7


Менің ойыншықтарым 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлесуге үйрету.

2. Дамытушылық. Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, жетілдіру.

3. Тәрбиелік. Өз ойыншықтарын күтіп ұстауға, кірлетпеуге, анасына көмектесіп, жинап жүруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, түсіндіру, көрсету,ойындар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тақтамен жұмыс, логикалық ойын.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сабаққа байланысты суреттер, кеспе қағаздар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Психологиялық кезең: Біз ақылдымыз, сергекпіз, Сабаққа біз дайынбыз!

Бүгін тағы жолда сендерді

Ашылулар күтуде.

Ал білім, достық, ес, ақыл

Жеңіске алып келеді.

Оқушыларға бүгінгі сабақта сәттілік, жақсы көңіл-күй, жақсы баға алуды тілеймін.

ІІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІV. Жаңа сабақ.

- Ал, балалар, сендерде жеке заттарың мен оқу құралдарыңнан басқа жақсы көретін нелерің бар?

- Әрине, ол - ойыншықтар.Слайдтағы суреттер ойыншықтардың атауларын еске түсіру.

Сөздік жұмыс: жақсы көремін - люблю, сүйікті -любимый (-ая,-ое).

Жаңа сөздерді бірнеше рет оқыту, қайталау. Дұрыс оқылуына назар аудару. Мысалдармен қайталау. Мен жақсы көремін. Сүйікті ойыншығым. Сүйікті ойыншығымды жақсы көремін.

1. Суреттер бойынша оқушыларға дұрыс сөз тіркесін құрауына мүмкіндік беру. Сөз тіркесін құрау арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Мысалы: әдемі қуыршақ, қоңыр қонжық, ұзын секіртпе, ақ қоян, кішкентай машина.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында сөздердің жұбын таптыру.

Қорқақ аю

Маймақ қоян

Ұзын қуыршақ

Әдемі секіртпе

Жұбын дұрыс табу, оқыту, оны аударту.

3. Есте сақтау қабілетін дамыту үшін ойын ұйымдастыру. Сендердің алдарыңда суреттер жатыр. Мен ойыншықтардың атауларын айтамын, ал сендер мен айтқан ойыншықтардың атауларын ретпен қоясыңдар. Секіртпе, машина, аю, қуыршақ, қоян, мысық, доп.

4. Сергіту сәті. Қалай тұрамыз? (Былай тұрамыз!- балалар тұрады) Қалай жүреміз? (Былай жүреміз! - балалар жүреді)

Қалайжүгіреміз? …………

Қалай ұшамыз? …………

Қалай жүземіз? …………

Қалай ән айтамыз? …………..

Қалай айқайлаймыз? ……….

Қалай жасайсыңдар? ……….

Ал, қалай отырамыз? ………..

5. Балалардың сауаттылығын арттыру үшін тапсырманы орындату. Сөздерге әріптерді дұрыс қою керектігін түсіндіремін. Оқушылар бұл тапсырманы дәптерлеріне жазбаша орындайды.

Ваняға қателерін жөндеуге көмектесейік.

Ойыншыктар, конжық, қуыршак, мысқ, коян, текши, секртпе, доб.

Өздеріңді тексеріңдер. Слайд арқылы дұрыс жазылған сөздер арқылы оқушылардың жазғандарын өздеріне тексертемін.

Ойыншықтар, қонжық, қуыршақ, мысық, қоян, текше, секіртпе, доп.

6. Ойыншықтар туралы оқушыларға өлеңдер оқытамын.

7. 2-тапсырмадағы санамақты оқу, шешуін табу.

8. 3-тапсырмадағы диалогті жұппен оқыту.

9. «Ойыншықтардың әңгімесі» тақырыбында диалог түрінде оқушыларды сөйлету.

10. Грамматика. Дыбыс үндестігін, тәуелдік жалғауын бала санасына одан әрі бекіту. Сөз соңындағы әріптерге мән беру. Өзгерістерді айту.

Естеріңде сақтаңдар! Қ - ғ, п - б, к - г

Ойыншық - ойыншығым

қонжық - қонжығым

Менің ойыншығым.Сенің ойыншығың.

Менің қонжығым. Сенің қонжығың.

11. 4-тапсырмадағы сұраққа жауап бергізуге үйрету.

Сенің сүйікті ойыншығың не?

Менің сүйікті ойыншығым машина.

Менің сүйікті ойыншығым қуыршақ.

Менің сүйікті ойыншығым лего.

12. 5-тапсырмадағы сергіту өлеңді оқыту, оны практикалық түрде орындату.

V. Сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қою.

  1. Ойыншықтарды ата.

  2. Сендер ойыншықтарыңды қалай күтіп ұстайсыңдар?

  3. Қалай жинайсыңдар?

VІ. Үйге тапсырма. 68 беттегі 3-тапсырманы оқу, 69 беттегі 4-тапсырманы ауызша айту.

VІІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.



Менің ойыншықтарым 2 сынып



№3 Абай атындағы мектеп жасына дейінгі

шағын орталығы бар жалпы білім

беретін орта мектеп









Менің ойыншықтарым 2 сынып







Сабақтың тақырыбы: Менің

ойыншықтарым.



( 13.12.2013жылы, 2 «Б» сынып, 32 кабинет)









Мұғалім: Аманиязова А.С.













ТАЛҒАР 2013Ж.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал