- Учителю
- Сабақ жоспары С.Бегалин Бала Шоқан (5 сынып!)
Сабақ жоспары С.Бегалин Бала Шоқан (5 сынып!)
Ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқытудың жаңа технологияларына сай Шоқан тұлғасын қалыптастыру, тарих, география, мүсін өнерлерін басшылыққа ала отырып, қосымша мәліметтер арқылы оқушыны жан - жақты білім алуға тарту.
2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін дамыту.
Сабақтың типі: дамыта оқыту технологиясының білім жүйесі, сын тұлғасынан ойлау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, ұжымдық, проблема туғызу, даралау,
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, карта, кітаптар, графопроектор.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география, сурет, мүсін өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Деңгейлік тапсырмалар:
а) Шығарма кестесі
Каспий, Гурьев,
Ақжайық
1.Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған ауыр ыңыранысы естіле бастады...
Қарға баласын аппағым дер.
Өлімнен ұят күшті.
Дүрсе қоя берді
Жер сызып
в) Концептуалдық кесте
-
Мәтіннен үзінді
Қайрош
Шеген
Бораш
Мариям апай
Қайроштың
анасы
Қарғадай басыңмен қалай оқисың, құлыным-ау?..
Тым болмаса әкеңде жоқ.
Бірақ, ана бола тұрып, балалардың дәмінен татпасаңыз, балалар өкпелейді...
Оның болмайды, Костя! Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес
Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді...
Апа, мен ауылға қайтпаймын. Осында қалып оқу оқимын.
с) Тест интервью
-
Соғыс кезіндегі балалар үйі не үшін қажет болды?
Қазіргі кездегі балалар үйі не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақ: С. Бегалин «Бала Шоқан»
I Ой қозғау
1. С. Бегалин туралы қысқаша мәлімет келтіру
2. Жазушы естелігінен үзінді оқу
Бейне -ролик (Шоқан өмірінен бір сәт)
3. Бейне роликке байланысты ой қозғау сұрақтары
Инсерт
II Мағынаны таныту:
Сыныпты топқа бөлу
Әңгіменің мазмұнымен танысу 1-2 минут /іштей оқиды/
Оқушылар /әңгіме мазмұнын айтып шығады/
«Ойлаудың алты қалпағы»
1. топ. Ақ қалпақ -фактілер Әңгіме желісі бойынша фактілерді келтіру (Шоқан Уалиханов, С. Бегалин туралы мәліметтер келтіру)
2. топ Қызыл қалпақ. Шығарманы оқығанда қандай көңіл-күйде болдыңыз?
3. топ. Сары қалпақ. Шығарманың жағымды тұстарын әңгімелеу.
4. топ. Қара қалпақ. Шығарманың жағымсыз тұстары бар ма?
5 топ. Жасыл қалпақ. Оқиға желісіне қандай идея қосар едіңіз?
6 топ Үндеу.
III Ой қорыту:
Деңгейлік тапсырмалар:
а). «Бес жолды өлең» құрастыру
«Шоқан» (синтез).
-
Зат есім. Шоқан.
-
Екі сын есім. Мейірімді, өнертанығыш.
-
Үш етістік. Кездесті, қорғады, уәде берді.
4. Сөйлем құрау. Шоқан - қазақтың жарық жұлдызы.
5. Синоним. Шоқан, Мұхаммед - Қанафия.
в) ВЕНН: Шоқан мен Мысыққа (мінездеме беру)
Шоқан Мысық
Текті тұқымнан кедей баласы,
шыққан, бір шығарма өнерлі,
мейірімді, кейіпкерлері, жасқаншақ,
өнерді бағалай біледі достар, қорқақ
уәдеге берік өнерді сүйеді
білімді
с) РАФТ жазу
Р- рөль
А- аудитория
Ф- форма
Т- тақырып -Шоқанға ризашылық хаты
Шоқан туралы білетіндерін жазады
Жаңа сабақ барысында білгендерін жазады
Білгілері келетін жайттары туралы жазады
Бағалау.
Үйге: Шоқан өмірі, еңбектері жайлы жазып келу
Әңгімеге композициялық жоспар құру
Эссе жазу «Шоқандай болғым келеді»
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту және олдары практикада қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық.
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
«Құпия сөздің кілтін аш» ойыны
I Қызығушылықты ояту (жұмбақтың шешуі болған сөздерді буын түрлеріне ажырату)
Сандықтың ішіне нені тығып ұстай алмайсың (жарық)
Сен жоғалтсаң, сен іздеп таба алмайтын,
Мен жоғалтсам мен іздеп таба алмайтын
Ол не? (уақыт)
Көппен бөліскен сайын көбейер. Ол не? (ой)
Әпкесі бауырына қонаққа барады, бауыры одан тығылып қалады (Ай мен Күн)
«Бағыныңқы, басыңқы»
Деген ұғым келеді.
Синтаксис оны зерттейді
Кім ол туралы түсіндіріп береді? (сөз тіркесі)
Сөзден, сөз тіркесінен құраламын,
Тиянақтап ойды тұра аламын. (сөйлем)
Әр түрлі амал- тәсілдерден Сөйтіп ойға әсер берген? (байланысу түрлері мен тәсілдері)
ІІІ. Сабақты бекіту
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.
Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
ІІ деңгей
1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
ІІІ деңгей
1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
«Қай буынды жоғалттым ?» ойыны.
Сөздерді дұрыс бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тәсілін пайдалануға болады. Мысалы: қалам, мектеп, досым сөздеріндегі қа... , ... теп, дос... жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң, әрі көп тапқан оқушылар ұтады.
Оқулықпен жұмыс:
306- жаттығу
* Мәтіннен өздерің қалаған үш сөзді буын түрлеріне ажыратып талдаңдар.
307 - жаттығу
-
Мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазыңдар.
308 - жаттығу
-
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
ІV. Сабақты қорыту
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма:
-
Буын және оның түрлері туралы қайталау.
-
309 - жаттығу.
-
Сабақтың такырыбы: Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға жинақтық жэне болжалдық сан есімдер
жайлы
толық мэлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке,
адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жү_мыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
Білімді тексеру кезеңі.
I Ой қозғау «Ойлан, тап» оқыта үйрету ойыны
II нұсқа
1. Берілген мақал-мәтелдің екінші сыңарын жаз.
Жүз теңгең болғанша,
Жүздің атын білгенше,
Жеті атасын білген ер,
2. Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді жаз.
Қызға үйден тыю.
ала болса, ауыздағы кетеді.
Ер жігіттің сөйлегені өлгені.
Білекті жығар, білімді жығар.
3. Сөз қүрамынан сан есімді тауып цифрмен жаз.
Түбір тү+1
Кекіл к + 2 + л
Күшік к + 3 + ік
Төртпақ 4 + пақ
Дербес дер + 5
Балтыр Б+6+р '"
Жетік 7 + к
Сегізкөз 8 + көз
Тогызқүмалак, 9 + қүмалақ
II. Мағынаны таныту
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Жинақтық және болжалдық сан есімдер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген сүрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де,қанша,неше,қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.Сұрақтары:қанша? Неше?қай шамалы? қаншадай?
Жұрнақтары: -лаған, леген, даған,деген, таған,теген;-лап,леп, дап,деп,тап,теп,-дай,дей,тай,тей; Мысалы: мыңдаған, елудей, жүздеп;
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 146-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сан есімдерге морфологиялық талдау жасау.
148-жаттығу: Жинақтық сан есімдерді қатыстырып, өлең құрастыру.
149-жаттығу. Жинақтық сан есімдердің астын бір, белгісіздік есімдікткердің астын екі сызу.
III. Ой Қорыту: 1. «Құпия сөздің кілтін аш» оқыта үйрету ойыны (Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жүмыс.)
№1
Жинақтық сан есімді тап.
Біреу, екеу, жетеу,
От пен отын, көсеу,
Сонда бәрі нешеу?
№2
Жұмбақты шеш.
Сан есімді тап.
Екі айнасы,
Екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы,
Бір шыбыртқысы бар.
№3
Жұмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат.
Төртеуі түрады,
Біреуі жейді.
Біреуі аула сыпырады.
№4.
Болжалдық сан есімдерді тап.
Қалай жасалғанын ата.
Жиырма бестей арғы атамыз,
Сонша жасап бергі атамыз.
Өз атамыз - жиырмада,
Бізге сол жас бұйырмай ма?
-
Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.