7


  • Учителю
  • Литература 7 класс 'Қансонарда шығады бүркітші аңға'

Литература 7 класс 'Қансонарда шығады бүркітші аңға'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән мұғалімі :

Отарова Нағима Өміртайқызы

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Күні :

10.10.2014ж

Сыныбы:

7 "А"

Тақырыбы :

Абай Құнанбайұлы "Қансонарда бүркітші шығады аңға"

Жалпы мақсаты:

Абай Құнанбаев туралы мәліметті кеңейту, берілген жаңа ақпаратты оқу, мәліметті саралау, «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңінің мазмұнын түсіну, идеясын ұғыну,өз ойын еркін қорғауға, пікірін дәлелдеуге үйрену, бір-бірін бағалай білу.

Күтілетін нәтижелер:

Абай Құнанбаев туралы мәліметі кеңейеді, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мазмұнын меңгереді, өлеңнің композициялық жоспарын құрастыра алады,өз ойын еркін айтуға үйренеді, өз бетінше сұрақтар құрастыра алады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта , слайд , оқулық , видеофильм ,стикер,флипчарт.

Сабақтың барысы:

Оқушыларды топтарға бөлу , назарларын сабаққа аудару . Үй тапсырмасын сұрау ( 1)М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет .

2)"Тарланым" өлеңін жаттау, талдау.

3)Метафора туралы түсінік.

Ойқозғау. Абайдың өмірі мен шығармашылы туралы видео.


ОЙЛАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

МАҚСАТЫ

ТҮРТКІ. АШЫҚ СҰРАҚ. ЖАҒДАЯТ. ТАПСЫРМА.

НӘТИЖЕ

Қалыптас-тырушы бағалау

Критерий

дискриптор

Ұпай



1

Білу



ББ

1)Абай өмірі мен шығармашылығын білу. 2)Абай туралы қосымша мәліметтерді ізденуге баулу. 3) Өлең мазмұнын айтқызу. 4)Қазақтың саятшылық өнері жайлы білу. 5) Аңшының психологиясын сипаттау.


"Жигсо" әдісі арқылы Абай өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. 1)Абайдың өміріне шолу жасау. 2) Сендер қосымша Абай туралы не білесіңдер 3) Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінің мазмұнын айтыңыздар. 4) аятшылық өнері жайлы не білесің. (Видео) 5)Ақын аңшы психологиясын қалай сипаттаған?

1)Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі. 2)Қосымша мәліметтер алады. 3)Өлең мазмұнын түсінеді. 4) Саятшылық өнері жайлы мәлімет алады. 5)Аңшы психологиясын сипаттай алады.

Топты өзара бағалау

Бағдаршам арқылы бағалау

1)Ақынның өміірі мен шығармашы-лығы жайында оқушылардың білуі. 2)Қосымша мәліметтер ізденуге әрекеттену. 3)Өлең мазмұнын түсінуі. 4)Саятшылық өнері жайлы мәлімет алуы. 5)Сипаттай алуы.


Толық біледі

Жартылай біледі аз біледі

2

1

0

2

Түсіну

Өлеңді талдай білуге баулу.

Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын анықтаңдар.

Өлең тақырыбын анықтай алады. Тақырыбы - саятшылық. Идеясын анықтай алады, түсінеді.

Оқушылар-дың түсіндірулері арқылы бағалау.

Өлең тақырыбын анықтай алуы. Идеясын білуі, түсінуі.

Біледі

Жартылай біледі

Аз біледі

2

1

0

3

Қолдану

Салыстыра сипаттауға дағдыландыру.

1)Қазіргі Қазақстандағы саятшылық туралы видео. Ақын өлеңінде сипатталған саятшылық өнермен бейнежазбада ұқсастық бар ма? Қалай ойлайсыңдар?


Оқушылар салыстырады, сипаттай алады.

2 жұлдыз 1 тілек

Өлең мен бейнежазбаны салыстыруы, сипаттауы.

Салыстырады жартылай салыстырады Салыстыра алмайды.


2

1

0

4

Талдау

Қазақ әдебиетінде саятшылық өнері жайында өлең жазған ақындардың өлеңдерімен салыстыру.Өлең мазмұнына , құрылысына қарай талдату

Қазақ әдебиетінде саятшылық өнері жайында өлең жазған Ақан серінің мылтық пен мергеншілік өлеңін Абай өлеңімен салыстыру.Ұқсастығы неде? Айырмашылығы қандай? Қар -аппақ,бүркіт-қара,түлкі-қызыл,Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға ....-Бұл қандай тәсіл? Өлең құрылысына қарап талдау?

Екі ақынның өлеңдегі ұқсастығы мен айырмашылығын таба алады.

Өлең мазмұнына , құрылысына қарай талдайды

Өзін-өзі бағалау.


Екі ақынның өлеңдегі ұқсастығы мен айырмашылығын таба алуы Өлең мазмұнына , құрылысына қарай талдай алуы

Табады

Жартылай табады

Аз табады

Талдайды

Жартылай талдайды талдай

3

2

1

5

Жинақтау

Абай саятшылықпен айналысқанын түсінуі.


Абай саятшылықпен не үшін айналысты деп ойлайсыңдар? Бұл салауатты өмір салтын ұстануға жата ма?

Абай саятшылықпен айналысқанын түсінеді.

Топта өзара бағалау


Саятшылық пен салауатты өмір салтының ұқсастығы мен айырмашылығын таба алуы.

Табады

Жартылай табады

Аз табады


3

2

1






6

Бағалау

Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Салауатты өмір салтын ұстану дегенді қалай түсінесің? Постер қорғау (туризм,шомылу, серуендеу).

Салауатты өмір салтын ұстануға бейімделеді.

2 жұлдыз 1 тілек.

Салауатты өмір салтын ұстануға бейімделуі.

Бейімделеді

Жартылай бейімделеді

Бейімделмейді

3

2

1



Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.

Мұғалім қорытындысы: Сонымен ,балалар біз Абай Құнанбайұлы өмірі мен өлеңдерімен таныстық . Өлең мазмұнын, тақырыбын ,идеясын, тілін талдадық.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға». Өлеңдегі саятшылық өнер туралы ақын толғанысы.Бүркіттің түлкіге түсу шағындағы суреті, олжалы аңшы салтанатының суреті. Өлеңдегі ақынның адам мен аң психологиясын суреттеудегі шеберлігі, портреттік суреттер (кұстың, аңшының, түлкінің). Өлеңдегі бейнелі сөздер: эпитеттің ұлғайған түрі, антитезаны түсіндік. Абайдың өлеңдері қызығып оқитын шығармаларың болады деп болады деп сенемін.

Бағалау:Талап парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру .

Үй тапсырмасы:Абай Құнанбайұлы. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін жаттап келу.

7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1) әдеби көркем туындыларды ұлттық құндылық ретінде бағалай білуі;

2) халық ауыз әдебиеті,19-20 ғасыр әдебиетінің үлгілерін, жанрларын талдай білуі;

3) көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алуы;

4) көркем шығарманың негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білуі;

5) көркем туынды бойынша шығармашылық жұмыстарды( эссе, шығарма, т.б.) орындай алуы; 6) өз ойын еркін әрі түсінікті жеткізе білуі;

7) көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасына білдіре алуы;

8) шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме жаза алуы;


Бүгінгі сабаққа қойылатын талаптар

Сол талаптарды менің игеруім

Игеру үшін жасайтын әрекетім

игердім

игермедім

1

Сабаққа қызығушылық танытады

2

Абай Құнанбайұлы өмірі мен «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен танысты.

3

" Қансонарда бүркітші шығады аңға " өлеңін талдауды үйренді.

4

Алған білімдерін жинақтап, пікір білдіре алады.

5

Өз ойын еркін, әрі түсінікті жеткізе білді.

6


Оқу материалының маңызын түсінді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал