7


  • Учителю
  • Абай Құнанбайұлы Он жетінші қарасөзі

Абай Құнанбайұлы Он жетінші қарасөзі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы

Балқаш ауданы

«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абылхапова Баян Турсынбаевна

Сабақ жоспары

Күні


Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы Он жетінші қарасөзі


Сілеме

8- сынып Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау

Жалпы мақсаттар

Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғындыру;

Өлеңдерін талдауға, мағынасын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашуға, түйінді ой айта білуге төселдіру;

Сын тұрғысынан ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту,

Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тілімізді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

(мұғалім үшін)

  • Қарасөздің мәнін, мағынасын, көтеріп отырған идеясының әлеуметтік саяси астарын ұғынады;

  • Өлеңді талдауға, мағынасын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашуға төселеді;

  • Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады;

  • Тілімізді қадірлеп, құрмет тұтады;

  • Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.

Негізгі идеялар (Сабақ)

«Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»

М.Әуезов

Тапсырма

«Шаттық шеңбері»

Сабақ бойынша мұғалімнің бақылауы: Сабақта оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап отырады

Тапсырма 1

Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?

Оқушылардың іс-әрекеті?

1.Оқушыларды топқа бөлу (Қайрат, Ақыл, Жүрек),

бағалау парағын тарату

2.«Миға шабуыл»

1.Топтарға бөлініп, рөлдері анықталады.

2. «Мен саған, сен маған» сұраққа жауап береді

Түсіндірме беру

Ұлы Абайдың әдеби-шығармашылық мұрасында қарасөздері өз алдына бір байтақ әлемді алып жатыр. Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек. Абай Құнанбайұлының 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. Қарасөздері алғаш рет Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абай қарасөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Сергіту сәті Тапсырма 2

  1. Он жетінші қарасөзді рөлдерге бөліп оқу, мәтіндегі негізгі ойды анықтау

І топ: Қайрат

ІІ топ: Ақыл

ІІІ топ: Жүрек

1.Оқулықтағы материалмен танысады

2.Рөлге бөліп оқиды

Ғалымның сөзін мұғалім оқиды: -Ей, Қайрат! Қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. Кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. Адалдық пен ізгілік-тек жүректің ғана ұстанатын жолы. Адам үшін ең қажеттісі-жүрек қалауы. Осы үшеуің басыңды қос. Осы үшеуі тең табылған кісі -қасиетті адам.

Сергіту сәті Тапсырма 3

Топтарға тапсырмалар беру

І топ: Топтастыру арқылы «Қасиетті адамға» анықтама бер

ІІ топ: «Сәйкестендіру» кестесін орындау

ІІІ топ: Он жетінші қарасөзге сатылай кешенді талдау

  1. Өзара оқу мақсатында топ арасында ауысуды ұйымдастыру

Әр топ өз тақырыбын қорғайды. Постер құрады

Қосымша материалдарымен жұмыс жасайды құрады


Топтастыру жұмысы еңбексүйгіш

Қасиетті адампарасатты ақылды


жүрегі нұрлы, мейірімді қайратты, қажырлы


терең білімді еліне адал қызмет етуші

Сергіту сәті Тапсырма 3

  1. Аттарына қарай өмірмен байланыстыру (жамандық та сенен, жақсылық та сенен)

І топ: Қайрат

Абай неге адамның көқасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алған?

ІІ топ: Ақыл

Адам болу үшін қандай қасиеттер болу керек?

ІІІ топ: Жүрек

Абайдың көтеріп отырған мәселесі не? Ол біздің қоғамымызда өзекті ме?

1.Ой өрбітеді

2. Әр топ өз тақырыбын қорғайды. Постер құрады

3.Қосымша материалдарымен жұмыс жасайды

Сергіту сәті Тапсырма 4

Ойтолғау

І топ: ХХІ ғасыр азаматы ретінде Абай атаңа хат жаз

ІІ топ: «Атадан ұл туса игі» ойтолғау

ІІІ топ: «Абай қарасөздері-даналық мектебі»

1. Диалогке түсу, топпен орындау.

3. Әр топ, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылау

Сергіту сәті Тапсырма 5

1.Тыңдау, бақылау

2.Рефлексия

1.Тест құрастыру (топтар бір-біріне құрастырған тест сұрақтарын қояды)

2.Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді?

Қорытындылау: Сонымен ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халық үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деп кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Келесі оқуға

Келесі сабаққа: 1. Абайдың он жетінші сөзін жаттап келу

2. «Абай өлеңдері туралы ойларым» тақырыбына шығарма жазуға дайындалып келу

Практикалық сабақты бағалау

Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір-бірлерін бағалайды, қорытынды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал