7


  • Учителю
  • Су.Дауысты дыбыстар тақырыбында қазақ тілінен сабақ жоспары.

Су.Дауысты дыбыстар тақырыбында қазақ тілінен сабақ жоспары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Су.Дауысты дыбыстар.

Мақсаты: Судың құрамы, түрлері, пайдасы туралы айту..Дауысты дыбыстарды түсіндіру. Суды үнемді пайдалануға үйрету.Сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: кестелер, грамматикалық анықтағыш

Пәнаралық байланыс: география, орыс тілі, химия

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

Кірме тест алу

ІІІ Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

2. «ББҮ» кестесі2) Мағынаны тану. Су туралы мақал-мәтелдер оқып оның мағынасын түсіндіру.

1.Ағын су арнасын табады.



2.Ағын су бал татыр,

Ақ шабағы май татыр.



3.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.



4.Ақ қар көп болса - ақ нан көп.



5.Ақпаса су бұзылады.



6.Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.



7.Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.



8.Арық қазбасаң су келмейді.



9.Бұлағы болмаса өзен де саркылар.



10.Бұлақ көрсең көзін аш.



2. Үш жақты күнделікЖаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға







3. Мәтінмен жұмыс

Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

1.Жаңа сөздермен танысу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сұрақтар дайындау.

Грамматика.

Дауысты дыбыстар

Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э

Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және жіңішке, ашық</</font> және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:

Жуан: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.

Жақтың

қатысына қарай:

Ашық: а, ә, о, ө, е, э.

Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.

Еріннің

қатысына қарай:

Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э.



Оқулықта берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жүрек,аю,аялдама,балапан,кемпірқосақ.

4.Үйге тапсырма

3 сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты дыбыстарды жаттап келу

ІҮ. Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларға өз бағасын беру.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал