7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Ұлт руханияты – ұрпаққа аманат11 сынып

Сабақ жоспары Ұлт руханияты – ұрпаққа аманат11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: №20 лицей - мектебі Баильдинова Д.С.

Сабақтың тақырыбы: № 26 «Ұлт руханияты - ұрпаққа аманат».

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: отаншылдық, адамгершілік.

Сынып: 11К

Оқушылар саны: 23Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық руханиятты, ұлттық болмысты түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Білімділік мақсаты:

Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениеттің ұлттық бірегей көрсеткіші, күшіне түсінік бере отырып,отаншылдық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық мақсат: Ата-баба дәстүріне түсінік бере отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілік, отаншылдықты құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Кітаптар, дәптерлер, қалам, А-4, түрлі түсті сикерлер, фломастерлер)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тыныштық сәті Орманға саяхат.

Арқамызды тік ұстап, түзу отырамыз. Көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. Әрбір тыныс алған сайын өзімізді босаңсытып, қалыпты жайда болуға тырысамыз. Қазір сендермен орманға саяхатқа шығамыз. Міне, сынып бөлмесінен шығып, дәліз бойымен сыртқы есікке де тақадық. Сыртқа шыққанда таза ауаны, шашыңды үрлегендей самал желді, бетіңді қыздырған күнді сезгендей болдың. Енді орманға қарай беттедің. Ақырын байқа жәндіктерді басып кетпе. Біраз тоқталып айналаңа қара. Табиғаттың әдемілігі мен әсемдігін сез. Алдыңда кездескен гүлге еңкейіп тақап, анықтап көр, қандай нәзік. Оның қош иісін сез. Айналаңа көз тастай отырып алға жылжимыз. Гүлдерге, ағаштарға, құстардың үніне назар аударып, жәндіктердің шырылына да құлақ түрейік. Орманға тереңдеп кірген сайын, ағаштар да көбейіп, бйіктей береді. Көлеңке мен жапырақ сыпдырын тамашалаңыз. Орманда біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Міне алаңқайға да шықтық, біраз демалайық. Өзің қасына барып отыру үшін бір ағашты таңдап ал. Қасына барып оның діңін құшақта. Оның мықтылығын, оның бойынан өмір энергиясын сезін. Енді арқаңызды сол ағашқа сүйеп отырыңыз. Көзіңді жұмып, терең дем алып, айнала, орман ішіндегі тыныштыққа назар аудар. (Осы жерде 1-2 мин үнсіз тоқталу) бізге қалыпты тыныштық, бақыттылықты сеземіз. Табиғат қандай керемет, ғажап. Оны сүйе отырып қамқорлық жасай отырып, тірі жанға титтейде қиянат жасамау қажет екен. Есіңе сақта бұл сенің ағашың. Қалған уақытыңда да келуіңе болады. Енді мектепке қайтуға дайындал. Орныңнан тұрып айналаңа тағы да көз таста. Енді бағанағы ізіңмен қайта кері жүр. Жәндіктерді басып кетпеуді абайла. Мектеп есігіне де жеттің. Тағы да артыңа бір бұрылып қарап, таза ауаны кері бір жұт. Сынып бөлмесіне орнымызға келіп, тыныштық, ләззатты өзімізге сақтап, көзімізді ашайық және күлімсірейі



3. Үй тапсырмасын тексеру.

112-113 беттегі «Дәстүр жалғастығы - ұлт болашағы» атты мәтінді мазмұндау.

  1. Ұлттық сана, ұлттық ұғым дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Адамгершілігі мол адам қандай?

  3. Өздеріңіз ата-салт дәстүрлерді сақтайсындар?



Балалардың жауаптары

на сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Дәйексөз.

Мен арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарға сенемін"

М .Жұмабаев

  • Дәйексөзді әуелі ұл балалар ,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

  • Дәптерге жазып алады.



  1. Әңгімелеу.

Берел қорымы, ол жерден табылған сонау скиф-сақ дәуірінің жәдігерлері туралы талай айтылуда. Осынау баға жетпес құндылықтарды тауып, зерттеп-зерделеуші, архелог Зейнолла Самашев. Бұл арадан табылған ескерткіштер темір ғасырымен белгіленеді, таспен көмкерілген 31 оба-қорғаннан тұрады. Қорғандарда сақ тайпаларының көсемдері жерленген. Қорымның бәрі таспен қаланып, қорған сияқты үйіле берген. Берелден алтынмен апталған сақ патшасы пен оның зайыбының киім-кешегімен жерленген қалпы табылғаны белгілі. Олардың қасына 13 жылқыны қатар жерлепті. Қорған асты қолдан жасалған мәңгілік тоң. Соның арқасында мәйіттің киімі, ат әбзелдері, ағаштан жасалған өзге де бұйымдар, ертоқым, маталар, ағаш ыдыстар, тері мен киіз бұйымдары сол күйінде сақталған. Сол кездегі адамдардың денені бальзамдауды терең меңгеріп алғаны да қайран қалдырады. Сақталған жылқының бір кесек етін итке тастағанда, ит ешбір талғамастан әлгі етті қылғытып жіберген. Бұл қорғанда қызыл қарағай ағаштарын пайдаланған және қызыл қарағайдың сыртқы қабығын бағандап қойған. Ол 4000 жыл болсада ешқандай шіру процесі байқалмаған. Бұның құпиясы сол замандағы ата бабаларымыздың қара майды алудың жолын және пайдалана білгені таң қалдыруда. Берел қорғандарынан көптеген құнды жәдігерлер табылды. Бұл жерден табылған қазба байлықтары , жасаған бұйымдар, темір және ағаштан қиыннан қиыстырып түрлі әшекейде келтірілген заттар, әртүрлі шөптерді пайдаланған (балдыр шөбі), бүгінгі таңда зерттеушілердің өзін таңғалдырады. Ал бұл осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған дүниелер! Қадіріне жете білсек, «Берел» - қазақты әлемге танытуға лайық бірден-бір құнды жәдігер. «Берел» қорғандары әлі де зерттеп-зерделеуді қажет етеді.

- Бойымызға тарихи сананы қалыптастыру - біздің парызымыз. Тарихи сана ұлттық сананы қалыптастырады. « ... ұлттық сана болмайынша өз еліңнің нағыз патриоты болу, отаншыл болу мүмкін емес» деген Елбасының өзі де. Ал тарихи сана дегенің осы Берел секілді өткенімізді жарқыратып жарыққа шығарудан бастау алады. Өзіміздің өр Алтайды мекендеген ата- бабаларымыздың тарихын білуге, ұрпақтың рухани дамуына үлкен сара жол ашылған екен.

  • Қазақ жерін қалай танытар едін?

  • Өмірінде намысшыл адамды кездестірдің бе?

Балалардың жауаптары

на сүйене отырып қорытындылаймын

  1. Шығармашылық бағыт.

Қазақ даласынан топырақ бұйырған бабаларымызды ата. Олар туралы не білесіңдер?

Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы төрт топқа бөлінеді.

Интерактивті тақтаны қолдана отырып берілген тапсырманы орындайды. Тақтада берілген тамшыларды әр топ өздерінің жауаптарын қаламмен жазады.

Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті.

1 - топ. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу.

2 - топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс - әрекеттер жасау керек.









3 - топ. Салт - дәстүрлерді жазу.

4 - топ. Туған жер туралы мақал - мәтелдер жазу.

Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен іледі.

-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған тамшыларды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адам өз елінің патриотты болса, гүлденуіне үлесін қосса, біздің елімізде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.



  1. Топпен өлең айту.

Қазақ елі осындай.



Сөзі: Ә.Асылбек

Әні Б.Оралұлы

1.Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Кең өлке - Сарыарқасы,

Береке, дән алқасы.

Мереке, ән алқасы.

Арайлы, алтын таңдары,

Жайдары жарқын жандары.

Азғарлы арманы бар,

Аспанды таулары бар,

Бақшалы баулары бар.



Қайырмасы:

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай

2.Алатау, Алтай арасы,

Еділ мен Ертіс саласы,

Үстірт пен терістігі,

Көрінбес кемістігі.

Қиырсыз кеңістігі.

Даламдай дархан пейілді,

Анамдай артқан мейірі,

Біртұтас халқымыз бар,

Мызғымас қалпымыз бар.

Әлемге даңқымыз бар!



Қайырмасы.

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай



3.Көгінде күлген ай, күні

Шалқыған шалқар тау-қыры

Сарқылмас кеніміз бар,

Айтулы көліміз бар,

Айбынды еліміз бар!



Барлығы қосылып, ән шырқайды.

8.Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 124-125 беттегі «Ел болу идеясы - биік нысана» мәтінін оқу, мазмұндау..



9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

</ - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал