7


  • Учителю
  • Вне классное воспитательное мероприятия в игровой форме: 'Ассорти шоу'

Вне классное воспитательное мероприятия в игровой форме: 'Ассорти шоу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Елім-ай»

Мақсаты: Балаларға көңіл-күй сыйлай отырып, ойындар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау.

Көрнекілігі: шарлар, бағалау парағы, карточкалар, музыкалық инструменттер.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі біздің «Елім-ай»-ға қош келдіңіздер! Сіздермен біздер бүгін қызықты уақыт өткізетін боламыз. Сайысқа қатысып отырған №19, №25, №27 мектеп отрядтарына сәттілік тілей отырып, бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.Ойынымызда 6 аялдама болады:

Әр аялдамаға карточкада көрсетілген реттікпен барамыз, бір-бірімізге кедергі жасамау мақсатында.

1-аялдамада сіздер асық атып, оның қыр-сырымен танысасыздар. «Асық ату» аялдамасы.

Сіздерге берілген 2-аялдамада «Экологиялық аялдамада» суретке қарап сұраққа жауап бересіздер.

Дауысың қандай сырлы еді

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы еді

Таң шолпанмен астасқан

Өнеріңді қане бүгін көрсетші

Фйналамыз қошеметпен қол соққан!- дей отырып 3-ші аялдама «Домбыра дастан» болса, 4-ші аялдама «Бишілер аялдамасы».

Ән тербетіп әлемді

Шарықтасын күлкі ойын, деп індетіп 5-шә аялдама «Әуенді аялдама».

«Жүзден жүйрік» күшімен

«Мыңнан тұлпар» шықты шың 6-шы аялдама «Шапшаң және жылдам».

Қорытынды: (Ойынды тез және жақсы бағамен аяқтаған топ марапатталады.)

Құттықтайық ал енді

Өрге жүзген өренді

Тауға өрлесін талабы

Қуаныштан жанары

Оттай болып жанады.

Бүгінгі ойынымызға қатысып, өнерлеріңізді ортаға салғандарыңызға мыңда бір алғыс айтамыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал