- Учителю
- Тақырыптық қосымша материалдар 5-сынып
Тақырыптық қосымша материалдар 5-сынып
Теміртау қаласының әкімдігінің
«Теміртау қаласының №17 ЖББОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5-сынып
қазақ тілі пәні
Лексика тарауына арналған
қосымша жұмыс дәптері
Құрастырған
қазақ тілі мен қазақ
әдебиеті пәні
мұғалімі
Алиева Мадина Садуакасовна
Теміртау қаласы
І. Сөздің мағыналарына байланысты тапсырмалар.
-
тапсырма.
Төмендегі мысалдардағы қарамен жазылған сөздердің мағыналарын анықтап, қандай ұғымда қолданылып тұрғанын табыңдар.
Тас көмірдің қызуы күшті болады. Қырманда еңбек қызу жүруде. Оның қызуы көтеріліп, дәрігерге кетті. Қызба сөйлеуден аулақ бол. Адамның көзі қырағы. Істің көзін білу керек. Көз бояушылыққа жол берме.
-
тапсырма.
Төмендегі кестені толтыр.
Мысалдар
Тура мағына
Ауыспалы мағына
Сөйлем құраңыз
Қол қою
+
Құжаттарға қол қою керек.
Қолды болу
Қолы сырқырайды
Өткір қайшы
Өткір көз
Суық су
Суық хабар
Майлы ет
Майлы дастарқан
-
тапсырма.
Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөздердің тура және ауыспалы мағынасына мысал келтіріңдер.
Сыр, көрме, көш, ер, жаз, үй.
-
тапсырма.
Төмендегі тест тапсырмаларын шешіңдер.
-
Ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.
А). Қалған ас итке төгілді. Ә). Суық жаңбыр төгіп өтті.
Б). Домбырадан күй төкті. В). Шәугімдегі судың қалғанын төкті
2. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңдар.
А). Шеберлікті ұштау. Б). Қаламды ұштау.
Ә). Найзаны ұштау. В).Қайланы ұштау.
3. Тура мағыналы сөзді табыңыдар.
А).Ат ізін суытпау.Ә). Ат ізін салмау.Б).Ат салысу. В).Ат сату.
4. Тура мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А). Биік сезім. Ә). Биік тұлға. Б). Биік тау. В). Биік ой.
ІІ. Көп мағыналы сөздерге байланысты тапсырмалар. 1
-
тапсырма.Мына сөздердің мағынасына назар аударыңдар.
Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
2-тапсырма. Кітап-досың, ақылшың.
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3-тапсырма. Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тауып, астын сыз.
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
4-тапсырма. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр