- Учителю
- Урок 'Мақал – мәтелдер'
Урок 'Мақал – мәтелдер'
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Әдебиет
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы: 13 қыркүйек
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім: Жанмұқанова С.Ж.
-
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.
2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Білім тексеру:
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мақал - мәтелдер ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етеді. Мақал - мәтелдердің мәндері, тақырыптары әр алуан; еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер- білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап, ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақарлад жасап отырған. Мақал - мәтелдер өлең сөз сияқты көркем, ұйқасып тұрады. Сөйлемдерді өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты кедеді. Мәселен, «Ақыл - жастан, асыл - тастан» деген мақалдың сөздерінің орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер ма,ынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де, мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.
Ақын - жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дос туралы « Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.
Мақал - халықтың өмірден алған тәжірибесінің ойтұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
VІ. Түсінік тексеру:
-
Мақал деген не?
-
Мәтел деген не?
-
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
-
Мақал мен мәтелдің ой түйіндеу тұрғысынан қарағандағы ерекшеліктерін ата?
-
Мақал мен мәтелдің құрылымы жағынан айырмашылықтарын ата.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру әдісі:
Аяқталған
сөйлем
Мақалой тиянақты
дәлелді
салыстыру екі бөлімді
сөйлем
немесе сөз
Мәтелтопшылау тіркесі
мағына
қортынды тұспалды
пікір
дәлелдеу
жоқ
VІІІ.Сабақты қорыту:
-
Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. 17-22- беттегі мақал - мәтелдерді жаттау
2. Мақал - мәтелдер туралы түсінік