7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары' Құстар-біздің досымыз' 6 сынып

Сабақ жоспары' Құстар-біздің досымыз' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ПӘН қазақ тілі 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар-біздің досымыз.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
3. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Білімдерін пысықтайды және бір-бірінің ойларын тыңдап, құрметтеуге үйренеді. Ойларын жинақтап, қоршаған ортаға қамқорлық сезімі оянады.

Құрал-жабдықтар: оқушылардың құстар туралы суреттері, стикер, постер, жұмбақ, компьютер, құстар бейнеленген карточкалар, бейнефильм

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Баланың сабаққа зейінін аудару. Топқа бөлу. Құстардың суретін құрастыру арқылы топқа бөлу. «Бұлбұл» және «Көкек» топтары

Психологиялық тренинг «АМАНДАСУ»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер. «Ыстық орындық» әдісі.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Жұмбақ шешу:

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)


Екi айыр құйрығы, Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)

Жақсы балалар, бүгін біз сабақта құстар туралы әңгімелейміз. Тағы қандай құстардың атауларын білесіңдер? Жақсы! Мына бейне фильмге назар аударайық! Бейнефильмде әр түрлі құстардың тіршілігі бейнеленген.

Бүгінгі сабақта біз сіздермен жаңа сөздерді үйреніп, мәтінмен жұмыс жасаймыз, мәтінге байланысты тапсырмаларды орындаймыз.

-Алдарында ненің суретін бейнеленген?

-Орманның суреті.

-Орманда не өседі?

-Орманда ағаштар өседі?

-Ал орманда нелер жоқ?

-Орманда құстар жоқ.

-Жақсы сендер топ бойынша тапсырма орындап, әрбір тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда сендерге құстардың бейнесі беріледі. Сол бейнені сендер орманға орналастыруларын қажет.

-Келістік пе?

  1. -Онда бірінші тапсырма. Сөздікпен танысайық. Сөздерді оқу, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.(ауызша)

Сән беру-украшать

Жыл құстары-перелетные птицы

Қыстап қалатын құстар-зимиующие птицы

Ұя салу-вьют гнезда

Балапан басып шығару-выводят птенцов

Бүршік-почка

Кепкен жеміс-мороженые ягода

Қорек етеді-питаются

Жемшашар-кормушка

Зиянды жәндіктер-вредные насекомые

Тапсырма 1: Әр топқа(5 сөз)сөздердің аудармасын айту қажет.

2.Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың түрлері өте көп.Құстар жыл мезілдеріне байланысты екі топқа бөлінеді: жыл құстары және қыстап қалатын құстар. Жыл құстары көктемде ұшып келеді. Олар ұя салып, балапан басып шығарады. Ал қыстап қалатын құстар қысы -жазы өз мекенінде тіршілік етеді. Олар ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді. Құстар -біздің досымыз. Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді. Құстар -өте пайдалы, олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.

ТАПСЫРМА 2 Сұрақтарға ауызша жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан беріледі.

Құстар табиғатқа не береді?

Жыл құстар қашан ұшып келеді?

Адамдар құстарға не береді?

Құстар ағаштарды нелерден қорғайды?

Құстар қандай топтарға бөлінеді?

Құстар кімдердің досы?

ТАПСЫРМА 3«ТОПТАСТЫРУ»

Мына құстарды екі топқа топтастыру.Әр опқа құстардың суреттері беріледі. Күннің жанына жыл құстарын, жемшашар жанына қыстап қалатын құстарды қою керек. Күн - қарлығаш, бұлбұл, аққу, көкек. Жемшашар - торғай, сауысқан, көгершін,қарға.

ТАПСЫРМА 4. Мына сөздерден сөйлем құрастыр.

  1. ұясын, құстардың, болмайды, бұзуға.

  2. құстарға, мен, жем, шашамын.

  3. табиғатты, қорғайды, зиянкестерден, құстар.

ІҮ.СЕРГІТУ КЕЗЕҢІ: Қимылмен көрсету.

Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып ұшу/

Құстарға жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/

Құстарға ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары -төмен көтеру /

Құстарға ұқсап су ішеміз / Басты шалқайта көтеру/

Құстар болып ұшамыз / Қолды жайып ұшу/

Ү.БЕКІТУ:

  1. ТАПСЫРМА 5. Әр опқа екі сөзден септеуге беріледі.

Мына сөздерді септе: құстар, жемшашар, табиғат, достар

ТАПСЫРМА 6.Логикалық тренинг «Қиындыдан құрастыр»

Әр түрлі қиындыға бөлінген құстардың суретін топ болып құрастырып шығулары керек.Әр топ бір құстың суретін құрастыруылары керек. Және сол құс постерге түсіріп туралы әңгімелеп берулері керек. (қарлығаш,аққу,)

ҮІ.БАҒАЛАУ. Балалар, тақтаға орман суретіне назар аударайықшы! Не өзгерді?Орманда нелер пайда болған? Ол қандай құстар екен? Қандай құстар көп екен? Ендеше қай топ жақсы жұмыс жасаған.? Ал қанекей «шапалақ ұру» әдісімен бағалап қояйық. Топ басшылары өз топ мүшелеріне баға береді.

ҮІІ.ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Мұғалім: Сонымен,балалар,біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

Құстардың қандай атауларын есте сақтап қалдық?

Құстар кімдердің досы?

Құстардың қандай пайдасы бар ма?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Жаңа сөздерді пайдаланып, екі сөйлем жазып келу. Құстар туралы жұмбақтар іздестіру.

ІХ.РЕФЛЕКСИЯ: Сабақ ұнады ма? Не Ұнады? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып іледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал