- Учителю
- 10 сыныпта Өзін -өзі тану сабағы. ТақырыбыАлынбайтын асу жоқ
10 сыныпта Өзін -өзі тану сабағы. ТақырыбыАлынбайтын асу жоқ
«Өзін-өзі тану» пәні сабағының жоспары
Тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ
Күні
Құндылық: дұрыс іс-әрекет, ішкі тыныштық
Қасиет: сенім, күш-жігер, табандылық, мақсат жете білу
Сынып: 10
Оқушы саны 15
Сабақтың мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктеріне сеніп,
оларды қабілеттеріне орай дұрыс іс-әрекет етуі және ішкі тыныштыққа жету туралы түсініктерін тереңдету.
Міндеттері:
1. Адам бойындағы күш-жігер мен алдына мақсат қоя білу туралы түсініктерін тереңдету;
2. Әр оқушының өз мүмкіндігіне сенуіне, табандылық қасиеттерін дамытуына ықпал ету;
3. Өз бойларындағы мүмкіндіктерін бағалай білуге және дұрыс іс-
әрекет ету арқылы ішкі тыныштыққа жетуге, мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды ойға келу «Нұрға бөлеу» Классикалық музыка
-
Үй тапсырмасын тексеру
Кітапта берілген Бейбіт Сапар Алидің ғарышкер Тоқтар Әубакиров
туралы шығармасынан алынған үзіндімен танысып келу берілген
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
-
Тоқтар ағаларың туралы не білдіңдер?
-
Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін, елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуын қалай түсіндірер едіңдер?
-
Ғарышкердің орнында болсаңыз, сіз ғарышқа не алып ұшар едіңіз?
-
Ғарышкер Тоқтар ағаға қандай тілек айтар едіңдер?
-
Тоқтар ағаның бойында қандай қасиеттері ғарышкер болуына көмектесті?
Қорытынды:Әр адам өз Отанын сүйеді, алыста жүрсе сағынады. Отанын шын сүйген адам өзінің бар мақсатын , күш-жігерін табандылықпен Отанына қызмет жасауға бағыттайды.
-
Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
«... Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе,
қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан
жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай
береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме,
қиындықпен күресе біл.
Қиындықты жеңе білген кезде ғана өзіңе өзің сенімді боласың, өз
құныңды білесің. Егер күш-жігер мен табандылық жеткілікті болса,
адам қандай кедергіні де жеңуге қабілетті болады. Осының өзі саған
өзіңе деген сенімділік әкелуі керек...»
Сан Мен Мун
-
Осы айтылған ойды қалай түсінесіңдер?
-
Қиындықты жеңу үшін адамда қандай қасиет болуы керек?
-
Қиындықтан қашсаң не болады?
-
Мақсатқа жету жолында қандай қасиеттер адамға қажет деп ойлайсыңдар?
Қорытынды: Қиындықты күш-жігер, табандылықпен жеңе білген адам ғана өзіне-өзі сенімді болады
-
Оқиға айту «Мұғалімнен сый»
Бейнетаспа көру «Қытай балеті»
-
Бишілер қандай адамдар?
-
Қандай дене кемшіліктері бар?
-
Олар неге осы кәсіпті таңдады деп ойлайсыңдар?
-
Бишілердің бойында қандай қасиеттер бар?
-
Осы сюжеттен қандай әсер алдыңдар?
-
Сендерде осы бишілерге деген қандай сезім пайда болды?
-
Шығармашылық жұмыс
Топқа бөлу (гүлдің түрлері арқылы топқа бөлу)
Ақылдың 6 қалпағы:
Алға қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыңдар?
1.Ақ шляпа - ақпараттар, фактілер
2.Қызыл шляпа - ішкі сезім
3.Қара шляпа - логикалық негативті ойлау
4.Сары шляпа - логикалық позитивті ойлау
5.Жасыл шляпа - шығармашылық ойлау
6.Көк шляпа - ойлау процесін басқару
Топпен ән айту
«Қайран көңіл» әні
-
Үй тапсырмасы
«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар
8.Қорытынды
Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең табарсың.
Жолың ұзақ болғанмен,
Жүре берсең барарсың .