7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку по теме Менің туған жерім

Урок по казахскому языку по теме Менің туған жерім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары 6-бөлім Салт-дәстүрлер және ауыз әдебиеті 1-сабақМектебі: №31 орта мектеп

Күні, айы

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабаева Сымбат Канатовна

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.

1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім?не?қандай?қанша/неше?) сұрақ қоя білу.

1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен қ әрпі кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Өзінің қайда тұратынын айта алады және Қазақстандағы екі үлкен қала туралы тақпақтың мазмұнын түсінеді, қ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады, қ дыбысын меңгереді.

Кейбір оқушылар:

Өздерінің туған жері туралы қосымша ақпарат бере алады, қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Туған жер туралы біледі

  4. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  5. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор

-суреттерді ажыратады

-берілген түстерді ажыратады

-сөздердің мағынасын түсінеді

-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.







Аудиодиск





Оқулық





А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар































№2 жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(6-40минут)





*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс



(МК, Ұ)Мұғалім оқушыларға туған жер сөзінің мағынасын түсіндіреді. 1-тапсырма бойынша Қазақстандағы екі үлкен қала Алматы мен Астана туралы ақпарат береді.Оқушылар сурет бойынша қалаларды тауып атайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларға «Менің туған жерім - Қазақстан.Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлем үлгілерімен таныстырады. Оқушылар өздерінің Қазақстанда тұратындарын айта алуды үйренеді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар «Менің туған жерім - Қазақстан» деген сөйлемді қайталайды, сондай-ақ мұғалім оқушыларға тұрамынсөзінің болымсыз түрін(тұрмаймын) түсіндіреді. Оқушылар кесте бойынша тұрамын,тұрмаймын сөзін қолданады. «Мен Қазақстанда тұрамын» деген сөйлемді оқушылардың бәрі айтады, ал Алматы, Астана қаласы туралы айтқанда оқушылар шынайы жауап береді.Мысалы: «Мен Астанада тұрамын» немесе «Мен Астанада тұрмаймын».(МК, Ұ)4-тапсырмада оқушылар «Сен Алматыда (Астанада/Қазақстанда) тұрасың ба?» деген сұраққа жауап бере алуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша оқушылар жұппен сөйлеседі.

(МК, Ұ) 5-тапсырмада мұғалім оқушыларды Қазақстандағы екі үлкен қала туралы «Алматы мен Астана» деген өлеңмен таныстырады: Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы,

Ақ басты тауы бар -

Алматы қаласы.

(С.Оспан)

Сабақта өлеңді тыңдау, хормен және жеке-жеке қайталау жұмыстары жүргізіледі.

(ОТ) Сабақтың соңында оқушылар «Менің туған жерім» деген тақырыпта сурет салу арқылы өздерінің туған жерге деген сезімін білдіре алады.

(МК,Ұ) Мұғалім қ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Алмабектің қ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды қ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден қ дыбысының айтылуын және қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға қ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.

Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар қ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады.Мұғалім қ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді.

Қ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.

Олар:қарындаш, қасқыр, қара. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға қ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Қанат т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім?не? неше? қандай?), мұғалім қ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: қарындаш (не?), қасқыр (не?), қара (қандай?), Қанат (кім?).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

</<font face="Times New Roman, serif">Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ)Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой - пікірлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағ сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгерту енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қoрытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал