7


  • Учителю
  • 6-Сынып Қазақ әдебиеті 'Шыңырау' қысқа мерзімді жоспар

6-Сынып Қазақ әдебиеті 'Шыңырау' қысқа мерзімді жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 6-с.

қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бегалина Райхан Тоқсанбайқызы

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Әбіш Кекілбаев "Шыңырау",

"Құдық қазу-ата кәсіп" (шығармашылық жұмыс)

Мақсаты

Сыни тұрғыдан ойлай білу.

Топта бір-бірімен қарым-қатынас жасау арқылы, тығырықтан шығу үшін жол табу, жылдам сұрақ қоя білу.

Сретті сөйлетіп, сол сурет бойынша сыни тұрғыда әңгіме құрастыра білу.

Күтілетін нәтижелер

Ойын ашық айта біледі.

Құрдастарымен қарым-қатынасқа еркін түсе алады.

Әр түрлі жағдаяттардан шығатын жол таба біледі. Ойын сөйлеу кезінде ашық айта алады.

Керекті жабдықтар


Мультимедиялық кабинет, смайликтер, бағалау қағаздары, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, тапсырмалар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үзіліс кезінде оқушыларды тренинг арқылы 3 топқа бөлу. Ұлттық кәсіп түрлеріне байланысты бөлу.

1. Бүркітші -1-топ

2. Аңшы-2-топ

3. Құдықшы- 3 - топ

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

2. Сабағымызды бастамас бұрын, сергіту жасап алайық.

3. Бірге ойлаймыз. Топ ережесін құру


4.Үй тапсырмасын тексеру: Неге?

Неге сұрағын қоя отырып, өткен сабақты қайталау, әрі жылдам ойлауға, тез әрекет жасауға, сыни ойлауға бағыттау.

Жұмыс алгоритмі: Оқушылар дөңгеленіп тұрады, мұғалім ортада өткен сабақ бойынша бір сұрақ Неге? деп қояды, оқушы жауап береді, 2-оқушы сол жауапқа байланысты тағы бір сұрақ қояды, 3-оқушы жауап береді солай кете береді, мұғалім өзі тоқтатуды қажет деп санағанынша.


Оқушылар осы қима қағаздарда салынған сурет бойынша 3 топқа бөлінеді.


Мұғаліммен амандасады.

Сергіту сәтін өткізеді.

Оқушылар, яғни 3 топ әрқайсысяы жеке топ ережесін құрады. Оны ортада шығып қорғайды.Ол үшін 5 минут уақыт беремін. Бұл оқушылардың сабаққа деген ынтасын, бірлесіп жұмыс жасаудың алгоритмін ұғынып, түсінеді, қажеттігін анықтайды,қызығушылығын арттырады.

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді, олар бір-біріне тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарын қояды.

Негізгі бөлім


5. "Суретші" стратегиясы:

Алгоритмі-

Сөз жазбай әңгіме бойынша сурет салу (өздеріне ұнаған эпизодтан алуға болады)

Суретті әр топтан 1 бала шығып қорғайды

7. "Инь-Янь" стратегиясы:

(Өмірдің екі жағы бар екенін дәлелдеп, сурет бойынша әңгімеге қатысы жоқ 5 сөйлемді әңгіме құрастырады.


8. "Карусел" стратегиясы

Адам кез келген ситуациядан (жағдайдан) қарым-қатынас жасап, тығырықтан жол таба білу керек, сұрақтар қоя білу керек.

Жұмыс жүргізу алгоритмі:

Оқушылар ішкі шеңбер мен сыртқы шеңбер жасап тұру керек.

1. Ішкі шеңбер сабақ оқымай келген оқушы, сыртқы шеңбер мұғалім.

2. Ішкі шеңбер ата-ана, Сыртқы шеңбер сабақтан екі алып келген оқушы.

9. Ассоциация құру

1-топ: Құдықшы

2- топ: Кәсіп

3-топ: Су

Осы сөзді естігенде ең бірінші ойға не келеді?

Постерге жазып, қорғау.

Оқушылар оқыған "Шыңырау" әңгімесі бойынша өздеріне ұнаған бөлімнен сурет салып қорғайды. Сөз жазбай, тек қана суретті сөйлету керек.

Менің мақсатым- суреттегі мысалдар арқылы оқушылардың өздеріне ойдан ой шығару жолын анықтату, ойландыру, іздендіру.


Оқушылар қарым-қатынас жасап, тығырықтан жол таба білуді үйренеді, сұрақтар қоюды үйренеді, тапқырлыққа төселеді.


Салыстырады, байланыстырады, мағынасы жақын сөздерді топтастырады.


Қорытынды


10)Бағалау: Сабақ барысындағы жұмыстанры бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

11)Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________

(рефлексия парақтарына түсіреді)

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Оқушылар бағаланады.


Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақта 7 модульді ықпалдастыру үшін 45 минут уақыт аздық етеді. Сондықтан да сабақ барысында сюжеттік суреттер топтамасы бойынша шығармашылық тапсырманы ауызша орындату керек екен. Сондай-ақ, рефлекция парақтарын толтыру үшін оқушыларға уақыт жетпей қалды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал