7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему ' Сан есім' 6 класс

Урок по казахскому языку на тему ' Сан есім' 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сан есім және оның түрлері (қайталау сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Сан есімнен өткенді қайталай отырып, алған білімдерін

пысықтау.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, мақал-мәтел,жұмбақ

арқылы оқушылардың алған білімін байқау, сөз

қорын молайту, ақыл-ойын дамыту, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу.

2.Топпен жұмыс істеу,оқушыларды өз бетімен

ойлануға,ізденуге,халықтық педагогиканы қолдана отырып, шығармашылық қабілетін дамытуға

бағыт-бағдар беру,сан есімдерді мемлекеттік тілде

сауатты жазуға үйрету.

3.Оқушыларды өзара сыйластыққа үйрету,ынтымақтас-

тыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау арқылы білімді бекіту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ, топтық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,топтық жарыс,

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих, ән, шешендік сөздер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау,оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Қызығушылығын ояту.

Сұрақ-жауап

1.Сөз таптарын тіл білімінің қай саласы зерттейді?

2.Сөз таптары өзара нешеге бөлінеді?

ІІІ.Топтастыру стратегиясы бойыншасоз таптарын жаздырту.

Сөз таптары

Бүгінгі сабағымыз- сан есімнен өткенді қайталау сабағы, әдеттегіден тыс сабақ, топпен жұмыс, жарыс түрінде, әдебиетпен, тарихпен, халықтық педагогикамен тығыз байланысты өтеді.

І. Үш қатарды 3 топқа бөліп, әр топқа ат беру.

  1. Кіші жүз- тапқырлар.

  2. Орта жүз-білгіштер.

  3. Ұлы жүз-алғырлар.

Әділқазылар алқасын сайлаймыз. Үш жүзден 3 би сайланады: Әйтеке би, Қазбек би,

Төле би.

ІІ. Бүгінгі сабағымызда халқымыз ертеден қолданып келе жатқан қасиетті, киелі сандарға байланысты не білеміз? Халық педагогикасында қасиетті сандарға қандай сандар жатады, қандай ұғымдарды білесіңдер?-деп бастап кетеміз.

3,4,5,7.9,10,40,100 т.б.

Ақылсыз адым баспайсың,

Ақылға сай талабың болмаса.

Жалғыз ақылмен алысқа аспайсың, Жақсы сөз -жарым ырыс,

Малсыз тірлік жоқ , Жақсы кәсіп- анық ырыс,

Білімсіз бірлік жоқ,

Білімің болмаса

Ендеше, «Шешен сөзі - дананың көзі,» -деп, 3 топпен жарысты бастаймыз.

Жеті атасын білмегенді жетесіз,- дейді,

Жеті руды білмегенді, жер көріп, ел танымаған ессіз,- дейді,

Жеті жарғыны білмегенді жөнсіз,- дейді.

Жеті құбыланы білмегенді көкірек -көзсіз,-дейді,

Жеті жақсыны білмегенді жаман,-дейді,

Жеті жаманды білмегенді надан ,-дейді.

Жеті жетімді білмегенді арзан дейді, Жеті жетіні білгенді адам,- дейді.

ІІІ. Үш топқа қасиетті сандарға байланысты тапсырмалар береміз. «Бәйге» жарысы.

  1. Топқа- 7 саны ; 2- топқа -5 саны; 3 - топқа - 3 саны.

Жеті қазына Жеті күн Жеті ғашық

Сұлу әйел Дүйсенбі «Ләйлі-Мәжнүн», «Фархат-Шырын,

Жүйрік ат Сейсенбі «Сейфүл-Мәлік», «Жүсіп-Зылиқа»,

Құмай тазы Сәрсенбі «Қорлы- Ғайын» т.б.

Берен мылтық Бейсенбі

Ер жігіт Жұма

Қыран бүркіт Сенбі

Жексенбі

  • Қане кім жеті жетімді, жеті жарғыны айтып береді?

  • Жеті атасын кім біледі?

  • Бөлтірік шешеннің 7 санына байланысты айтқан шешендік сөзін кім біледі?

1 оқушы

Жеті атаңды біл,

Жеті руды біл.

Жеті жарғыны біл

Жеті құбыланы біл.

Жеті жақсыны біл.

Жеті жаманды біл.

Жеті жетімді біл.

  • Тағы кімнің қосары бар?

  1. Оқушы

Бөлтірік шешен мен Сыпатай арасынан қыл өтпейтін тату дос болады.Бір күні сөз үстінде Сыпатай Бөлтірікке «Жеті жетім» бар дейді соны айтып берші,- дейді.Сонда Бөлтірік:

  • Аспаннан жауын жаумаса, жер жетім,

  • Басшысы болмаса ел жетім.

  • Елінен айрылған ер жетім,

  • Аққу-қазсыз көл жетім

  • Тыңдалмаған сөз жетім,

  • Киюсіз қалған тон жетім,

  • Замандассыз қалған шал жетім,-дейді.

Жеті жұт, жеті жақсы т.б туралып айту.

ІY. Ал , келесі топ «бес» санына байланысты не тапты екен?

«Ер қаруы- бес қару» деген: шоқпар, садақ, найза, қылыш, айбалта.

  • Ұлы ақын Абайдың қай өлеңінде «бес» саныны байланысты айтылған өлең жолдарын кім айтады?

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.Бес дұшпанға: еріншек, бекер мал шашпақ, өсек, өтірік, мақтаншақ.

Осылай 5 санына байланысты да кете береді.

Үшінші топтың тапсырмалары дәл осындай етіп тапқан.

«Үш» санына байланысты ұғымдар:

Үш жұрт

Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты

Үш тәтті

Жан тәтті, мал тәтті, нан тәтті.



Үш арсыз

Ұйқы, күлкі, тамақ

Үш жүз

Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.

Үш би

Әйтеке би, Қазбек би, Төле би.

Y. Келесі, қоржыннан карточка алу, 3 топқа 3 түрлі тапсырма берілген.

  1. «Біздің мектеп» 2. «Біздің класс» 3.»Біздің жанұя»

деген тақырыптарға шағын әңгіме жазу, оқыту.

Келесі тапсырма:

1.Сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтып жарысу, әр топқа 5 мақалдан.

2. «Жалғасын тап» тап ойыны.

Жүз сомың болғанша...

Білекті бірді жығады...

Алтау ала болса...

Төртеу түгел болса...

Ер бір рет өледі...

Жүзден жүйрік...

YІ.«Кім көп жұмбақ біледі?» деген жарыс . 3 топ сан есімдері бар жұмбақ айтып жарысады.

Екеуі қарауыл қарап тұр,

Біреуі қамыр илеп жатыр. (түйе)

Алты қырлы, алтын сырлы. (қарандаш)

Төрт аяғы бар, сегіз тұяғы бар. (ешкі)

Алты аяқты, сегіз таяқты. Қызметі қызулы, қысқартады ұзынды. (темір ара)

Үйреткен ілімді, қырық екі білімді. (алфавит)

-Сан есімдер бар қандай өлең-әндерді білесіңдер?

1 оқушы.

«Махамбеттің «Бірінші тілек тілеңіз», Абайдың «Сегіз аяқ» әні.

2 -оқушы.

Бір дегенім-білім



Білімсіз жоқ күнің.

Екі дегенім- еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.



YІІ. Келесі: 3 қатарға сан есімі бар бір мақалды ыммен түсіндіру. (пантамимо)

Біреу тойып секіреді. Біреу тоңып секіреді.

Білімді мыңды жығады.

Білекті бірді жығады.

Білгені -бір тоғыз, білмегені -тоқсан тоғыз.

YІІІ. Қорытындылау. Үш би кеңесіп, сөзді Төле би алады.Сөйтіп 3 топ жаррысып өздерінің сан есімнен алған білімдерін тексеріп, тиісті бағаларын алады. Жеңімпаз топқа ту беріледі.

Өмірде түрлі жүйрік бар. Алуан түрлі билік бар.

Әділ билік бар жерде, Береке бар, бірлік бар,- қорытты.

Ақ жолынан ұстаған, Айнымаған үш таған.

Төле би мен Қазбек, Әйтеке би үш бабам, қасиетті үш данам

Деп, осы сабаққа қатысып, әділ төрелігін айтқан үш биге шапан жабады.

Осымен сабақты бекітіп, өте жақсы орындаған балаларға алғыс айтып, бағаланды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал