7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары, әдебиет. Біржан сал

Сабақ жоспары, әдебиет. Біржан сал

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Степногорск білім бөлімі









Әнші сазгер, сал-серілер шығармашылығы





Біржан сал - Ұлы дала тұлғасы

(10-сынып)



Сабақ жоспары, әдебиет. Біржан сал

Дайындаған: Г.Т.Шайрестанова





2015 ж









Сабақтың тақырыбы: Әнші сазгер, сал-серілер шығармашылығы. Біржан сал - Ұлы дала тұлғасы

Сабақтың мақсаты:

Біржан салдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы ақынның жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту;

Оқушылардың жаңа сабақты меңгерудегі ізденіс үстінде талдау, түсіне

оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру,

рухани танымдарын кеңейту;

Туған халқының талантты ақыны Біржан салға, әдебиетке, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, домбыра.

1-слайд. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше, өткен сабақта біз қандай бөлімді бастадық?

Рыскелды: әнші-сазгер, сал-серілер шығармашылығы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 171-беттегі сал-серілер туралы мәтінді мазмұндау керек, және 172-беттегі кестені толтыру, сөздікті жаттау.

2-слайд. Жақсы онда, дәптерлеріңді ашып қойыңдар. Жазба жұмыстарды тексеріп шыққанша, мына сандар ұяшығына көңіл аударайық. Қане, кім қандай ұяшықты таңдайды?

1-ұяшық.

Сал-серілер өздерін ел ішінде қалай ұстаған?

2-ұяшық.

Сал-серілердің бойынан қандай өнерлер табылған?

3-ұяшық.

Сал-серілер өз шығармаларында нені жырлаған?

4-ұяшық.

Қазақ әдебиетіне сал-серілер қандай жаңалық әкелді?

5-ұяшық.

Әнші-сазгерлердің, сал-серілердің қатарына кімдерді жатқызуға болады?

6-ұяшық.

Сал-серілер деген атаудың мағынасы не?



Сонымен, сал-серілерге толық анықтаманы кім бере алады?

Біз бүгінгі сабаққа дайындық барысында «Қазақтың Біржан салын білесің бе?» деген сауалнама жүргізген болатынбыз. Соған назар аударсақ.

3. Жаңа сабақ. Интервью. Қазақтың Біржан салын білесіз бе?

Көріп отырғанымыздай бүгінгі сабағымыздың арқауы болып отырған Біржан салды білетін де, білмейтін де адам бар екен.

3. Ой шақыру. Біржан кім?

4. Мағынаны тану. (Оқулықпен жұмыс). тірек сөздер.

5. Артық болмас білгенің. Біржан сал шежіресі.

6. Бейнеролик.

7. Бейнеролик бойынша сұрақтар.

  • - Бұл не?- деген сұраққа бәйбіше қалай жауап берді?

  • "Құт" деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Қарсы алған адамдардың жас ерекшеліктері қандай?

  • Біржанды немен көтерді?

  • Қандай ұлттық тағамдар мен сусындарды көрдіңдер?

  • Жас жігіт Біржан салға не ұсынды?

8. Біржанның өлеңдеріне шолу. Тарихына көз жүгіртейік. Сөздікпен жұмыс

болыс - волостной управитель, бар өнерлерін салады- старались угодить, тәнті етеді - покорил, ағыла бастады - народ хлынул, қамшымен басынан салып-салып қалу - хлестнуть кнутом, қорлық - унижение.

Мәтінді аудару.

Балалар кезекпен «Жанбота» өлеңін мәнерлеп оқып шығады.

9. Бейнеролик.

10. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.

Біржан сал осы өлеңін қандай көңіл күймен жазды?

А) өкінішті Ә) жақсы Б) қуанышты

2. Біржан салды сабаған кімнің адамы?

А) Қарпықтың Ә) Жанботаның Б) Азынабайдың

3. Поштабай Біржаннан не тартып алғысы келді?

А) атын Ә) домбырасын Б) қамшысын

11. Міне, осыдан кейін Біржанның өмірінде сайық-сайран, той азаяды. Оны тіпті жынданып кетті деп байлап қояды. Біржанның соңғы өлеңдерінің бірі «Теміртастың» шығу тарихы.

12. Қорыту. Балалар, бүгін біз Біржан салдың өмірінің кей белестерімен ғана таныс болдық. Сендердің ойларыңша, оның өміріне қандай анықтауыштар сай келетін еді?

13. Үй жұмысы: бір өлеңін жаттау.

14. Бағалау.

Біржан сүйегі әлдеқашан қурап қалған шығар. Бірақ Біржан рухы Көкшенің қарағайының, қайындарының басында жапырақ болып, шыңдарының, жартастарының үстінде біресе ақ бұлт, біресе көк бұлт болып қалқып жүр, тербеліп тұр. Абылай алаңындағы алуан шөп, шипалы өсімдіктер болып жылда көктеп, жұпар самал болып, таңғы, кешкі ауада өсіп тұр. Қысқасы, Көкше барда - Біржан бар. Әнмен таңдайын жібіткен қазақ барда - Біржан бар. Жасасын рухың, тірлігімнің мақтанышы, қазағымның көркі - қасиетті сал Біржан!



























Сабақтан көріністер



Сабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан салСабақ жоспары, әдебиет. Біржан сал















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал