7


  • Учителю
  • Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Оқшаулағышқа сымды орау».

Мақсаты:

Білімділік: Студенттердің алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және қорытындылау.

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру,еңбекке, жауапкершілікке балу топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқу материалын жалпылау және қайталау сабағы.

Сабақтың көрнектілігі: Компьютер, интерактивті тақта,оқулық, дидактикалық материал, оқшаулағыштар, алюминий сым, электромонтер құрал-саймандары.

Пәнаралық байланыс: Өндірістік оқытумен байланыс.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Студенттерді түгендеу.

  2. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу,студенттердің назарын сабаққа аудару.



II. Негізгі бөлім

Сабақтың жоспарымен таныстыру.

  1. Тапсырмаларды орындау.

  2. Әуе байланыс желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Таныстыратын АҚ «Қазақтелеком» электрмеханигі Хамиев.Г.Н

Тапсырма № 1

Әуе байланыс желісінің тіректері.

Тапсырма № 2

Әуе байланыс желісінің типтері.

Тапсырма № 3

Әуе байланыс желісінің арматурасы.

Тапсырма № 4

Әуе байланыс желісіндегі қауіпсіздік ережелері. Таныстыратын АҚ «Қазақтелеком» электрмеханигі Хамиев.Г.Н

Тапсырма № 5

Әуе байланыс желісі электромонтерының құрал-жабдықтары.

Тапсырма № 6 Практикалық бөлім.

Практиқалық жұмыс «Оқшаулағышқа сымды орау». Тексеріп бақылайтын АО «Қазақтелеком» электромеханигі Хамиев Гайниден Нуритдинович

ІІI. Сабақты қортындылау.



  1. Бағалау.

  2. Рефлексия.

II. Негізгі бөлім

Кіріспе.

Әуе байланыс желісі осыдан 175 жыл бұрын құрылып пайдалануға берілген желінін бірі. Осы желі арқылы көп теген қалалар, елді мекендер байланысып тұр. Казіргі кездегі байланыс жақсы дамыған және әр карай жана технологиялармен толықтырылып қарқынды дамып келеді. Сымсыз байланыс, спутникті байланыс, ұялы байланыс жаксы дамыған мен әуе байланыс желісінің орны бір бөлек.

Бугінгі практикалық қайталау сабағымызда әуе байланыс желісінің маңызды элементтеріне тоқталып,кайталап кетеміз.

Тапсырма №1

Әуе байланыс желісінің тіректері: ағаш және темірбетон.

Ағаш тіректерді дайындайтын материал: қарағай, бал қарағай, шырша және емен ағаштары пайдаланылады.

Темірбетон тіректерді дайындайтын материал: бетонның ішіне орналасқан металл каркастан.

Тіріктердің стандарты ұзындығы: 6,5 м; 7,5м; 8,5м.

ӘБЖ тіректері жай және қүрделіге бөлінеді.

Тапсырма № 2

Климаттық жағдайларына, мұздың қалыңдығына байланысты желі 4 типке бөлінеді:

Ж-жеңілдетілген (мұздың орташа қалыңдығы 5 мм-ден аспайды);

Қ- қалыпты (мұздың орташа қалыңдығы 10 мм-ден аспайды);

К- күшейтілген (мұздың орташа қалыңдығы 15 мм-ге жетеді).

АС- аса қүшейтілген (мұздың орташа қалыңдығы 20 мм-ге жетеді).

Тапсырма № 3

ӘБЖ арматурасына тіректерді жабдықтау үшін қажетті түрлі бұйымдар кіреді: ілмектер, траверстер, оқшаулағыштар, саңырау шеге.

Ілмектер. Бірнеше өткізгішті ілу кезінде тіреулердегі оқшаулағыштарды бекіту үшін КН (төмен вольтты ілмек) болат ілмектер қолданылады. Көлденең бағыттағы ілмектің бір ұшында оны тіреуге бұрап кигізетін бұрандасы болады, ал тік бағыттағы ілмектің екінші ұшында оқшаулағышты қондыру үшін иілген.

Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орауОткрытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

КН ілмегі. 4,8 штырьлі траверстер

Траверстер. Әуе байланыс желілерінде оннан астам өткізгіштерді ілу кезінде тіреулерге ілмектердің орнына траверстер орнатады.

Траверстер бұл - оқшаулағыштарды орнату үшін бұрыш қиындысына болат штырьлер дәнекерленген құрылғы.

Әуе байланыс желілерінде ұзындығы 1 м болатын төртштырьлі және ұзындығы 2 м болатын сегізштырьлі траверстер қолданылады. Траверстер тірекке алты қырлы басы бар бұрандалармен бекітеді.

Оқшаулағыштар. Әуе байланыс желісінде оқшаулағыштар өткізгіштерді бір-бірінен және жерден оқшаулауы үшін арналған. Оқшаулағыштар өткізгіштердің салмағынан және желдің күштерінен пайда болатын механикалық жүктеме үстінде болады. Сондықтан оқшаулағыштарды дайындарда электрооқшаулағыштық қасиеті және механикалық беріктігі жоғары фарфор материалын пайдаланады.

Оқшаулағыштың жоғарғы бөлігін бас деп атайды, ал одан төменгі бөлігін мойын деп атайды. Оқшаулағыштың төменгі бөлігі етек деп аталатын екі қуысты цилиндрдан тұрады. Бұл цилиндрлар токтың оқшаулағыш бетімен ағып кету жолын ұзартады, демек оның беттік кедергісін көбейтеді. Оқшаулағыштың ішкі жоғарғы бөлігінде оқшаулағышты штырьге немесе ілмекке бұрап кигізу үшін бұранда жасалған. Бұранда алдын-ала майлы кендірмен оралған.

Қалалық телефон желілерінде ТФ типті (телефондық фарфорлық) ТФ-12, ТФ-16 маркалы оқшаулағыштар қолданылады.



Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

ТФ оқшаулағышы:Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

1-бас, 2-иін, 3-мойын, 4-етегі.

Желілі сымдары.

Қалалық телефон желілерінде желілі өткізгіш ретінде мырышпен қапталған болат, биметалл сымдарды, алюминий сымдарды сонымен бірге ПСБАП(В) изоляцияланған өткізгішін қолданады. ПСБАП (В) - атмосфераға төзімді, биметалл байланыс өткізгіші. Болат өзекшенің сыртынан мыс қабатымен қапталған сымды биметалл сым деп атайды. Ол сымдардың тот басуға ұшырайтын аймақтарында қолданылады.

Тапсырма № 4 Әуе байланыс желісіндегі қауіпсіздік ережелері. Таныстыратын АО «Қазақтелеком» электромеханигі Хамиев Гайниден Нуритдинович.

Тапсырма № 5 Әуе байланыс желісі электромонтерының құрал-жабдықтары.

Әуе байланыс желісінің электромонтеры арнайы құрал-саймандар қолданады:

  1. Монтажды тырнақтар - бұл электромонтердың тіреуге шығу және оның үстінде ыңғайлы жұмыс жасау үшін қолданылады.

  2. Шынжырлы және қармақты белдік - бағанада қауіпсіз жұмыс жасау үшін қолданылады.

  3. Қысқаш және атауыздар - сыммен жұмыс жасағанда қолданады. Өткізгіштердің сызаттаудан және кесіп алудан сақтау үшін атауыздардың еріндерінде мыс салымдары болуы керек.

  4. Бұрғы - тіректі бұрғылап тесуі үшін қолданылады.

  5. Кернеудің индикаторы- кернеу тексеруге арналған.

Тапсырма № 6 Практикалық бөлім.

«Оқшаулағышқа сымды орау»

Ілмекке немесе штырьге оқшаулағыштарды кигізуде майлы кендір жіпті қолданады. Кендір жіпті штырьге немесе ілмекке қалдықсыз жабатындай етіп есептеп бөліктерге бөледі. Оқшаулағыш нық сапалы және қатаң түрде тік орнатылуы тиіс. Оның иілген бөлігі желі бойымен орналасуы керек. Кендір жіп оқшаулағыштан салбырап шығып тұрмауы керек. Оқшаулағышты кигізу былайша жүргізіледі: кендір жіпті штырьдің немесе ілмектің үстінен өткізеді және кендір жіптің ұзын шетімен штырьді немесе ілмекті сағат тілі бағытымен орайды. Осылайша оқшаулағышты екі қолмен төмен қарай нық сапалы бекітілгенге дейін бұрайды.

Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орауОткрытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

Открытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орауОткрытый урок по спецтехнологий Оқшаулағышқа сымды орау

ІІI. Сабақты қортындылау.

  1. Бағалау.

  2. Рефлексия.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал