7


  • Учителю
  • Планирование урока тема Домбыра үйірмесінде для 3 класса

Планирование урока тема Домбыра үйірмесінде для 3 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

07 желтоқсан, 2016 жыл, 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра үйірмесі»

Мақсаты: 1 Оқушыларды қазақ халқының музыкасын, мәдениеті

мен өнерін түсініп, ол жайында айта білуге дағдыландыру.

2 Оқушылардың таным қызметін түзету, ой-өрісін

жетілдіру, еске сақтау қабілетін дамыту;

3 Оқушы бойына өнер мен музыканың тығыз байланысын,

көңіл хош болса барлық қиындықтар өзінен - өзі шешіле

беретінін жеткізу, соған тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік құралдар: Домбыра, күйтабақ, компьютер, қазақ тіліне тән дыбыстар, карточкалар, сызбалар.

Сабақ жоспары:

І кезең Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу, сыныптын назарын конактарга аудару, шабыттандыру

  2. Эмблемалар бойынша сыныпты топтарға бөлу

  3. Психологиялық қолдау шеңбері «Жүректен жерекке бір тілек»

ІІ кезең Үй тапсырмасын тексеру: сөздерді карточкадан аудару, өзара тексеру, дұрыс жауабы тақтаның артына жасырылган

Домбыра тартқан - играли на домбре

Жасайды - делают

Шебер - мастер

Шеберхана - мастерская

Қымбат - дорогой

Қазына - сокровища

Ықпал етеді - влияет

ІІІ кезең Жаңа сабақ

а) (Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар тақтадағы слайдтар көмегімен табатын болады, мұғалім оқушылар жауабынан тақырып атауын шығарады)

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,

Қасым Аманжолов



Тыңдалым әрекеті

Халық арасында кеңінен тараған ең танымал аспап - домбыра аспабы. Домбырада әртүрлі музыкалық шығармалар орындалады. Ән, күй, терме, жыр, толғау, тіпті классикалық шығармаларды да орындауға болады.

Бұрын ел арасында небір әнші, жыршылар мен күйшілер өмір сүрген. Олар ел аралап, домбырамен тойларда ән салып, халықтың көңілін көтерген. Домбырадан төгілген күй адамға рух беріп, еңсесін көтерген екен. Аты аңызға айналған ержүрек батыр Махамбет те домбырада ән салып, күй тарта білген. Күй өнерінің негізін Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Тәттімбеттер қалаған.

б) (Жаңа сабақтың мақсаты оқушылар тақтадағы слайдтар көмегімен табатын болады, мұғалім оқушылар жауабынан сабаққа мақсат қояды)

айтылым әрекеті

1 тапсырма Мәтінмен жұмыс /уақытқа тапсырма беріледі, қай топ дұрыс әрі бірінші боп аяқтаса сол топ жеңіп шығады/Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар.

Домбыраның басы, құлақтары, пернелері, мойыны, бетқақпағы, ілгек және ішектері бар.

Берілген сұрақтарға мәтінен жауап тауып, топ ішінен екі бала диалог құрастырып оқиды

  • Домбыраны қалай тарта беруге болады?

  • Домбыра қандай қазына?

  • Домбыраны қалай жасайды?

  • Кімдер домбырамен ән айтады?

  • Домбыра не үшін керек?

  • Кімдер күй тартқан?

- Домбыраның бөліктерін атап айт

- Қазіргі кезде домбыраның қанша түрі бар?

жазылым әрекеті

Қазақ тіліне тән дыбыстарға байланысты оқушылар сөздер айтады, дәптерлеріне сөздік диктант етіп жазады. Өзара тексереді.



Сергіту

Буратино созылды

Бір еңкейді

Екі еңкейді

Қолын жанға созды

Жүрді, жүрді,жүрді



ІІІ кезең алған білімді бекіту, тақтаға кезекпен оқушылар жазады, отырған оқушылар дәптерлеріне жазады.

Домбыра - неге (еңбекқорлыққа) үйретеді.Домбыра - неге (жарысу мен таласуға) баулиды. Домбыра - қандай (ұлттық) символ.

Оқушылардың орындауында «Қошақаным» әні»

Мұғалімнің домбыра көмегімен орындалатын «Қазақ осы» әні

ІY кезең Қоырытындылау

  • Не білдік?

  • Не білгіміз келеді?

  • Мақсатқа жеттік пе?



Y кезең Бағалау/ бағалау парағы бойынша топ басшыларының көмегімен жүзеге асады.



YІ кезең Үй тапсырмасы Қазақстанның домбыра орындаушыларының аттарын жазып келу /10 сөз/



  • Сау болыңдар

  • Назарыңызға рахмет!

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал