- Учителю
- Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Қазақ әдебиеті Абай Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Күні:02.12.2014жыл.
Сыныбы:8
Пәні: Қазақ әдебиеті.
Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әңгіменің мазмұнымен танысу, жан-жақты талдау жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу:
Тәрбиелік: Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Дамытушылық: :шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, кесте.
Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу.
2 .Бір-біріне тілек айту. «Жүректен-жүрекке»(тренинг).
3.Топқа бөлу(қыран мен тұлпар арқылы)
2.Үй тапсырмасын сұрау.Абай Құнабайұлы туралы мәлімет жинау (Бейнекөрініс).
2.Жаңа сабақ: Абай Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы.Классикалық музыка қосылады. 4-оқушы кезекпен кезек оқиды.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы.
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тындаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі аят, хадис-сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мінәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы .
Іші алатын, сырты күміс сөз жақсысын.
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Ақындарды ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елдің өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді солар даңдақ.
Ескі биші отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяндап.
Батырды айтсам ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап ,
Әншейін күн өткізбек әңгімеге
Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап.
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап.
Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.
Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.
Амалдап қарағайды талға жалғап,
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.
Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,
Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.
Мал жиіп арамдықпен ұрлап-қарлап,
Қусын десе, қуанып жүр алшаңдап.
Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,
Елдің байын еліртіп жау мұндалап.
Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап-
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді,
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Ұйымдастыру кезеңі
1.Топқа ат қою.
2.Топтың ұраны.
3.Сөздікпен жұмыс.
4.Өлеңмен жұмыс.
5. 5 жол өлең жазу.
6.Инсерт кестесін толтыру.
I-кезең.
Топтын аты ұраны
1.1-топтын аты-Қыран.
Ұраны-
2.2-топтын аты-Тұлпар.
Ұраны-
II-кезең
Cөздікпен жұмыс
Қыран тобы.
Даңдақ-мәнсіз, бос сөз.
Надан-пайымсыз, қаранғы білімсіз.
Тұлпар тобы.
Кісімсін-өзін-өзі жоғары ұстап менсінбеу.
Ынсап-қанағат,тойымдылық, ұят, ар-намыс.
III-кезең.
Өлеңмен жұмыс.
1.Өлеңнің авторы.
2.Идеясы мен тақырыбы.
3.Ауыспалы мағыналы сөздер.
4.Көркемдегіш сөздер.
5.Қанша шумақ.
6.Қанша тармақ.
7.Қанша бунақ.
8.Қанша буын.
9.Қанша ұйқас.
Қыран тобы
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы.
Ол ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тындаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы
Тұлпар тобы
Әуелі аят, хадис-сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мінәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.
IV-кезең.
5-жол өлең жазу.
1.Зат есім.
2.Сын есім.
3.Етістік.
4.Синоним.
5.Сөйлем.
V-кезең.
Бекіту
INSERT кестесіБілемін
Білдім
Білгім келеді
VI-кезең.
Үйге тапсырма
Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы үзіндісін жаттап келу.
VII-кезең.
Қорытынды.
Рефлексия.
- Оқушылар, бүгінгі сабақ өздеріңе ұнады ма?
- Бүгінгі сабақта алған әсерлеріңді алдарыңдағы көңіл күйді
білдіретін суреттермен (смайликтермен) көрсетіңдер.
Қатысқан топтарды марапаттау.