айта алады. Бұл сұрақты мұғалім оқушыларға немесе оқушылар бір-біріне қоя алады.

(ОТ) Мұғалім үстелдің үстіне допты және түрлі түсті қарындаштар (сурет дәптерін) қояды. Содан кейін бір оқушы шығып, өз қалауы бойынша бір затты таңдап алады. Сол бойынша мұғалімнің «Сен не істейсің?» деген сұрағына жауап береді.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана біл дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық



Аудиодиск:

3.4.1.; 3.4.2.;

3.4.3.



























































Доп,

Түрлі-түсті қарындаштар, (сурет

дәптері).



№1 жұмыс дәптері





Қосымша тапсырма:

3.4.

Сабақтың соңы

(4-5 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.

Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал