7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Алтын жүрек анамыз

Сыныптан тыс жұмыс Алтын жүрек анамыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»

Мақсаты: Аяулы да, асыл аналарды сыйлауға, құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, гүл шоқтары, шарлар, тірек сөздер, нақыл сөздер

Кіріспе сөз:

  • Құрметті ұстаздар қауымы, қымбатты оқушылар бүгін өзін-өзі тану онкүндігі аясында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер





Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Бауыржанқызы Дильназ: Мұқағали Мақатаев «Шеше сен бақыттысың»

Жүргізуші:

8 класс оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналайды, қарсы алыңыздар.

Жүргізуші:

Ана - өмір шуағы,

Ана - өмір бұлағы,

Бесігімнің жыр - әні

Жүрегімде тұрады.

Сағымбай Дильназ: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Жүргізуші:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз апайлар.

Райбек Әсемназ: Ғали Орманов «Ана»

Жүргізуші:

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп, ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Жақсымбет Нұржауған: Төлеген Айбергенов «Аруана-бауыр дүние»

Жүргізуші:

Бастауыш класс оқушылары аяулы аналарына шын жүректен өз қолдарынан жасаған ашық хат табыстайды.Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Білектей арқасына өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тымақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Ерболатқызы Арна: Мұқағали Мақатаев «Анашым»

Жүргізуші:

О, анашым, таянышым, тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Бекет Замира: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Қорытынды сөз:

Құрметті сайысқа қатысушылар сайыстың қорытындысы мен жеңімпаздарды анықтау онкүндіктің жабылуында марапаттаймыз. Ат салысып қатысқандарың үшін рахмет.

Абай атындағы орта мектеп





































Өткізген: Жолжанова Г.









































2015 - 2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал