- Учителю
- Жеті қазына
Жеті қазына
Сабақтың тақырыбы: Жеті қазына мен жеті ырыс
Мақсаты білімділік - жеті қазына мен жеті ырыс философиялық түсініктерімен таныстыру, отбасы мүшелерінің мінездерін сипаттайтын сөздерді меңгерту, қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы - салт-дәстүрі туралы түсіндіру; дамытушылық- осы тақырып төңірегінде өзара пікірлесе алу дағдыларын, сөздік қорындамыту тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге ықпал ету; тәрбиелік - туған жеріне, халқына, Отанына, тарихына, ұлттық салт-дәстүрлерінедеген сүйіспеншілігін ояту, халықтың салт - дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Тақырып бойынша түйінді идеялар: Топтық жұмыстар барысында оқушылар ЖАДА-ның ықпалымен өздігімен оқуға дағдыланады. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне және «жеңілден- күрделіге» принципіне негізделеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Венн диаграммасы, INSERT түртіп алу стратегиясы, ой қозғау, сыни турғыдан ойландыру.
Түрі: практикалық сабақ. Типі:білімін және іс әрекет тәсілдерін кешенді қолдану. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тірек - сызба, түрлі слайдтар, флипчаттар мен маркерлер, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, логика.
Сабақтың барысы:
-
Ұымдастыру кезеңі:
-
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
-
«Тілек шеңбері» оқушылар шеңбер құрып, сыныптастарына тілектер айтады
-
Үй жұмысын тексеру.
-
Сіздерге үй тапсырмасы ретінде «Қазақ отбасы» туралы диалог әзірлеп келу тапсырылған.
Екі оқушы ортаға шығып осы тақырыпта сұхбат құрады.
-
Отбысы дегеніміз не?
-
Отбасы дегеніміз - адам баласының алтын бесігі.
-
Қазақтың отбасында әкенің орны қандай?
-
Әкенің орны ерекше. Әке отбасынын тірегі.
-
Ананың орны қандай?
-
Ананың орны да ерекше, әке де, балалар да ананы сыйлайды.
-
Қазақ отбасында үйленген отбасында не бөледі?
-
Енші бөледі.
-
Тұрмысқа шыққан қыздарына не береді?
-
Жасау береді.
3. «Мақалдар аяқта» стратегиясы
-
Әке - асқар ...
Ана - бауырындағы ...
Бала - жағасындағы ...
-
Әкеге қарап ... өсер,
Шешеге қарап ... өсер.
-
Әке ... сыншы.
-
Балалы ... базар,
Баласыз үй ... мазар.
4. Грамматикалық тақырыптарды қайталау.
Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін атаңдар.
-
Ыңғайлас.
-
Қарсылықты.
-
Себеп - салдар.
Олардың жалғаулықтары қандай?
Ыңғайлас: да,де, та, те және, әрі.
Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда.
Себеп - салдар:сондықтан, себебі, өйткені, неге-десең.
Сөйлемдер құрастыру.
(Ыңғайлас)
Қазақ отбасында үйленген ұлдарына енші бөледі және қыздарына жасау береді.
( Қарсылықты) Ананың орны ерекше, бірақ әке- отбасының тірегі.
Кенже бала - үйдің иесі, өйткені әке-шешесі оған қара шаңырақты береді. (себеп-салдар)
-
Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: Сөз мәдениетіне баулыған «Жеті қазына мен жеті ырыс».
-
Мінезді сипаттайтын қандай сын есімдерді білесіңдер?
Қатал-строгий көңілді-веселый
Еңбекқор- трудолюбивый ашық-открытый
Мейрімді-добрый әділ-справидливый
Төзімді-выносливый сабырлы-спокойный
Шыдамды- терпиливый қайырымды-заботливый
Қарапайым- скромный
-
Осы сөздерді пайдаланып, бірінші тапсырманы орындаймыз.
Диалогты түсініп оқып, толықтырып сөйлесу. Жұппен жұмыс.
-
Сенің әкеңнің мінезі қандай?
-
................................................
-
Ананың мінезі қандай?
-
................................................
-
Қарындасының мінезі қандай?
-
................................................
-
Ағаңның мінезі қандай?
-
................................................
Төмендегі ұлағатты сөздерді қандай жағдайда пайдалануға болады?
Ата-анаңның сөзін жерге тастама,
Байып алсаң менмендікке бастама. (М.Қашқари)
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса, бала солардан. (Ж.Баласағұни)
-
«Сөйлем құрастыр» стратегиясы. Интербелсенді тақтада слайдтар,
үстелде суреттер
1-слайд-жүйрік ат. 2-сл.-қыран бұркіт. 3-сл.- құмай тазы. 4-сл.-мылтық
5-сл.-қақпан 6-сл.-өткір кездік. Сөздер: қазына, қыран бұркіт, құмай тазы, мылтық, ау, серт, ырыс, әдіс-айла, өткір кездік.(пышақ)
«Аукцион» өткіземіз. Ең жақсы сөйлем қүрастырған оқушы суретті сатып алады. Мысалы: Адамның білімі- оның қазынасы. Ырысың мол болсын! т.б. Суреттерді сатып алған 7 оқушы тақтаға шығады, суреттерін алып, ол Жеті қазынаның суреті.
-
Топтық жұмыс. уақыт 16 минут
1-тапсырма Мәтінді бойынша Инсерт стратегиясы 5мин
2-тапс. Сұрақтар құрастыру 4мин
3-тапс. Диалог құрастыру 3 мин
4-тапс. Постер жасау және қорғау 4мин
-
Сөйлесім.
-«Жеті қазына мне жеті ырыс- философиялық түсінік» пікіріне қосыласыңдар ма? Неге? Жеті қазына мен жеті ырыс ұғымына не жатады?
Жеті қазына- қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.
Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: 1-жүйрік ат. 2-қыран бүркіт.
3-құмай тазы. 4-берен мылтық. 5-қанды ауыз қақпан. 6-майланғыш ау. 7- өткір кездік( пышақ)
-
Венн диаграммасын жасау
-Ат -Ақыл
-Бүркіт -Денсаулық
-Мылтық Ит. - Ақ жаулық
-Қақпан Философия- -Бала
-Ау лық түсінік. -Көңіл
-Кездік -Жер
Ортақ: философиялық түсінік, ит- сенімді серігі
Ерекшеліктері: ер жігіттің жүйрік аты-қанаты. Қыран бүркіті-қуаты.Қүмай тазысы- сенімді серігі. Мылтығы- оты. Қақпаны-серті. Ауы-әдіс-айласы. Кездігі-сұсы.
Жеті ырыс: 1-ақыл, 2-денсаулық,3-ақ жаулық, 4-жер, 5-бала, 6-
ит, 7-көңіл.
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма беру: 60-бет, 3-тапсырма: жазбаша орындау
Презентация жасау, бейнеклип дайындау.
Рефлексия:Беткескіндер арқылы
«Кері байланыс» парағы- стикерлерге жазып қалдыру