7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему Болымсыз етістік

Открытый урок на тему Болымсыз етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Лексикалық тақырып: Олимпиада жеңімпаздары - біздің мақтанышымыз

Грамматикалық тақырып: Етістіктің болымсыз түрі

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Етістіктің болымсыз түрінің жасалу жолдарын ұғындыру, сөйлемдерден анықтай білуге дағдыландыру, болымды етістік пен болымсыз етістіктің айырмашылығын ажырату.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауы мен тілін, зейінін дамыту, сауатты жазып, қисынды сөйлеу дағдысын қалыптастыру, Лондон олимпиада ойындарындағы Қазақстандық спортшылардың жеңістері біздің қазақ елі үшін мақтаныш екендігі жайлы айта отырып, оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, бірін-бірі сыйлауға, мемлекеттік тілді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабқтың типі: аралас сабақ



Сабақтың әдіс - тәсілдері: Іздену, қозғау салу, компьютермен жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, салыстыру, оқулықпен жұмыс, тест, «жалған-шындық» әдісі, «галерея» әдісі.



Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сызбалар, тест, Лондон олимпиадасы жеңімпаздарының суреттері.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық



Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».



2.Топқа бөлу

Балаларға түрлі мүсіндегі қағаздар таңдату арқылы топтастыру (мүсінге топ нөмірі жазылады, оқушылар таңдаған қағаздығ кері жағындағы топ реті бойынша топтастырылады).

Топтасқаннан кейін, топбасшы сайлап, топ қызметін бөлу, бағалау парағын тарату.Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Сұрақтарға жауап беруі

Оқулықпен жұмыс

Жаттығу жұмыстары

Топпен жұмыс

Тест баға сы

Толық бал

саны



То лық

Жар тылай

Жоқ

Толық жауап

Жартылай жауап

Жауап жоқ

Толық орындадым

Біреудің көмегімен

Мүлдем түсінбедім

Толық жауап

Жары-лай жауап

Жауап жоқ

































































Бағалау критерийлері:

14-15 ұпай - «5» деген баға

12-13 ұпай - «4» деген баға

10-11 ұпай - «3» деген баға

8-9 ұпай - «2» деген баға





IІ. Үй тапсырмасын сұрау.

136-беттегі 4-тапсырманы тексеру. Оқушылардың спорт туралы жазған қызықты деректерін оқыту.

Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау парақтарына баллдарын қояды.

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі

Тапсырма. Жалғауларды дұрыс жалғап, сәйкестендір (септеулік шылауларды қайталау)



«Жалған-шындық» кестесіЖалған (дәлелде, сөйлем құра)

6



































IV. Жаңа материалды қабылдауға дайындық кезеңі.

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеті туралы түсіндіру.

V. Жаңа сабақты түсіндіру және қабылдау кезеңі.

1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру. (Оқушылар сөйлемнен сұрақ қою арқылы етістікті табады, етістіктің қандай мағынада тұрғанын ажыратады. Ережемен танысады.)

1. Жақсылық Үшкемпіров күреспен шұғылданбайды.

2. Қазіргі таңда Александр Винокуров велоспортпен айналысып жүрген жоқ.

3. Серік Сәпиев бокспен айналыспайды, ол - жаттықтырушы.

4. Қазақстанның футбол командасы әлем чемпионатына қатысқан емес.

5. 2016 жылғы Олимпиада ойындарына Серік Сәпиев қатыспайды.



Болымсыз етістік - қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.



















VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

1.Оқулықпен жұмыс

129-жаттығу

Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.

Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. (М.Ә.) Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Молдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты. («Ел аузынан») Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны неге оқып отыра бермейміз?» - депті. Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын. (Ғ.С.) Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ. (С.М.)

Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

1.Синтаксистік талдау

  1. Сөйлемде екі тыныс белгілері бар.Олар: үтір және нүкте.

2.1. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем. Себебі ой хабарлай жеткізіліп тұр.

  1. Құрылысына қарай: құрмалас сөйлем

А) сабақтас құрмалас сөйлем

Ә)Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

1.4 Құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз.

а) Абай не істеді? - өткізді - дара, етістікті, баяндауыш

Ә) Кім өткізді?- Абай- дара, зат есім, нөлдік тұлғалы бастауыш.

Б) Абай бұл түнді қалай өткізді?- ұйқысыз - дара, сын есімді, анықтауыш

В)Абай қай түнді ұйқысыз өткізді? - бұл - дара, есімдікті анықтауыш.

Г) Абай нені ұйқысыз өткізді? - түнді - дара, зат есімді, (-ді) табыс тұлғалы тура толықтауыш.

1.5. Сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсіліне қарай талдаймыз.

а) Абай өткізді -қиысу,тәсілі - жалғаулықты.

ә) Бұл түнді өткізді - қабысу, тәсілі- орын тәртібі арқылы

б) Ұйқысыз өткізді - жанасу, тәсілі - орын тәртібі арқылы

1.6.көкпар айғақтайды

а) құрылысына қарай: еркін тіркес.

ә) тұлғасына қарай: етістікті тіркес.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту, бағалау кезеңі

Топпен жұмыс.

"Кубизм" стратегиясы бойынша жұмыс жасайды.

1. Суретте. (Қарсылықты бағыныңқы сабақтас туралы жазады ).

2. Салыстыр. (Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты қарсылықты салаласпен салыстыр).

3. Ойыңмен байланыстыр. ( Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарындағы кейбір жұрнақтардың өзге сабақтастар да бар екеніне мысал келтіріп дәлелдейді ).

4. Сарала. ( Жасалу жолдарын түсіндіреді, мысал келтіреді ).

5. Қолдан. ( Қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа сөйлем ойлайды ).

6. Талқыла. ( Жасалу жолдары бірдей сабақтастардың ажыратылуы қиын екені, мағынаның қарым - қатынасына жете мән беру керек екені айтылады ).



Жұппен жұмыс

Тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.

Барып құлақ салсақ та,... ;

Жарысқа түспегені болмаса,...;

Жолдарының алыста жатқанына қарамастан, ...;

Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, .....;



Тапсырма. Сөздерді орнына орналастырып, сөйлем құраңыз

Киім -кешектерін, Ұлберген, ұстайды, кедей, болғанмен, таза.;

Таң алдында, Абай, бұл түнді, ұйқысыз,мызғығаны болмаса, өткізді.;



Тапсырма.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыр.

1.Жел ауаны тазартсын, - дауыл боп құтырмасын.

2.Ағаштың арасына кіре, өкпек желден құтылдым, сонда да таңған денемнің түршігуі басыла қоймады.

3.Ауылда, Баянда, мектеп көргені де бар, бірақ ресми түрде мектеп бітірмеген.

4.Беккер жолдастың түсінігі еске алынсын, бірақ бұл оқиғаны аяқсыз қалдыруға болмайды.

5.Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болған жоқ.



I test сайты бойынша тест сұрақтарына жауап береді.



  1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.

Ә) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.

Б) Өміріңе қауіп - қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтірме.

В) Сен келмейінше, мен бармаймын.

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтастыңсұрақтарын көрсетіңіз

А) Қалай? Қайтіп? Не мақсатпен?

Ә)Қашан? Қайтсе? Не етсе?

Б)Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?

В) Қайтпей? Қайтпейінше?

3. Бағыныңқысының баяндауышы -ғанмен жұрнағы арқылы жасалатын сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.

А) Қимыл-сын бағыныңқы.

Ә) Мезгіл бағыныңқы.

Б) Мақсат бағыныңқы.

В) Қарсылықты бағыныңқы



4. Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз

А) Тұрайын деп еді, - тұра алмады.

Ә) Теңіз тынышталды, - ешнәрсе көрінбейді.

Б) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді.

В) Жетімдерге жем бердім, жесірлерге жер бердім.

5. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А)Ардақ ұзақ күтті, алайда ол келмеді.

Ә) Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айт.

Б) Ексең егін, ішерсің тегін.

В) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.





Рефлексия



Открытый урок на тему Болымсыз етістікОткрытый урок на тему Болымсыз етістікОткрытый урок на тему Болымсыз етістік



Білдім, Білдім, Бәрін білемін,

өзіммен бірге алып кетемін бірақ әлі де білгім келеді маған керек емес



Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Семантикалық картамен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Жаттығу жұмыстары

Топпен жұмыс



Тест бағасы

Толық бал

саны



толық

Жар тылай

Жоқ

Толық жауап

Жартылай жауап

Жауап жоқ

Толық орындадым

Біреудің көмегімен

Мүлдем түсінбедім

Толық жауап

Жары-лай жауап

Жауап жоқ

































































Бағалау критерийлері

14-15 ұпай - «5» деген баға

12-13 ұпай - «4» деген баға

10-11 ұпай - «3» деген баға

8-9 ұпай - «2» деген баға





VІІІ. Ү й г е т а п с ы р м а

1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

2. 130-жаттығу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал