7


  • Учителю
  • 'Тәуелсіздіктің ақ таңы' атты салтанатты лездеме әзірлемесі

'Тәуелсіздіктің ақ таңы' атты салтанатты лездеме әзірлемесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1.Оқушыларға Тәуелсіздік құрбандары туралы ақпарат беру , олардың ерліктерін ардақтап, өнеге тұтуға баулу, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру.2. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.1 – жүргізуші: Армысыздар құр
предварительный просмотр материала

Мақсаты:

1.Оқушыларға Тәуелсіздік құрбандары туралы ақпарат беру , олардың ерліктерін ардақтап, өнеге тұтуға баулу, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру.

2. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.


1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты лездемені бастауға рұқсат етіңіздер!


2- жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1- жүргізуші:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!


2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын! (Әнұран орындалады.)


1-жүргізуші:
- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.


2- жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар Тәуелсіздік құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік болады)

Ортаға оқушылар шығады. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқиды.

1 оқушы:
Қалмады жалын жастық басқа амалы,
Шалқайды империя тас қамалы.
Қазақтың тәуелсіздік алған күні,
Ызғарлы желтоқсаннан басталады.

2 оқушы:
Ашу - ыза қайнауының жетті олар шегіне,
Көтерілді бүкіл жастар жалын болар еліне.
1986 боялды жастар қанымен,
Желтоқсанның он алтысы есте қалар жанымен.
3 оқушы:
Рысқұлбеков Қайрат еді ереуілдің басында,
Асанқызы Ләззат пенен Әлия бар қасында.
Аямады ешқайсысын, ереуілді бастаған,
Қазағымның жастарын ажал отына тастаған.
4 оқушы:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.....
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен жер.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер....

5 - оқушы

Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

6 - оқушы
Жас арудың жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да - Желтоқсан.
Намысымның шырағы да - Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.


1 - жүргізуші: Құттықтау сөз мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Адия Калихановнаға беріледі. ( Адия Калихановна сөйлейді)

1 - жүргізуші: Көрініс. Сыныптастардың кездесуі


2 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық


Күй Рымбеков Олжас «Мың жылқы»


1 - жүргізуші: Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.

2- жүргізуші. 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасын1ың Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш рет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1996 жыл Тәуелсіздік монументі орнатылды.
1-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиясы қабылданды.
2-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
1-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
2-жүргізуші: 2010 жылы Назарбаев атындағы университет ашылды.
1-жүргізуші: 2011 жылы Қазақстан Азиада ойындары өтті.
2-жүргізуші: 2012 жылы тұңғыш Президент атындағы мұражай ашылды.


2 - жүргізуші: Ән «Туған жер» Рамазан Назым


2- жүргізуші:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған салтанатты лездемені жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал