7


  • Учителю
  • М. Мақатаев 'Анау - аспан, мынау - бақ' ашық сабақ

М. Мақатаев 'Анау - аспан, мынау - бақ' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.6 сыныпқа
предварительный просмотр материала

6 а

17.02.2015

1 сағат

Қазақ тілі кабинеті

Сабақ атауы

М. Мақатаев « Анау-аспан, мынау- бақ» өлеңі

Сілтеме


Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Әдебиет», Алматы, 2010 ж «Атамұра»

Жалпы мақсаты:


Оқушыларға М. Мақатаевтың «Анау аспан-мынау бақ» өлеңі арқылы ақынның әдебиет саласындағы еңбектерінің бағасы туралы мағлұмат беру, өлең құрылысына,көркемдігіне талдау жасату, ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу,мәнерлеп оқу, ізденгіштік, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Әдіс -тәсілдері:

Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау технологиясы», шығармашылық ізденіс

Күтілетін нәтиже

1. Оқушылар М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағұлмат алады.

2. Ақын шығармалараның тақырыптық ерекшеліктерін таниды.

3. «Анау- аспан, мынау -бақ» өлеңінің мазмұнын ашып, идеясын тани отырып, ақын көтеріп отырған мәселені түсінеді.

4. Өлеңді сатылай кешенді талдайды.

5. Шығармашылық ізденіске негізделе отырып, өз білімін жетілдіреді


Дереккөздер


Слайдтар, постерлер, суреттер, бағалау гүлдестелері

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

Сыныпта жақсы қарым-қатынас орнату үшін «жылы лебіз» тренингін өткіземін

Оқушылар жақсы көңіл күйде болу үшін бір-біріне жақсы лебіздер айтады. (мыс: бүгінгі сабақа белсене араласуыңа тілектестік білдіремін, сабақтан жақсы әсер ал...)

Топқа бөлу

Сыныпта 12 оқушы, екі топ, әр топта 6 оқушыдан болады.

Өлеңді тез құрастырып, мәнерлеп оқыған оқушы топбасшысы болады

Сыныпты М. Мақатаевтың 5 сыныпта өткен «Үш бақытым» өлеңі арқылы бөлемін.

Өлең жолдарын тез құрастырып, мәнерлеп оқыған оқушы топбасшысы болады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Айналым » бекеті. І топ- Мұқағали ақынның өмір деректері

ІІ топ. Мұқағалидың шығармашылығы туралы топтастыру жасап, бірін-бірі толықтырады, постер қорғайды.

2. «Елім барда» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу

3. «» Мәңгілік ел» тақырыбына ойтолғау жазу

Формативті бағалау. (гүлдестелер арқылы)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 тапсырма. Мағынаны тану. Суреттер арқылы оқушы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

2 тапсырма . Дәптермен жұмыс М. Мақатаев «Анау- аспан, мынау- бақ» өлеңі. Күннің жадын жазып, тақырыпты жазу

3 тапсырма . Мәнерлеп оқу 3-4 оқушы мәнерлеп оқиды.

4. тапсырма.Сатылай кешенді талдау технологиясы

І топ. ІІ топ.

Авторы: Шумақ:

Тақырыбы: Тармақ:

Идеясы: Бунақ:

Жанры: Буын:

Ұйқас түрі:

Анау аспан -// мынау -бақ, а
Аспанда бұлт, //бақ жадау б
Мамық ұшты // қылаулап а
Қыс та келіп //қалған - ау б

Шумақ-4

Тармақ-16

Буын саны -7

Бунақ саны - 2
Ұйқас түрі- шалыс ұйқас


5 тапсырма. «Өз сөзіңмен баянда»

1. І топ 1-2 шумақтың мазмұнын

ІІ топ 3-4 шумақтың мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.

«Әдеби-теориялық талдау»

Өздеріне берілген шумақтардан теориялық ұғымдарды табады.

Анау -аспан, мынау -бақ,

Аспанда бұлт, бақ жадау.

Мамық ұшты қылаулап,

Қыс та келіп қалған-ау

Аспан жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда.

Табиғаттың жарасын,

Ақ дәкемен таңуда

Тоңдырып ап маңдайын,

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп тал -қайың

Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

Қыс -тазалық, қыс-аппақ,

Әрі өкініш, әрі өлең

6 тапсырма.Ұқсастық пен даралық пирамидасы

Абай «Қыс» өлеңі

Мағжан «Қысқы жолда» өлеңі.

Мұқағали «Анау аспан- мынау бақ» өлеңі

Абай. «Қыс»

Ақ киімді денелі , ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті -басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды



Мағжан «Қысқы жолда»

Қараңғы түн, сар дала,

Көрінбейді айнала.

Боран соғып тұр борап,

Жолды басқан құр сорап.


Үш өлеңді салыстырып, даралығы мен ұқсастығын табады.

Тақырыбы: қыс мезгілінің ерекшелігі, долы боран кезіндегі ауыл, ел өмірі

Идеясы: қыс сипатын күшейтіп, адамдарды табиғаттың тылсым күшіне қарсы тұра білуге шақырады.

Шумақ: 5

Тармақ:22

Бунақ: 3

Буын саны: 11-12

Ұйқас: қара өлең, кезекті ұйқастар

Тақырыбы:қыс мезгілі, табиғаттың қаталдығы

Идеясы: табиғаттың қаталдығы, адамға, малға қауіпті екенін білдіру



Шумақ: 5 шумақ

Тармақ:21

Бунақ: 2

Буын: 7-8

Ұйқас: аралас ұйқас

ІҮ. Сабақты бекіту

І топ. Постер қорғау.



ІІ топ. «Болмасаң да ұқсап бақ...»

Өлеңнің идеясы бойынша берілген суретті жалғастыру



Бір шумақ өлең жазу

Ү.Сабақты қорытындылау.

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық»

Халық даналығы.


Рефлексия кезеңі

«Мен қабылдайтын шешім....»

Оқушылар өлеңнен түсінгенін, түйген ойын қорытып, табиғатты қорғау мақсатында шешім қабылдайды.

ҮІ. Бағалау

Оқушылар сабақтың қай кезеңіне қатысты сол кезеңге баға қойып, орташа ұпай санын шығарады.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Үй тапсырмасы

1.«Анау -аспан, мынау- бақ» өлеңін жаттау

2. Қыс бейнесіне сурет салу.



Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Д.Нұрпейісова орта мектебі

Ашық сабақ



Тақырыбы: М.Мақатаев «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңі



6 «а» сынып



Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шаменова Г.



2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал