7


Сабақтың тақырыбы: БЛІМ КҮНІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: елін, жерін құрметтеу, Отан тарихын терең білу арқылы қазақстандық патриотизмді тереңдету.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі «Білім күні» құтты болсын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным- Қазақстан» деп аталады. Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармандар.

Отан- жерім, Отан- суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан- ұран, Отан- туым,

Отан мәңгі гүлденеді, демекші. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы- мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Балалар биыл біз сендермен қандай мерекелерді тойладық. Кәне еске түсірейікші:

  • Жеңіс күніне неше жыл толып еді?

  • Қазақстан Халықтарының Ассамблеясына ше?

Тағы да бір мереке осы тамыз айында болып өтті, ол Ата Заңымызға 20 жыл толды.

Бүгінгі сабағымыз осы тақырыпта өтпекші, сондықтан сабақты сайыс түрінде өткіземін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болу үшін мемлекеттік рәміздері болу керек.

  • Біздің рәміздерге не жатады?

Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларыс танымал суретшілер Жандарбек Мәліков пен Шона Аман Уәлиханов.

2. Тудың авторлары- Шәкен Оңдасынұлы. Ниязбеков белгілі монументші- суретші. Біздің туымыз- көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн- тыныштық пен байлықтың белгісі.

3. Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-Әнұран.Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Әнұран екінші рет 2006 жылы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес Әнұранның музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

1- тапсырма. Мына сөздерден басқа сөздер жазындар:



Елтаңба Әнұран

Ел Ән

Таңба Ұран

Таң нан

Аң Ұн

2. Заң бәрімізге ортақ. Балалар, заң дегеніміз- қоғамның тірегі.Қоғам деп отырғанымыз- мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев: «Конституция- бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу- біздің парызымыз» деген. Конституция- елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз осы Ата Заң деп құрметтейміз. Жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Биыл Конституцияға 20 жыл толды.



2- тапсырма. Топтастыру





тәртіпті

4 пен 5-ке оқитын

Оқушы мейірімді



инабатты

кішіпейіл

үлкенді сыйлайтын

3. Биыл Жеңіске 70 жыл толған мерекесін атап өтті. Сендер қандай батырларды білесіндер?

3-тапсырма. Батырларды атау (қай топ көп атайды).

4. Қазақ хандығына 550 жыл мерекесі тойланбақшы. Қазақ халқының қандай хандары болғанын білесіндер ме? Қандай билерін білесіндер?

4-тапсырма. Бес қарудың суретін салу.

5. Қазақстан еліне саяхат.

- Қандай қалаларды білеміз?



5- тапсырма. Дұрыс аудар.



Мектеп- школа Ту- знамя

Отан-Родина Елтаңба-герб

Әнұран-Гимн

Менің мектебім- моя школа

Наша Родина- біздің Отанымыз

Жақсы оқушы- хороший ученик







Қорытынды.

Мұғалім: Осы болашақ елдің тірегі сендер қандай болуларың керек?

1-оқушы: Біз білімді оқушы болуымыз керек.

2-оқушы: Біз болашақта білікті маман иесі болуымыз керек.

3-оқушы: Біз өз Отанын сүйетін, бойында намысы бар ұлтжанды азамат болуымыз керек.

4-оқушы: Тәуелсіз мемлекетіміздің ары қарай өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз!













































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал