7


  • Учителю
  • Тексты по подготовке к экзамену по казахскому языку для 5 класса

Тексты по подготовке к экзамену по казахскому языку для 5 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 1 Кезекшi.

Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тұрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.





№2 Астана.

Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.

№3 Қостанай.

Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мұражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.





№4 Аға

Менiң ағамның аты-Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп. «Ағасы бардың жағасы бар» дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де, өскенде ағам сияқты боламын.









№5 Қазақ тілі сабағында



Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл - қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.

Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.





№6 Жазғы саяхат

Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.

Астана - үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Маған Астана өте ұнады.Мен жазғы демалысымды өте көңілді өткіздім.









№7 Жаңа жыл

Жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатады. Оларға түрлі түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылды балалар асыға күтеді. Оларға сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді.





№8 Ас атасы - нан.

Қазақта «ас атасы - нан» деген сөз бар. Астың, дәмнің үлкені - нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан қасиетті тағам. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы - сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар





№9 Ертегілер

Қазақтың халық ауыз әдебиеті өте қызық және тамаша. Біз әдебиет, қазақ тілі сабақтарында мақал жаттаймыз, ертегі оқимыз. Кеше сабақта жұмбақ шештік. Жұмбақ шешу өте қызық. Мен көптеген мақалдарды, жұмбақтарды жатқа білемін. Менің досым да қазақ ертегілерін жақсы көреді. Мен досыммен бірге қазақ ертегілерін оқыдым. Ертегілер ғажап.





№10 Қыс

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.





№11 Қазақстан

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана - әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада парктер, мектептер, мөлтек аудандар көп. Парктер өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлттық өкілдері тұрады.





№12 Бауырсақ

Ұннан жасалатын тағамның бір түрі - бауырсақ. Ол - дастарқанның басты асы. Бауырсақ жоғары сапалы ақ ұннан май құйып иленіп, майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ бұрынырақта көбінесе арнаулы сыйлы қонақтарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген. Оның жұмыртқа қосқан түрі де бар.





№13Табиғат

Табиғат - асыл қазына. Табиғат сәні - орман-тоғайлар. Адам өмірінде орманның алатын орны ерекше. Орманда бәрі де бар: өсімдіктер, аңдар мен құстар, өзеңдер мен көлдер. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы. Осы байлықты қорғап, оны мұқият сақтай білу - бәріміздің борышымыз. Орманды қорғай білейік, жас достар!









№14 Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүрді. Қазақ халқын ір түрлі өнер үйренуге, білім алуға шақырды. Халқына еңбекті сүюдің, еңбек ете білудің пайдасын түсіндірді. Ақын өсекші, өтірікші, жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев - ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырады.









№15 Сабақта

Бүгін бірінші сабақ - орыс әдебиеті. Біз сабақта орыс ертегілерін оқимыз. Әрбір кейіпкерлерге мінездеме береміз. Оқушылар өзіне ұнаған үзінділерді оқып берді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердік. Мен орыс әдебиеті сабағына көп дайындаламын.Мектеп кітапханасына барып ертегілерді оқып, ұнаған үзінділер бойынша сурет аламын. Осы сабақтан мен жақсы, үздік деген ғана баға алып жүрмін. Менің досым Мәдина да әдебиет сабағын ұнатады. Біз сабаққа көбінесе бірге дайындаламыз.





















№16 Бурабай

Бурабай - Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жеріндегі жәндіктер мен балықтар анық көрінеді. Көлдің айналасы-сынсыған қарағайлы, қайынды орман. Көкшенің әйгілі шоқылары «Жұмбақтас», «Оқжетпес» көлдің ерекше көрікті етіп тұрады. Халық бұл жерді «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды. Көлде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасы курорт, демалыс орындары. Ол - таза ауасымен, қымызымен емдейтін ірі курорт.





№17 Дене мүшелері

Дене мүшелері: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс. Адам баспен ойланады, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақ ішеді, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Адамның екі қолы, екі аяғы болады. Адам қолмен еңбек етеді, жұмыс істейді. Қыста адамдар басына жылы бөрік киеді, қолына қолғап, аяғына пима немесе етік киеді. Бөрікті өлтіріден жасайды, қолғапты жүннен басады. Бөрік, қолғап, етік, пима дүкенде сатылады.









№18 Мектеп

Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз: бір-бірімізге сұрақ қойып, орыс тіліне аударамыз, сөйлемдерге грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік талдаулар жасаймыз, диктант, мазмұндама, шағын шығарма жазамыз. Сурет бойынша әңгіме құрап, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз, өлеңдерді жаттаймыз.





№19 Наурыз

Наурыз - қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды Қазақстаннан басқа күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар да мейрам өтеді. Наурыздың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетеді. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың жанды, жансыздың тірілуі, кімнің болса да көңілше шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық куанатын ел жоқ деуге сыйады.













№20 Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол - еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

5 маусым - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүлілік күні. Оның негізгі мақсаты - табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.

Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру - біздің борышымыз.







№21 Футбол

«Футбол» сөзі ағылшыннан аударғанда «табан доп» деген мағынада қолданылады. 1863 жылы қазан айында Лондонда алғаш рет футболшылардың одағы құрылды.Қазіргі футбол тарихы сол оқиғадан басталады.1934 жылдан соң Ресейде тұңғыш футбол командасы пайда болды.

Біздің елімізде футбол ойыны кеңінен тараған. Футбол - ұжымдық ойын. Футбол ойнау үшін өте төзімді болу керек.

Қазақстанның «Қайрат» футбол командасы 1959 жылы құрылды. Сол кезден бастап «Қайрат» ел намысын қорғап келеді.









№22 Спортшы Бейбіт



Бейбіт - сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі.Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын.Тез өсіп, үлкен болу - оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.

Бастауыш мектепті бітірген жылдың жазында спотқа әуес бір топ ауыл балалары бокс үйірмесіне қатысатын болды. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады, бокс өнеріне деген ынта-ықыласы арта түсті.





№23 Мектептегі достарым



Менде мектепте достарым көп. Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Менің ең жақын достарым: Асет пен Серік. Олармен бірге жүргенде мен өзіме сенімді боламын. Мен кейде аурып, оқуға бара алмай қалсам, бірнеше күннен кейін жалғызсыраймын,зерігемін. Достарымды көргім келеді. Өйткені бірде-бір жан жалғыз өмір сүре алмайды.

Достарыммен мақсат-мүддесіміз, арман-тілегіміз бір.Олардан жасырар сырым жоқ. Олар да меннен ештеңе жасырмайды.Сабақтарда бірдеңе ұқпасам, түсіндіріп береді.Егер сендерде осындай достарың болса, оларды ренжітпеңдер. Оларға жәрдем беруге әзір болыңдар





№ 24 Менің сүйікті жыл мезгілім



Қыс - менің сүйікті жыл мезгілім. Ол - жылдың соңғы айы. Жылдың ең қысқа күні мен ұзақ түні жиырма екінші желтоқсанда болады. Бұл мезгілде жиі-жиі қар жауады, боран соғады.Жер ақ тонға оранып, қардың астында қалады. Айнала бәрі әдемі болады. Өзен, көлдердің бетіне тұрған мұз қалыңдайды. Осы мұз айдындарына үлкендер де, біз де коньки теуіп, шанамен сырғанаймыз.

Қыста менің сүйікті мейрамым болады. Желтоқсан айында балалар және әр отбасы Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Үйде шырша орнатылып, арнайы дастарқан жайямыз.Жаңа жылды қарсы алып, бір-бірімізге ақ тілек білдіреміз.





№25 Спорт үйірмелері



Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Олардың ішінде ең көбі - спорт үйірмелері.Олар: «Жас балуан», «Шахматшылар», «Футболшылар». Мен бәрінен бұрын малтуды ұнатамын. Бұл спорттың өте пайдалы түрі, сондықтан мен осы спорт түрінің үйірмесіне барып жүрмін. Малтумен шұғылданғаннан бері ауырғанды қойдым. Маған ешбір салқын тию қауіпті емес.

Сонымен бірге малту өте рахат. Су бойыңды сергітеді, жеңілдетеді, тіпті көңіл-күйіңді көтереді. Өзіңді әрі мықты, әрі епті сезінесің.

Спорттың осы түрін меңгерсең, мықты және сау боласың.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал