- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов Ана, Аруанаөлеңі
Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергенов Ана, Аруанаөлеңі
Күні: 05.04.16 ж, Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің «Ана» , «Аруана»өлеңі
Сабақтың мақсаты: а)қазақ халқыныңбіртуар ақыны- Т. Айбергенов өмірі мен
шығармашылығынан мағлұмат беру,
өлеңді оқыта отырып идеялық мазмұнын ұғындыру.
ә)өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық
шығармаларды талдау дағдысын қалыптастыру,тілін
дамытып, мәнерлеп оқуға, шығармашылыққа баулу;
б) жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықты сіңіру,ұлы
мұраттар жолында еңбек етуге,ізденімпаздыққа,ананы
құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойтолғау,шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын бейнесі,жыр жинақтары бойынша көрме,естеліктер,ақынның өзіндік бес ерекшелігі, аудио және бейнетаспа т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару,топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныптан тыс оқу. Ш.Айтматов «Ай мен Айша» повесін оқу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ол» деп отырғаным - Төлеген Айбергенов,асқақ үнді ақын,біртума талант.
Мен марттағы найзағай күркірімін,
Құрманғазы күйінің бір тілімін.
Менің жаным саясын паналаған
Дүниедегі бар қыздың кірпігінің, - деп өзі жырлағандай,сегізінші наурыз - қазақ поэзиясы үшін де үлкен мереке,жыр мерекесі.
Өмірдерек.
Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде туған.1959 жылы Ташкенттегі Низами атындағы пединститутты бітірген соң туған жерінде 3 жыл мұғалім болып жұмыс істейді.
1962- 1965 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында орта мектептедиретор болып қызмет атқарады. Өз жолының ақындық жол екенін түсінген ақын арман қуып Алматыға келеді. Алғашқы өлеңдері 1957 жылы газет - журналдарда жарық көре бастайды. Оның найзағай отындай жарқ еткен жырлары поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Оның өлеңдері өмірге деген от -жалын құштарлығымен, жасампаз ойларымен көзге түседі. 30 жылдық өмірінде оның «Арман сапары», «Өмірге саяхат» жинақтары көзі тірісінде басылып шықты. Ал , «Жас дәурен», «Құмдағы мұнаралар», «Мен саған ғашық едім», «Бақтағы саяхат» атты жыр жинақтарын жазып қалдырды.
-
- Ал енді,балалар,Төлеген жайлы естеліктер не дейді? Олармен өзіміз танысып,ойларымызды ортаға салайық.
Әр топ араларыңыздан жетекші сайлаңыздар.Сонан соң топ жетекшілері естеліктерді өз тобымен оқып,өзге топтармен ой бөліссін.
І топ. Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың естелігі.
Мен Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз - жер сұлуы Бостандық еді.Әлі есімде ол - кез соғыстан кейінгі жылдар еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем екеумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын. Бірде Төлегеннің аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып, әбден тозығы жеткендіктен аяғына ілуге келмей қалды.
Оны байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен соқыр көңіл қимады. Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке айналды.
ІІ топ. Ақынның қолтаңбасы (Ханбибі Есенғараеваның естелігі).
Мектепте оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып бардым.Өзімді таныстырып, келген шаруамның жайын баяндадым.
-
Өй,айналайын,өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің ғой! - деп редактор жылы тіл қатты.
-
Жолың болады екен,қарағым.Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да бүгін біздің редакцияға бас сұққан екен,өлеңдерді көрсетіп ал, - деді.Ақын аға маған қадалып бір қарады да:
-
Өлеңдеріңді әкелші! - деді.
Менің талай күн жазған өлеңімді қас қағымда-ақ парақтап шықты.
- Мынауың үлкен арнаның бастауы сияқты екен,қарағым, - деп өлең дәптерімнің ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.Аз-кем уақыттан соң өлеңмен жазылған қолтаңбасын қалдырды.
Сен шыққан биік жоқ әлі.
Сен шықпақ биік жоғары.
Қайралмай жатқан жас талант
Қиып түссем деп соғады, - деп қолын қойды.
І топ. Ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер кітабынан.
1965 жылы Мұқағали қасында бұйра бас,сіріңке қара,арықша бір жігіт бар, редакцияға келді.Әлгі жігітті «Сарыағаштық Төлеген Айбергенов» деп таныстырды да Төлегенге:
- Бір өлең оқып жіберші, - деп өтініш білдірді.
Төлеген орнынан тұрып, «Әнші Ғарекеңе» деген ұзақ өлеңін жатқа оқыды.Менің таң қалғаным: өз өлеңін жатқа оқыған ақынды алғаш рет көруім.
Мұқағали тұрып:
- Бұл бір болайын деп тұрған ақын.Бұл да Алматыға келгісі кеп, пәтер, жұмыс іздеп жүр.Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басынан аяғына,аяғынан басына қарай жатқа оқи береді. Мұның анау бұйра шашының астында Сократтың басы жатыр, - деді. (Естеліктер. «Жалын», 1995 жыл, 129-бет)
IІ топ. Ақын Тынышбай Рақымовтың естелігі
Төлегеннің Әбіш ағаға «Бір-екі ақынды ертіп бүгін-ертең Қарақалпақстанға жүрмекпін» дегені бар еді ғой.Сол «бір-екі ақынның» біреуі Мұқағали Мақатаев болған.Бұрыннан науқастылау боп жүрген Төлеген Нөкіске барған бойда қатты ауырып, ауруханаға түскен. Іштегі соңғы жалын жігер ақынды төсектен тұрғызып,ауырып жүрсе де, Мұқағалиды жалғыз жібермей,кездесулерге бірге барып,шалқыған шабыт қанатында өлеңдерін оқып жүрген. Ақыры үлкен қайғымен біткен.Қазақтың ақын перзенті Төлеген Айбергенов Нөкіс қаласында Мұқағалидың қолында дерлік мәңгілікке көз жұмған ...
Нағыз трагедия! Мұқағалидың қолынан бар келгені,әрине,Алматыға, Қазақстан Жазушылар одағына хабар берді.Ал бізге айтқаны:
Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты,
Аузында ажал дейтін сұрапылдың ...
Ол көзімен көргенді айтудан басқаға шарасы болмады.Бұл 1967 жылдың 29-тамызы еді.
Сыныпты екіге бөліп тапсырма беру
-
Оқулықпен жұмыс.
«Ана» өлеңін оқып талдау.
Өлең құрылысына талдау: ұйқас,буын,тармақ,бунақ. (Өлеңді дәптерге жаздырып талдату).
-
Ой толғау.Өлеңге сүйене отырып ана жайлы ой бөлісейік.
-
Ақынның анаға деген махаббатына қандай үн қосар едің?
-
4. Қолдану. Ананы қызметіне , туыстық қатынасына, қасиетіне қарай жіктеу.
Топтастыру.Ана кім?
Сергіту сәті. «Ана» тақырыбына мақал - мәтел айту.
-
Ананың сүті -бал,
Баланың тілі -бал.
-
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
-
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
-
Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
-
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Түсіну: «Аруана- бауыр дүние» атты өлеңімен таныстыру, мәнерлеп
оқу, оқи отыра мазмұнын түсіну. Әр топ өз ойын ортаға салады, пікір
алмасады.
Талдау: Өлең құрылысына қарай талдау
Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп,
Қаралы мойнын қайтадан артқа бармастай халге келтіріп.
Жеріне тартып отырады екен, моншақтап жасы боздаумен,
Омырауын шерге толтырып.
1-тапсырма: Өлең құрылысына талдау
1 шумақ, 4 тармақ, 19 буыннан, 4 жолдан тұратын, қара өлең
ұйқасты өлең.
Жинақтау: Оқушылар әркелкі көзқарастарын байланыстыра отырып, осы
өлеңді қарасөзге айналдырып жазады. Ортада оқу.
Бағалау: Оқушылар өз ойларын, жұмыстарын бағалайды. Жаңа
білімімізді қорытындылай келе әр топпен жұмыс жүргіземіз.
2 -тапсырма:
Осыған ұқсас шығармаларды еске түсіріп, Венн диаграммасы бойынша
салыстырады.
3 -тапсырма :Бес жолды өлең жазады.
4- тапсырма: «Туған жер- алтын бесігім» атты ой толғау жазады.
Аяқтай келе мұғалім Т. Айбергеновтың қызымен таныстырады және де
Жаңаөзенде ақынның атына берілген көше туралы, ашылайын деп жатқан
мектеп туралы мәлімет береді.
ІҮ. Бекіту. «Тілек ағашы» Аналарына, туған жерге арнап тілек жапсыру.
Мен марттағы найзағай күркірімін ...
Ү. Үй тапсырмасы. Өлеңді жаттау. «Ана - барлық көркемдіктің үлгісі» тақырыбына эссе жазу.
ҮІ.Бағалау. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер де бар.Соның бірі «Ақ ерке - Ақжайық» әнін тыңдап,алдарыңыздағы ән мәтініне сүйеніп,қосылып отырайық!
Әр топ бағалау парақшалары бойынша өзін-өзі бағалайды.