7


  • Учителю
  • План урока по самопознанию на казахском языке на темуКешірімділік көңіл күңдігі(8 сынып)

План урока по самопознанию на казахском языке на темуКешірімділік көңіл күңдігі(8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп №38Сұлутөр орта мектебі Мерзiмі 30.10.2013ж. № 9

Тақырып Кешірімділік көңіл кеңдігі

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттері: мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік

Мұғалiм Иманбаева Н.Қ. Сынып 8 Оқушылар саны 11

Сабақ мақсаты: Кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

1. Кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

2. Кешіре білу қасиеттерін дамыту;

3.Мейірімділік, ақылдылық, рақымшылыдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

слайд,өлеңнің аудиодискісі.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

№9 М.Мақатаевтің өлеңін жаттау. 40 бет

Сұрақтар:

· Реніштің тууына не себепші болады?

· Күндестік достыққа ұласа ма?

· Өкпе, ренішті сақтаған адамның денсаулығы қандай болады?

· Өзіңе тілемегенді, өзгеге тілеме!

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

«Кешіре білген сайын абыройың арта түседі»

Публилий Сир

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

Әңгiмелеу Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.

</<font face="Times New Roman, serif">Сұрақтар:

Фильмнің соңында әкесі мен баласын не біріктірді?

Өмірде кешірімді жасаудың маңызы қандай?

Кешірімшіл баламыз!

(Дос болайық бәріміз! әніне салып орындау)

1-ші топқа

1.Мейірімді баламыз,

.......................................,

Нұрлы күн сөнбесін!

.........................................,

Өшігуді білмейміз,

........................................!

2-ші топқа

Тату өмір сүрейік,

.................................,

Бақытты баламыз!

......................................,

Жақсыға бой түзейік,

......................................!

Топпен ән айту.

Кешірімшіл баламыз!

(Өз шығармашылығымнан)

1.Мейірімді баламыз,

Байтақ біздің даламыз,

Нұрлы күн сөнбесін!

Жамандықты көрмейміз,

Өшігуді білмейміз,

Қара бұлт төнбесін!

Қайырмасы:

Кішіпейіл баламыз,

Кешіріммен қараймыз.

Әдептілік сақтаймыз, сақтаймыз,

Ұқыпты біз баламыз.

2.Тату өмір сүрейік,

Жақсыға көз тігейік,

Бақытты баламыз!

Шаттықпен тек күйлейік,

Жақсыға бой түзейік,

Ұқыпты боламыз!

Үй тапсырмасы.

№10 А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып, түсінігін айту. 43 бет.

Дәптермен жұмыс №9 1,2 тапсырмаларды орындау.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал