7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Конспект по казахскому языку

Сабақ жоспары. Конспект по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мектеп ғимараты

Сабақтың мақсаты :

а) білімділігі: Оқушыға әрбір адам білім алу керектігі туралы ұғымды қалыптастыру.Оқушылардың білімді болуға және білімді болу өмірлік азығы, ертеңгі күннің іргетасы екенін түсіндіру. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

ә) дамытушылығы: Балалардың мектеп өмірі туралы түсініктерін кеңейту.

б) тәрбиелілігі: Мектеп, оқушы ережесі талаптарын орындауға, ұқыптылыққа, сыйластыққа, бір - бірінің сөздерін тыңдауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тірек сөздер, суреттер, плакат, тапсырмалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу,шығармашылық жұмыс

Күтілетін нәтиже: «Мектеп» тақырыбына қатысты пікірлесу, ой бөлісу.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат

Тыныс алуға зейін қою.

Аяқ - қолдарыңды айқастырмай, түзу отыруларыңды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойғанда біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықты

сыртқа шығарамыз. Қане дайындалыңдар. Тік отырамыз......, қолдарыңды тізеге қоюға болады......

1 дегенде дем аламыз, 2 дегенде демді шығарамыз. Дем аламыз, демді сыртқа шығарамыз....(5,6 рет).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жан - жақты тексеру.

- Сан есім дегеніміз не?

- Сан есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтіру.

Қима қағаздары арқылы тақтада берілген сандардың сұрақтарын оқып, сан есімді қайталау.

1-қима қағаз. Бір жылда неше ай бар?

2- қима қағаз. Бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

3- қима қағаз. Сен нешінші сыныпта оқисың?

4- қима қағаз. Сенің сыныбыңда неше оқушы бар?





IV. Мақсат қою.

- «Мектеп» тақырыбымен танысу

- Сабақтың дәйексөзі:

«Мектеп - білім тірегі,

Ұстаз - оның жүрегі»

Халық даналығы





V. Жаңа сабақ. а) Кіріспе бөлім.

- Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке

адам болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана

басқалардан озады.

ә) Сөздік жұмысы

Сурет бойынша «Мектеп» тақырыбына әңгіме құрау.

Мектеп - школа

Мұғалім, ұстаз, оқытушы- учитель

Білім - образование

Білімді - образованный

Үйретеді ,оқытады - учит

Көңіл бөледі -обращает внимание

Мейірімді- добрый

Түсіндіреді - обьясняет

Ұнайды - нравится

Тәрбиелейді - воспитывает.

б) Шығармашылық жұмыс.

«Алтын қақпа» ойыны. Әр қақпаны ашу үшін тақтада берілген тапсырмаларды орындайды. Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

«Темір қақпа» тапсырмалары.

1 топ

1. Берілген сөздердің қазақша аудармасын таба отырып, сөзжұмбақты шешу

1. Школа

2. Язык

3. Учитель

4. Книга

5. Урок

2 топ

1. Берілген сөздердің қазақша аудармасын таба отырып, сөзжұмбақты шешу.

1. Пять

2. Нравится

3. Рыба

4. Отдых, выходной

5. Звонок

2. «Қатесін тап»

І топ: Миктеп, бис, устел, китап. ІІ топ: Кабат, сегиз, орндық, даптер

2. Күміс қақпа.

1 топ. Үзінді оқып, аудар.

2 топ. Үзінді оқып, аудар.

2. Адасқан сөздердін орнын тап:

1 топ:

1) Мектептің іші ... (соғылды)

2) Қоңырау...(сыныпқа)

3) Балалар... кірді(жарық, кең)

2. Адасқан сөздердін орнын тап:

2 топ:

1) Мектептің ауласы...(арап тілінен)

2) Біз мектепке...(таза,үлкен)

3) «Мектеп деген сөз... шыққан (түсте келеміз)

3. Алтын қақпа. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

1 топ:

1) Бір жылда … ай, … мезгіл бар.

2) Бір тәулікте ..... сағат бар.

3) Жылдың … айы желтоқсан.

2 топ:

1) Қаңтар-жылдың … айы.

2) Аптаның …күні - сәрсенбі, … күні -жексенбі.

3)Бір айда …күн бар.

Сөйлемдегі сөздерді орнына қой:

1 топ. Оқимыз, биыл, біз, жаңа, мектепте. Жарық, үлкен сыныптары, мектептің

2 топ. Таныстырды, мұғалім, бізді, жаңа, сабақпен. Бар, кабинеттері, компьютер, мектепте.

Алтын қақпаға жеткен топ анықталады.

VI. Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау. Сөмкені дайындауға көмектесіңдер. «Не артық?» ойыны. Әр оқушы бір - бір артық затты атайды. Артық болу себебін түсіндіреді

1. «Адасқан әріптер » ойыны. Әр топтан бір ойыншыдан шығып, тақтаға дұрыс

сөздерді жазады.

1. Р, О, Б (Бор)

2. П, А, К, Т, І (Кітап)

3. А, Л, М, А, Қ (Қалам)

4. Р, Е, Д , Ә, Т, П (Дәптер)

5. Ш, Ы, З, Ғ, Ы, С (Сызғыш)

6. Ө, Р, Ш, І, Г, І, Ш, (Өшіргіш)





ІV. Бекіту V слайд

- Бүгін қандай тақырыпты өттік?

- Сонымен мектеп сендер үшін не?

- Әңгіме не туралы айтылған?





V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру Мектеп туралы эссе







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал