- Учителю
- Ашық сабақ. Сәбит Мұқанов.
Ашық сабақ. Сәбит Мұқанов.
Күні:
Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Лашын»
Мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Лашын» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушыларға шығарманы оқыта отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның қаламынан туған «Лашын» әңгімесінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау стратегиясы, екі жақты түсіндірмелі күнделік, кейіпкерге хат.
Қолданылған технология: СТО жобасындағы сабақ
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
-
Үй тапсырмасын тексеру. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы. «Ақын қонақтар»
-
Үй жұмысын бекіту: Кластер
Жазушы
Драматург
Тұңғыш режиссер
Екінші Абай
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
(1907-1961)
Аудармашы
Ірі суреткер
Зерттеуші
Академик профессор
Ғалым
Қазақстандағы тұңғыш футбол командасының ойыншысы
Ойшыл
-
Жаңа сабақ.
Сәбит Мұқанов «Лашын»
Жылдар
Елеулі оқиғалар
1900ж
Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
1922ж
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқиды.
1926ж
«Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазады.
1926-1928жж
«Еңбекші қазақ» газетінде қызмет етеді.
1935ж
Мәскеудегі қызыл продессура институтында оқып, бітіріп шығады.
1935ж
«Майға салем», «Ақ аю» поэмаларын жазады.
1935ж
«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істейді.
1937ж
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді.
1947-1963жж
Жоғары Кеңестің депутаты
1960ж
Ленин орденімен награтталған.
1973ж
Дүниеден озды.
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы
Поэзиясы Прозасы Пьесасы «Шоқан Уәлиханов»
Жазушының өз өмірбаяны бойынша жазған шығармасы- мемуарлық роман деп атайды. М: Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі».
«Лашын» әңгімесін- мәнерлеп оқып, мазмұндау. Жоспар құру.
Сұрақтар:
-
Балғабай Ахмет туралы қалай әңгімеледі?
-
Лашын құсты қалай сипаттады?
-
Ахмет неге құс аулауға шілде айында шығады?
Үйге тапсырма:
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы, «Лашын» әңгімесін оқып, талдау.
«Лашын құсты үйрекке салу» тақырыбына шығарма жазу.
Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушылардың білімдерін бағалау.