7


  • Учителю
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі атақырыбыта аналар жиналысының

Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі атақырыбыта аналар жиналысының

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Хаттама № 2

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: «№2 ОМ» КММ Сынып: 4 «Ә»

Мерзімі: 26.11.2015 Ата-аналар саны: 9

Мұғалім: Сыздыкова Бибігүл Бүркітбайқызы

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасы тәрбиесінің негізіМақсаты: Ата- анасы мен бала арасындағы қарым - қатынас ерекшеліктерін ашуда әр отбасына жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымын кеңейту

Міндеттері:

1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы түсінік беру;

2.«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері арқылы ЖАҚ дамыту;

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі маңызды екеніне, қыздар тәрбиесіне, ұлдар тәрбиесіне ықпал ету.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

Сауалнама, өлең жазылған қағаздар, слайд, бейне фильм.

Жоспар:

1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері. Классиктердің рухани -адамгершілік білім туралы. Сана құрылымын түсіндіру. Сананы тазарту жолдары.

2.«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері. Аксиология (грекше құндылық, ілім) - «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Құбылыстар, аса маңызды заттар, қасиеттер, жай-күйлер құндылық болып саналады. Адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиеі, ұлдар тәрбиесі) Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы мәлімет берілді. Берілген жағдаяттарды шешу үшін, ата - аналарды екі топқа бөлдім.

Талдау

Үй тапсырмасы.

Тереза ана туралы фильмдерін көру.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Отбасында тыныштық болса- үйде тыныштық болады;

Үйде тыныштық болса-мемлекетте тыныштық болады;

Мемлекетте тыгыштық болса-әлемде тыныштық болады.

Ата-ана, бала, мұғалім бойындағы ЖАҚ байқалғанда ғана үштік нығая түседі.





Мұғалім ___________ Б.Сыздыкова

Директор __________Ә. Байбурина





Қосымша №1

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Классиктердің рухани -адамгершілік білім туралы.

Сана - шынайы шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары деңгейі.Сана құрылымын түсіндіру.

Сананы тазарту жолдары. Сократтың «Саломон патша» атты аңыз әңгімесі тоқталдым.

«Менің- Бізге, Біздің отбасы- біздің қоғамға, Біздің қоғамды - Біздің мемлекетке, Біздің мемлекетті - Біздің адамзатқа» жеткізуіміз керек.

Күнделікті Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

Бейнеролик -Тереза Ана -туралы аңыз. Фильм бойынша сұрақтар қою.

Балалардың мінез-құлқына кері әсер ететін ата- аналардың қарым-қатынасы типтері Орынсыз қамқорлық, жұмсақтық, қорқыныш, кемсіту, елемеу.

Я.Корчак 10 өсиеті.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері

Аксиология (грекше құндылық, ілім) - «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Құбылыстар, аса маңызды заттар, қасиеттер, жай-күйлер құндылық болып саналады. Адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.

Сондықтан да РАБ мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезінде гуманистік бағытымен, ЖАҚ мәніменерекшеленетін құндылықтарды басщылыққа алу керек.

Абсолюттік ЖАҚ - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Қиянат жасамау

Ақиқат

Сүйіспеншілік

Тыныштық

Дұрыс әрекет

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі, парызы.

Бала тәрбиесінде ананың рөлі.

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі.

Тәрбиедегі ынтымақтастық.

Жақсы отбасының қасиеттері.

Жағдаят тұғызу:

1- жағдаят. Ата- аналар рөліндегі топқа: Сынып жетекшісі сіздің балаңызға реншулі, ашулы. Сабақта отырмайды немесе тентек болады, сабақ оқымай келген деген сияқты сөздер айтты. Сіздің ата- ана ретіндегі әрекетіңіз?

1- жағдаят.Сынып жетекшісі рөліндегі топқа: Ата- ана сізге келіп сабақ береін пән иесіне шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?

2- жағдаят. Сынып жетекшісі рөліндегі топқа:Баласы сабақтан қашып жүретін ата- ана: «Менің ұлым сабақтан неге қашады, пән мұғалімі кім, сабақта қызықтыру үшін неге жұмыс істемейді, мектептен сапалы білім алу үшін жібердім. Бұл қалай?» Сіз осы мәселеге қандай шешім табасыз?

2- жағдаят. Ата- аналар рөліндегі топқа: Сіз қонақ қарсы алып отырсыз. Сіздің балаңыз қонақтың көзінше балағат сөз айтты. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?

Сюжеттік-рөлін сахналау.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиеі, ұлдар тәрбиесі)

Отбасы - ұлттық, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі.

Алғашқы 5 жылында әрбір бала анасымен бірге болу керек.Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс.

Қортынды

Алақан бейнесіне ата-аналар мұғалімге деген ұсыныстарын, алған әсерлерін,ойларына түйгендерін жазып күнг апарып жапсырып,оқып талқылап кетсе.Балаларға жауапкершілікпен қарап,оқытумен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындап,бірлесе,ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтамақпын . Ата-аналар рөлге бөлініп, жағдаяттарды талдағанда мұғалімнің орнында болып, мұғалімдерге ата - аналар жағынан көмек керек екенін сезді және бал тәрбиесінде жалпыадамзаттық құндылықтарды ата - аналар мен мұғалімдер бірігіп, атқарғанда ғана жүзеге жететінін айтқан пікірлерінен , істерінен сездім. Ата -аналар осындай жиналыстың болып тұруын өтінді және осы жиналыс ұнады. Куаттың анасы бала тәрбиесінде құндылықтардың рөлі ерекше екенін атап кетті, өздерінің дұрыс бағыт алғандарына шабыттана сөйлеген пікірлерінен , жүздерінен көрдім.

Топпен ән айту « Жан әке »



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал