7


  • Учителю
  • Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс

Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пән: музыка Сынып: 5 Күні: 12.05.2014ж.



Сабақтың тақырыбы: "Туған жер"

Мақсаты: а) білімділік:оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету.

ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту және туған жер әнін домбырамен сүймелдеп орындату.

б) тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, бейне көрініс, слайд.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:-амандасу, түгендеу -1 мин.

2.Жаңа сабақ: "Туған жер"- 35 мин

3.Жаңа сабақ материалын меңгерту

1)Бейне көрініс "Менің Қазақстаным"- 1,5мин

және презентация «Қазақстан»-2,5

2) Мейрамбек Беспай: "Туған жер" әнін тыңдау-3мин

3) Қазақтың музыкалық аспабы домбыра мен күйшілермен танысу-5 мин.

4) Ойын: Жұмбақ шешу,қай өлеңнің үзіндісі екенін табу, сөзжұмбақты шешу-8 мин.

5) "Туған жер"-әнін плюспен «Жігіттер квартетінің»орындауында -4 мин. және минуспен оқушылар айтады-4 мин.

Бәкір Тәжібаев жайлы әңгімелеу -1 мин.

6) "Туған жер"- домбырамен орындау-6 мин.

4. Қорытынды-8 мин.

5. Бағалау-1 мин.

Үй жұмысы- «Туған жер» туралы тақпақ немесе шағын эссе жазып келу.



1.«Менің Қазақстаным»-бейне көрініс тамашалау және презентация «Қазақстан»

2. Мейрамбек Беспай- «Туған жер әнін тыңдау»

3.Қазақ халқының музыкалық аспабы -домбыра



Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім.

(Мұқағали Мақатаев)

Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс

Домбыра құрылысы.

Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық -аспап.



Қазақ халқының атақты күйшілері:

Құрманғазы, Даулеткерей, Дина Нұрпейісова





Ашық сабақ по казахскому языку 5 классАшық сабақ по казахскому языку 5 классАшық сабақ по казахскому языку 5 класс

Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр дастандары осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды.





4. Ойын: Жұмбақ пен сөзжұмбақты шешу

Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс

Жауабы: 4 сөз

Бұл қай өлеңнің үзіндісі.



1. Атамның аулында. (Қошақаным)

2. Көкте желбірейді. (Көк тудың желбірегені)

3. Қонақжайлы халықпыз! (Дастарқан)

4. Буынға арналған ән және би. (Қара жорға)

5. Анашыма арнаймын! (Анаға сәлем)

6. Жағада жүрдің сен. (Арыс жағасында)

7. Көк кілемде көп ойнаймын. (Атамекен)

8. Қарлы шың. (Туған жер)

9. Жер жетпеген.(Саржайлауым)

10.Келші бермен. (Құдаша)

Жұмбақтың шешуін тап.

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,

Азынаса көмейінде мал жылайды.

Құйрығын қара жерге тіреп алып,

Келеді баяғының әнін салып.

/қобыз/

Келеді мына жатқан күймелі бай,

Омырауы сары алтыннан түймелі бай.

Екі шал, жеті жігіт ән салады,

Затының кім екенін білмедім-ай.

/сырнай/.



Сөзжұмбақты шеш:



1.Тар жерде табысқан -

…….. жерде келіседі ..

2. Әңгіме …….. қысқартады.

3. Дұшпаныңнан бір сақтан,

Жаман достан ……. сақтан

4. Дос жылатып айтады.

………күлдіріп айтады

5. Досы көппен сыйлас,

………азбен сырлас

6. ……. жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы

7. Саусақ бірікпей,

…… ілікпейді.

8. …. үйдің бақыты тасар,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар

9. Ерегескен ел болмайды,

Есептескен ….. болмайды ..

10. Мың жолдас жақсы,

Мың жолдастан …… дос жақсы

Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс





Жауабы:

1.Кең

2.Жол

3.Мың

4.Дұшпан

5.Досы

6.Заттың

7.Ине

8.Тату

9.Дос

10.бір







Әні мен сөзі Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев "Туған жер"

Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс

Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (1926-1994)



Ақын, драматург, әнші. сазгер. 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы киноактерлік бөлімді бітіргеннен кейін, бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 1958 жылдан Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында әдеби бөлімнің меңгерушісі болып істеген. Кейін Алматы облыстық халық шығармашылығы үйінде, Қазақ КСР театр қоғамында жұмыс жасайды, 1974 жылдан бастап тікелей шығармашылық жұмыспен айналысты.



5.«Туған жер» әнін плюспен және минуспен айту.















Туған жер

1.Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!

Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!

Ауылымның түтіні қымбат маған,

Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Қайырмасы

Туған жер, өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау!

Жүрегім дүрсіл қағады-ау!



2.Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,

Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!

Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,

Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Қайырмасы:



3.Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?

Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!

Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,

Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!



6.Домбыраның сүймелдеуімен «Туған жер»-әнін орындау

Қорытынды:

Біз не үйрендік, нені білдік, нені үйренгім келеді? Атты стратегиясымен сабақты қорытындылаймын.



Бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай бағалау.

Үй жұмысы- «Туған жер» туралы тақпақ немесе шағын эссе жазып келу.



Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!



























Өзіндік талдау

Мұғалім: Арстанбекова Г.М.

Пән: музыка

Сынып:5

Өткізілген күн: 12.05.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: "Туған жер"

Мақсаты: а) білімділік:оқушыларға туған жер туралы мәлімет беру, білімін тереңдету.

ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту және туған жер әнін домбырамен сүймелдеп орындату.

б) тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және туған елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар, бейне көрініс, презентация

Сабақ барысы

Оқушылармен амандасып, түгендеп шықтым.

Жаңа сабақты түсіндірдім және мақсатымен таныстырдым.

Жаңа сабақта «Менің Қазақстаным» атты бейне көрініспен презентациядан бастадым. Бұл бейне көрініс еліміздің нышандары мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының әнұраның орындап тұрғанын жіне еліміздің рәміздері туралы оқушыларға мәлімет бердім.

Жаңа сабақ «Туған жер» болғандықтан Мейрамбек Беспайдың орындауында «Туған жер» әнінің бейне көрінісін тамашаладық.

Қазақтың ұлттық аспабы домбыра жайлы мәлімет бердім, өйткені орындалған әндердің барлығы осы домбырамен ойналды.

Қазақтың атақты күйшілерімен танысып өттік. Құрманғазы, Дәулеткерей және Дина Нүрпейсова жайлы әңгімеледім.

Оқушыларға «балапан» сөзі нешеу, жұмбақ шешу, қай өлеңнің үзіндісі және сөзжұмбақты шеш атты ойын ойнатылды. Бұл ойын оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру болды.

«Туған жер»- әнін үйрену, яғни әні мен сөзі Бәкір Тәжібаев жайлы әңгімеледім.

«Туған жер»- әнін «Жігіттер квартетінің» орындауында бірге қосылып айту және минуспен орындату. Баян,шылдырмақтар, тастұяқ және екі домбыраның сүймелдеуімен осы әнді шырқаттым.

Біз не үйрендік, нені білдік, нені үйренгім келеді? Атты стратегиясымен сабақты қорытындыладым. Мен сабаққа қойған мақсатына толығымен жеттім.



Давыденов негізгі мектебі



















Ашық сабақ

Музыка

5 сынып

Тақырыбы: «Туған жер»









Ашық сабақ по казахскому языку 5 класс





Өткізген мұғалім: Арстанбекова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал