7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие Өнер алды - Қызыл тіл

Внеклассное мероприятие Өнер алды - Қызыл тіл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ойын-сайыс «ӨНЕР АЛДЫ-ҚЫЗЫЛ ТІЛ»



Мақсаты: 1. Балалардың тілін ұстарту, ауызекі сөйлеуді үйрету

2. Оқушының сөздік қорын, тіл байлығын байыту

3. оқушыларды тілдерді құрметтеуге, тіл мәдениеті мен өнерге тәрбиелеу

Көрнекілік: Тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер кітабы, қағазға салынған күннің суреті, карточкалардағы тапсырмалар.



Сайыстың өтілу барысы

  1. Кіріспе: мұғалімнің алғы сөзі (тыңдау, түсіндірі және ұйымдастыру сәті)

Сәлеметсіздер ме, балалар! Біздің еліміз Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әр ұлттың өз тілі, мәдениеті және салт-дәстүрлері бар.Күннің суретінен әр шуаққа жазылңан (орыс,қазақ,неміс,татар,әзірбайжан т.б.) бейнелі сөздерді көрсету арқылы ұлт бірлігін түсіндіру. Ал мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.Әр адам ұлтына қарамастан бірнеше қосымша тіл білер болса-бұл тамаша жетістік, татулық пен бірліктің белгісі. Әркімнің де жарқын болашағына сәтті баспалдақ тәрізді.Осыңан байланысты біз бүгін тіл сайысы ойынын өткіземіз.Арамыздан үш оқушыдан тұратын әділ қазыларымызды сайлайық. Кім екі немесе үш тіл білетін болса болғаны -әділ қазылар мүшесі бола алады. Қол көтерген оқушылар топтан бөлек отырғызылады, оларға негізгі шарт-аса әділ болулары керектігі түсіндіріледі!

Ойынды бастау:

Оқушылар ерікті екі топқа бөлінеді.

1-ші айналым: Мақал-мәтелдердің жалғасын дұрыс табу ( мұғалім карточкадағы арнайы бөліп жазылған мақалдарды араластырып үлестіреді).Мысалы: Мектеп-кеме. Білім-теңіз. Ал, балалар, мұқият болыңдар,берілген карточкадағы мақалдың жалғасын тез және дұрыс табу керек екендігін тағы да ескертемін.

Ойынның шарты: қай топ берілген уақытта көп мақалдар және дұрыс жинаса, жеңіс солардікі болады!

Тапсырмадағы мақалдар (10 мақал): топпен жұмыс жасауға және мәтінге назар аударуға арналған тапсырма.

Тіл- көңілдің кілті.

Өрт тілсіз -жау.

Тіл жүйріктен де озады.

Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой.

Сөз асылы-мақал.

Өнер алды-қызыл тіл.

Көп сөз-көмір,аз сөз-алтын.

Сөз-адамның айнасы.

Мақал-сөздің мәйегі.

Бала тілі-бал.



2-ші айналым: Туған ел, мектеп, достық және тіл туралы әр тілдегі өлеңдерді айту.

3-ші айналым: Тыңдау, есте сақтау және ойлануға арналған тапсырмаларды мұғалім өзі мәнерлеп дауыстап оқу арқылы жасырады. Екі топқа кезек-кезек жасырылады, қай топтың қатысушысы дұрыс шешуін тапса, ұпай сол топқа қосылады.

Тапсырмасы: жұмбақты аудару арқылы, мағынасын түсініп, шешуін табу.

1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (бидай- пшеница)

2. Көреді бәрін өзгенің,

Тек көрмейді өздерін. (көздер- глаза)

  1. Ағайынды бәрі:

Шықса-көк,

Түссе-сары. (жапырақтар- листья)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. ( пияз-лук)

  1. Жазда таудың басында,

Қыста аяқ астында.

Балмұздақтан аумаған,

Бұл не өзі расында? (қар- снег)

  1. Түрі шар сияқты,

Түсі қып-қызыл,

Дәмі бал сияқты. ( шие-вишня)



4-ші айналым: Ерікті түрде әр топтан (мектеп өмірінен) тақпақтарды мәнерлеп жатқа айту немесе оқып беру. Ұпай ең белсенді қатысқан топқа қосылады.



5-ші айналым: (қорытындылау) Әділ қазыларға сөз беру. Кеңесе отырып, қосымша сұрақ-жауап арқылы жеңімпаз топты шығару. Құттықтау. Оларға арнап ( қарсы топтың орындауындағы) әнді бірге айтып тарасу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал