7


  • Учителю
  • Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі

Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз
предварительный просмотр материала


Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі


Құдыкенова Ж.М.



Мақал - мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында.

Мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып табылады. Мақалдарда халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, кәсібі, қуанышы мен күйініші, айтатын ақыл-өсиеті, қысқасы халық өмірінің сан қырлы жақтары қамтылады.

Оқушы тілін дамытуда іске асырылған жұмыстың бірі - мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорын байыту болса, мақал-мәтелді оқушыға меңгерту үшін аталған жұмыстарды іске асыруда ұтымды әдіс-тәсілдер пайдалану қажеттілігі анық байқалды. Сондықтан оқытудың жаңа технологияларын қолдануға мән берілді. Мәселен, мақал-мәтелді түсіндіру кезінде оқушының сана-сезіміне бағытталған мәлімет оның ақыл-ой, ойлау әрекетін іске қосады. Оқушыны ойландыру оның өзінше білім алу әрекетіне итермелейді, сөйтіп өзінше оқу, өзінше дамуға жол ашады.

Оқушылардың сөздік қорын мақал-мәтелдер арқылы байытуда алдымен олардың өздері білетін мақал-мәтелдерін естеріне түсіріп, сұрақ-жауап арқылы ол мақалдардың мағыналарын қалай түсінетіндіктері сыналды. Одан әрі жұмыс бірте-бірте күрделеніп, оқушылардың сұрақтарға мақал-мәтел арқылы жауап берулері талап етілді. Осылайша мақалдар арқылы жауап беруге машықтанған соң, оқушыларға белгілі бір тілдік жағдайға қатысты тапсырмалар орындатылады. Мәселен, а) асығыс жағдайда қолданылатын мақал-мәтелдер. ә) Ерлік жасап, көпшілікті қиындықтан құтқардыңыз. Осы жағдайға байланысты қандай мақал-мәтелді қолдануға болады? б) Біліміңізбен жарыста жеңдіңіз. Соған сай қандай мақал-мәтел айтылады? в) Қандай істің болса да белгілі бір нәтижеге жетуінің басты кепілі - ұйымшылдық, ынтымақ жайында қандай мақал-мәтел білесіз? г) Қырағылық, сақтық жағдайында қандай мақал-мәтел айтуға болады?

Оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы бірнеше жұмыс түрлерін қолдануға болады:

1. Берiлген мақалдарды оқыңыздар, мағынасын таратып айтыңыз­дар.

1. Тiл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 2. Сөз жүйесiн тапса, мал иесiн табады. 3. Жанды жаралайтын да сөз, емдейтiн де сөз. 4. Жақсы лебiз - жарым ырыс. 5. Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 6. Шешеннiң сөзi - ортақ.

Тапсырмалар:

1. Осы мақалдардың iшiнен қайсылары шешендiк сөздiң табиғатын ашуға септеседi деп ойлайсыздар? Себебiн дәлелдеңiздер.

2. Ұсынылған мақалдармен үндестіріп, өз ой тұжырымыңызды айтыңыз.

2. Берілген мақал-мәтелдердің екінші сыңарлары сіздерше қалай өрілуі мүмкін деп ойлайсыздар? Әркім өз бетінше мақалдарды жалғастырып, салалас құрмаласқа айналдырып көріңдер. Осы мақал-мәтелдердің қолданылу орны мен мәнін түсіндіріңдер.

Үлгі: Өнегелі жігіт өрде озар, ...(Өнерсіз жігіт жер соғар).

  1. Білімді мыңды жығар, ...

  2. Білімдіге дүние жарық, ...

  3. Мыңның түсін танығанша, ...

  4. Жарылғанды жау алады,...

  5. Ашынған тілді болар,...

  6. Сөзің тәтті болсын,...

  7. Сөз қуғанға бәле жолығар,...

  8. Ат қадірін жоқ білмес,...

  9. Жаман ісінен көрмейді...

Оқушының нұсқасы Мұғалім нұсқасы

1 ...Білекті үйді жығар. 1 ...Білекті бірді жығар.

2 ...Білімсіздің малы арық. 2 ...Білімсіздің күні ғаріп.

3 ...Бірдің ісін таны. 3 ...Бірдің атын біл.

4 ... Шалағайды дау алады. 4 ...Бөлінгенді бөрі жейді.

5... Жетім бала мұңды болар. 5 ...Ашыққан ұры болар.

6 ...Ісің сәтті болсын. 6... Ашуың қатты болсын.

7 ...Ас қадірін тоқ білмес 7 ...Қайда ұшарын оқ білмес.

8 ...Кінәсізді бәлеге сүйрейді 8 ... Кісіден көреді.

3. Мына мақалдарға мағыналас мақалдар айтыңыз.

1. Тұлпар тегіне тартады.

2. Әлі келген алып алып та жығады, шалып та жығады.

3. Ер бір рет, қорқақ мың рет иіледі.

4. Оқыған озады, оқымаған тозады.

4. Мақал құрамындағы бір сөзді ғана атап, сол сөзі бар мақалды табу. Мысалы «дос» деген сөзі бар мақалды табу және сол мақалдың мағынасын айтыңыз.

Оқушыларға мақал-мәтелдердің сөздігін жасату өте пайдалы. Мұғалім оқушыға үйренген мақал-мәтелдерін жеке дәптерге жазып отыруға дағдыландыру керек. Оқушы мақал-мәтел сөздігін, сабақтан тыс уақытта естіген, оқыған мақал-мәтелдері арқылы да толықтырып отыруы жөн. Ол сөздікті оқушы күніне бір рет оқып отырса, оны ойында, есінде тұрақтандырады, ұмытпайды. Ол мақал-мәтелдердің оқушының сөйлеуінде, жазуында қолдануына жол ашады.

Құрмалас сөйлемді өткен кезде жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырумен қатар, мақалдарды құрмалас сөйлем ретінде алуға болады. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндаушы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, келесі сөйлеммен құрмаласа байланысады. Мысалы: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», - деген сияқты мақалдарды беруге болады. Салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары әр түрлі сөзден болумен қатар, кейде бір сөздің қайталануы арқылы да жасалады деп, мысалы ретінде мына мақалдарды ұсынуға болады: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла».

Баяндауыштары бір сөздің қайталануы арқылы жасалған салалас құрмаластарды ықшамдап айтуға болады. Мұндай сиыстыру әсіресе, мақал-мәтелдерде көбірек кездеседі. Мысалы, жоғарыда берілген мақалдардың бірінші жай сөйлемдеріндегі баяндауыштары алып тастап: 1. «Жаз арбаңды, қыс шанаңды сайла», деп жиыстырып айтқызуға болады. Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықтармен және баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден, болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалып, жалғаулықсыз іргелесіп те байланысады.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге келгенде: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Сын түзелмей, мін түзілмес», «Бірлік болмай, тірлік болмас» (-й жұрнақты көсемшенің болымсыз -ма, -ме түрінен жасалған) мақалдарды беру арқылы құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндірумен қатар, ұлттық болмысымызды айқындайтын ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді оқытуға айрықша көңіл бөлуге және сабақтың алға қойған мақсатын ұштастыруға болады.

Сонымен қатар, салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдерде кездесетін кейбір мақал-мәтелдерді келтіреміз:

1. Жан қиналмай, жұмыс бітпес.

(көсемшелі шартты бағыныңқы)

2. Адамнан үлкен - ат жоқ,

Наннан үлкен - ас жоқ.

(ыңғайлас салалас)

3. Адамды өмір үйретеді,

Үйренбесе күйретеді.

(қарсылас салалас)

4. Еңбегімен ер сыйлы,

Өнбегімен жер сыйлы.

(кезектес салалас)

5. Екі батыр мақтанса,

Батырлығы мен барлығын айтар,

Екі жаман мақтанса,

Ұрлығы мен қарлығын айтар.

(шартты бағыныңқылы сабақтас)


Осындай тапсырмалар арқылы оқушының есінде мақал-мәтелдер біртіндеп жаттала бастайды. Олар неғұрлым көбірек мақал-мәтел білуге тырысады.

Оқушылар тілін дамытуда қызықты, танымдық тапсырмаларды да орындатуға болады:

1. Жұмбақтар сөйлесе... (мен айтқан жұмбақтың шешуін тауып, сол жауап сөзі бар мақал мәтел айтылу керек, сонда ғана жеңуге мүмкіншілік бар)

• Судан шығады, судан қорқады (тұз)

• Зер - зер кілем зер кілем (жер)

• Жаны жоқ болса да ақылды адам сияқты (кітап)

2. «Қызықты сұрақтар» ойыны

  1. Қорқақ неден қорқады?

  2. Ердің атын не шығарады?

  3. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?

  4. Ашу не? Ақыл не?

  5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?

  6. Тауық түс көре ме?

  7. Көп түкірсе не болар?

  8. Оқу түбі не?

  9. Үйіңе құтты қонақ келсе не болады?

  10. Жаманға неге күлме дейді?

  11. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

  12. Тауықтың түсіне не кіреді?

  13. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?

  14. Өтірікші кімді алдайды?

  15. Ананың сүті мен баланың тілі қандай?

Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына. Мақал бейнелі сөз, тілі ұста, құрылысы тұрақты сөйлем. Сондықтан да мақал-мәтелдер оқушыларды қызықтырып, олар халқымыздың асыл мұралары арқылы сөздік қорларын толықтыруға белсенді, саналы түрде қызмет етеді. Жаңаша жаңғыртып оқытуға мақал-мәтелдердің шебер сөйлеудегі маңызы зор. Мақал-мәтелдермен жүргізілген жұмысқа оқушылар саналы, белсенді түрде қатысып, өздерін жеке тұлға ретінде ұстап, айтатын ойды ұнамды да ұтымды жеткізудің басты құралы ретіндегі сөз мәйегі, сөздің көркі болған мақал-мәтелдерді меңгеруге ынталы болары сөзсіз. Сөйтіп, оқушылар тапқырлықпен тұжырымдалған, тәрбиелік мәні үлкен мақал-мәтелдің, нақыл сөздердің тіл дамытудағы қажеттілігін шынайы сезінеді.


Әдебиеттер:

  1. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері. - Алматы: Қазақстан, 1990

  2. Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер. -Алматы: Рауан, 1994

  3. Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері. -Алматы: Ана тілі, 1997



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал