7


4 сынып Жақсы сөз жанға қуат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мектебі: Алабас негізгі мектебі

Мерзімі:21.10.15

Тақырыбы: № 9 Жақсы сөз - жанға қуат

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, мейрімд

Мұғалімі: Едіге Саягүл Едігеқызы

Сыныбы:4 Оқушылар саны: 6


Сабақтың мақсаты:

Жылы, сыпайы сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың бойында дұрыс іс-әрекет қалыптастыру.

Міндеттері:

- жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

- ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, слаид.

проектор


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушыларды тугелдеу.

Оқу құралдарына назар аудару 5Т бойынша

Топқа бөлу. (топшамаларды таңдайды,сол арқылы топқа бөлініп отырады)
І-топ «Гүл»
ІІ-топ «Күн»
Ш-топ «Жүрек»

Тыныштық сәті: «Күннің нұры» (музыка әуенімен)

Ыңғайланып отырыңыздар,денелерінізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын»

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру
«Сыпайы қоян» ертегісі.
Сұрақтар:
1. Қояннның жылы сөздері өзіне қандай көмегі болды?
2. Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады?

Ой қозғау.
- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтқыларың келеді?
-«Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады. Тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

Сабак барысын талқылау

Дәйек сөз:

«Жылы сөз-аязды ысытады,
Суық сөз - ыстықта тоңдырады.
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
-Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
Жылы сөз жаныңды жылытады.Адамның мейірімін өсіреді.Кез келген адам жылы сөз айтса көңілің өсіп қалады.
Суық ызғарлы сөз жаныңды ауыртады.Көңіліңді түсіреді.Әсіресе өте жақын адамдардан естіген ауыр тиеді екен.

Дәптермен жұмыс.
1 - Венн диаграммасы
2 - тапсырма. Топтастыру.
Жақсы сөздерді топтастыру.

Сергіту сәті
Ақша бұлттар аспанда, (Қолдарын жайқалтады)
Жерімді жайнап құлпыртсын.(Жерді көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Күнді көрсетеді)
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Күнді көрсетеді)

Жарайсындар балалар ендеше орнымызға отырып сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

Суретпен жұмыс.
1. Құрметті ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
Күтілетін жауаптар: жақсы тілек, құттықтау сөз;
2.- Апа, аман - есенсіз бе? Қал - жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді айығып кеттіңізбе?
Күтілетін жауаптар: амандық, жағдай сұрау;
3.- Алло! Сәлеметсің бе, Айжан! Сенің маған 8 - наурызға жіберген ашық хатыңды алдым. Саған көп - көп рахмет айтып, алғысымды білдіргім келеді.
Күтілетін жауаптар: алғыс айту, ризашылық білдіру;
4.- Жарайсың, құлыным! Менің кішкентайым ата - анасына қолғанат, үлкен жігіт болып қалыпты ғой. Әлі - ақ елін қорғайтын азамат болады.
Күтілетін жауап: мақтау.
5 - Сымбат, сен қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің! Жауап: мадақтау

6 - Менің сыныбым ең ақылды қамқоршыл сынып. Сынып жетекшіміз Айгүл апайға рахмет бізді осындай ақылды мейірімді сыпайлыққа үйретті.


4. Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме
«Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, әр сөзіңді ойлап сөйле», -дейді.
Сұрақтар:
-Әкесі баласынының жақсы болу үшін қандай әрекет жасады?
- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді?
- Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І-топ «Гүл»
Берілген тапсырмалар бойыша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі тиіс.

Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым - қатынастан үзінді.
ІІ-топ «Күн»
Осы сөздерді қатыстырып төрт жол өлең шығару.
Айналайын!
Құлыным!
Кешіріңіз!
Рақмет!
Ш-топ «Жүрек»
Өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдерінді,жүрек жылуыңызды бір -біріңізге жақсы сөз арқылы білдірейік.

Топпен ән айту «Бала тілегі»
Сөзі:С.Молдасын ұлы
Әні:Ф.Лұқпанова
Бал - балалық,балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,
Гүлдесін деп атамекен қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде,
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным,тілегім сол менің де
Үйтапсырмасы. №53беттегі №10 сабақ «Екі дос» әңгімесін оқу.


Соңғы тыныштық сәті:

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал