7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті 'Мен құстан туған құмаймын' (7 класс)

Қазақ әдебиеті 'Мен құстан туған құмаймын' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Мен құстан туған құмаймын»

I Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Махамбет өлеңдерімен таныстыру.Махамбет өлеңдерінің отты кезеңдердегі ахуалды бейнелеуін түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,ой қорыту,салыстыру,сөз саптау әдісін дамыту.

Тәрбиелік:Елге,жерге,отанға деген сүйспеншіліктерін ояту.Адамгершілікке баулу.

Сабақтың тегі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:ізденіс,сұрақ жауап.

Сабақтың әдісі: талдау,мазмұндау,іздену.

Сабақтың көрнекілігі: сызба кесте,оқулық.

Күтілетін нәтиже: Махамбет өміріне қатысты негізгі оқиғаларды білу,өлеңдеріне талдау жасай білуді үйрену.

II.Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.Қатысуларын журнал бойынша түгелдеу.Сынып тазалығына көңіл бөлу.

Үй тапсырмасын пысықтау.Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақ қоямын.

а\ Махамбет кім? Қай ғасырдың жыршысы?

ә\ Неге «дауылды жылдың жалынды жыршысы»деп атаймыз?

II.Сабақтың мақсат міндеттерін түсіндіру.

III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Кіріспе: Махамбет өз заманындағы ақындардың ақыны,батырлардың батыры,ел қамын ойлаған,елінің мақсат мүддесін жоғары қойған дауылды жыршы.Халқы үшін аянбай күрескен Махамбет қылышпен де өткір тіліменде қайрат көрсеткен.XIX ғасырдағы ұлт азаттық көтерлісінің ұйымдастырушылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы еді.

IV.«Жылдар сөйлейді»: сызба бойынша жұмыс істеу.

V.Оқулықпен жұмыс:

«Жалғыздық», «Мен құстан туған құмаймын» өлеңдерін мәнерлеп оқып,мазмұнын қара сөзбен жеткізу.Өлеңнің көркемдік ерекшелігіне тоқталу.

VI.Сабақты бекіту:Топтық жұмыс жүргізу.Әр топ жеребе бойынша өз тапсырмаларын алады.

1.Махамбет өлеңдері қандай оқиғаларға арналған?

2.Исатай бейнесін қара сөзбен жазып көрсет.

3.Ақын неліктен өзін жалғыз сезінеді?

4.Махамбет жырларындағы қанатты сөздер?

VII.Сабақты қорытындылау: Тақтаға «Махамбет», «Исатай» сөздері жазылады,оқушылар не түсінгендерін жазып шығады.

VIII.Білімді бағалау: Әр топ басшысы бағалау парақшасын өткізіп,соңында мұғалім бағалайды.

IX.Үйге тапсырма: «Жалғыздық», «мен құстан туған құмаймын »өлеңдерін мәнерлеп жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал