7


  • Учителю
  • Поурочный план по теме 'Мұхтар Әуезов' (8 класс)

Поурочный план по теме 'Мұхтар Әуезов' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мұхтар Әуезов «Қараш - Қараш оқиғасы»

(8 - сынып)


Сабақтың мақсаты: а) білімділік: «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіне

әдеби талдау

ә) дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын

қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау

қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз

ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп отыруға

ықпал ету.

б) тәрбиелік: Бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа,

адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Өтілген материалды қорыту.

Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, бекіту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, пікірсайыс,

іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуция

туғызу, сурет галереясы.


Көрнекілігі: Сызба кестелер, суреттер, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау. М.Әуезов «Қараш-Қараш

оқиғасы» VIІ, VIII тарау. Сурет салу.

3. Үй тапсырмасын қорыту.

4. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту

1. Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы дегеніміз не?

2. «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы мен идеясы не?

«Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің тақырыбы - ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

Ал, идеясы - жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып, оның күресі арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсету.

ІІ. Мағынаны тану

Өткен сабақта сынып оқушыларын үш топқа яғни, «Тарихшылар», «Әдебиетшілер», «Тілшілер» деп бөліп, тапсырмалар берген болатынбыз.

  1. «Тарихшылар»

Прототип - өмірде болған, бар адамды басқа есіммен көркем шығармада суреттеу.

Бақтығұл -өмірдегі Рысқұл Жылқайдарұлы, Тектіғұл - Молдабек Жылқайдарұлы, Жарасбай - Саймасай Үшкемпіров, Сейіт - Тұрар Рысқұлов, Бәтима - Түйметай Рысқұлова.

Шалқар болысы - Талғар болысы, Бүрген болысы - Түрген болысы.

Рысқұл Жылқайдарұлы Шығыс Талғар болысы Саймасай Үшкемпіровті тап күресінің тартысында Қараш тауының құзды қиясында атып өлтіреді. Осы қылмысы үшін Сахалин аралына 10 жылға жер аударылады.

  1. «Әдебиетшілер».

Кейіпкерлері: Бақтығұл, Тектіғұл, Қатша, Сейіт, Бәтима, Жұматай, Сәлмен, Сәт, Жарасбай, Қоқыш.

Портрет. Інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі толыстай дейтін, қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді.

Пейзаж. Талғардың сайды құлдап, тар шатқа тығылып, тік еңісте суық дыбыспен құлап ағатын жері. Қазанда қатты қайнаған судай, өне бойымен түгел бұрқылдап, қайнап жатқан сияқты. Ұзақ бойы түгелімен бұрқ-сарқ етіп тасиды.

Теңеу. Қой торыған бөрідей, ұршықтай үйірілген, кескен теректей.

Монолог. Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау) Жалғыз рет тұяқ серіпкен қарсылығын. Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді! Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Қорған таппай, тірлік жоқ болды ғой.

  1. «Тілшілер».

Мақал-мәтел. «Ер арыса - аруақ,

Ат арыса - тулақ».

Сөздік жұмысы.

Қалжа. Босанған әйелге я аурудан айыға бастаған адамға жегізуге арнап сойылған мал.

Мес. Сұйық тамақ құю үшін бітеу сойылған ешкі терісінен жасалған ыдыс.

Малта. Құрттың езіліп кішірейтілген қалдығы.

Барымта. Кектеніп жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алу.

Дисфемизм. Қуарғырлар, адыра қал, жаның шықсын. Қуарған Қозыбақ, Құдай төбеңнен ұрсын!

Жер-су атаулары: Қозыбақ, Шалқар, Сарымсақты, Бүрген, Жаныс, Орал, Талғар, Шегеті, Қараш-Қараш.

ІІ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

  1. Шығарманың басталуы: Тектіғұлдың төсекке таңылуы.

  2. Дамуы: Бақтығұлдың Сәлменнен қалжа сұрауы, ішкі ойы.

  3. Байланысуы: Кек жолы.

  4. Шиеленісуі: Қуғыншылардың үстінен түсуі. Сатқындық.

  5. Шарықтау шегі: Бақтығұлдың қашып құтылуы.

  6. Шешімі: Жарасбайды өлтіруі.

  7. Қорытынды: Сергіп, жеңілдеген көңіл.

ІІІ. - Балалар, сабағымыздың жаңа кезеңі - пікірсайыс.

  1. Ұрлық жасау дұрыс па?

  2. Бақтығұл қателесті ме?

  3. Повесті оқығанда қандай сезімде болдың?

  4. Қуғыншылар келген кезеңдегі Сейіттің әрекетінен нені аңғаруға болады?

  5. Повестегі болыс, билердің бейнесін Абайдың қандай өлеңдері аша түседі?

  6. Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруі дұрыс па? Адам өлтіру қылмыс емес пе?

  7. Бүгінгі өмірде Бақтығұл сияқты қоғамнан әділетсіздік көрген адамдар бар ма?


IV. Сабақты қорыту: Шығармадағы оқиғаларды, кейіпкерлер іс-әрекетін қандай мақал-мәтелмен түйіндеуге болады?


ІІІ. Ой толғаныс.

  1. «Тарихшылар» тобына. «Кейіпкерге хат».

Шығармадағы кез-келген бір кейіпкерге хат жазу.

  1. «Әдебиетшілер» тобына.

Шығарманың өн бойынан байқаған адам бойындағы жақсы қасиеттерді топтастыру.





ІІІ. «Тілшілер» тобына.

Шығармадағы кейіпкерлер бойынан байқаған жаман қасиеттерді топтастыру.





VIII.Үйге тапсырма.

«Ер намысы - ел намысы» (шығарма)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал