7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, мағыналары

Қазақ тілі Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, мағыналары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, мағыналары



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын, мағыналарын меңгерту.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз тілдерінде мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, берілген жаттығулардағы мәтіндер арқылы туған еліне, жеріне деген құрмет сезімдерін ояту, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, проблемалық, эвристикалық, кітаппен жұмыс, жұптық, топтық жұмыстар.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточкалар, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау), Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б.Шалабаев Практикалық қазақ тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

- Айтылу мақсатына қарай сөйлем неше түрлі болады?

- Хабарлы сөйлем?

- Хабарлы сөйлемнің мазмұны қандай болып келеді?

- Қандай тыныс белгісі қойылады?

Эссені 2-3 оқушы оқиды.

3. Жаңа сабақ

а). Жаңа материалды проблемалық ситуация арқылы меңгерту

Сөйлемнің жасалу жолдарынан өзгешеліктерді аңғарту. (Сөйлемдер ғана беріледі.

Оқушы пікірі тыңдалады. Содан кейін тақтадан кестемен жауаптары көрсетіледі. Оқулықтан ережелер оқылады.)



Сөйлемдер

Жасалу жолдары

- Сіз қайда барасыз? Ол бұл кісіні таниды ма?



Сұрау есімдіктері және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен

- Байқауға қай сыныптар қатысады?

- 8-9-сыныптардың оқушылары қатысады.

- 10-11-сыныптар ше?

Сұрақ толымсыз болады, ше шылауының қатысуымен

- Мына кітап кімдікі?

- Асандікі

- Асандікі?

- Иә, Асандікі.



Сұрау интонациясы арқылы



ә). Жаттығулармен жұмыс

19- жаттығу. Мәтінді оқып, тақырып қойыңдар.

Сұраулы сөйлемдерді тауып, қандай сұрақ екенін анықтаңдар.

б)Топпен жұмыс

1. 21-жаттығу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал