- Учителю
- Әдемі құстар (Ашық сабақ)
Әдемі құстар (Ашық сабақ)
«Бәйтерек» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық, қатынас, таным,, шығармашылық. әлеуметтік орта,
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дене шынықтыру, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу, экология негіздері,
Тақырыбы: Құстар.
Мақсаты: Б.М. Балалардың құстар туралы білімдерін кеңейту.
Д.М. Құстар туралы өлең, тақпақтар айта отырып, тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Т.М. Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:Орман көрінісі, бетперделер, құм, құстардың суреті, гүлдер.
Әдіс - тәсілдері: Құстар жайлы түсіндіру, сурет арқылы әңгімелеу, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.
Сөздік жұмыс: Құстар, көктем, орман.
Билингвальды компонент: Көктем - весна, құстар - птицы, дос- друг.
Балалар, қараңыздаршы бүгін көптеген қонақтар келген екен.
Кәне, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте? Good moning?
Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сәтті өтсін деп алдымен шаттық шеңберін айтайық.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да,
Шуағын төгіп нұр,
Сәлем күн Ана!
Балалар залға кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Балалар үш тілде қонақтармен амандасады.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бүршік атып,
Жапырақ шашып,
Гүл, бәйшешек толады,
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Ия, балалар бұл мезгіл екен?
Дұрыс айтасыңдар, балалар, көктем мезгілі. Ал көктемде қандай өзгерістер болады?
Ал көктем мезгілінде неше ай болады?
Кәне, атап беріңдерші.
Енді балалар көктем туралы ән айтып берейікші.
Ән: «Көктем».
Балалар бұл әнде көктем келді, құс келді дейді, солай ма?
Ал олай болса сендер алуан түрлі құстарды көру үшін орманға саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше бәріміз орманға саяхатқа барайық.
Біріміздіңсоңымыздан біріміз жүріп барайық.
Мына жерде су ағып жатыр екен, бұл судан көпір арқылы өтейік. Суға құлап кетпеу үшін, қолымызды екі жанға созып тепе - теңдікті сақтай отырып көпірден өтеміз.
Міне, балалар орманға да келдік, бірақ орманға кірмес бұрын, ережені есімізге түсіріп алайық.
Орманда не істеуге болмайды?
Міне, балалар, қараңдаршы қандай әдемі гүлдер, енді осы гүлдердің иісімен дем алайықшы.
Сол кезде алдарынан түлкі шығады.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме? Сендер кімсіңдер? Орманда неғып жүрсіңдер?
Түлкі: Жо - жоқ, орманға мен сендерді жібермеймін.Орманға өту үшін менің сендерге қояр бірнеше тапсырмаларым бар, соны орындасаңдар ғана орманға жіберемін.
Балалар, түлкінің тапсырмасын орындаймыз ба?
Түлкі: Олай болса бірінші тапсырмам:
Сендер маған көктем, құстар туралы әдемі тақпақ айтып беріңдерші.
Балалар түлкіге тақпақ айтып береміз бе?
Түлкі: Ал екінші тапсырмам:
Ал сендер құстар туралы тиым сөздер мен мақал- мәтел білесіңдер ме?
Түлкі: Ой сендер менің екі тапсырмамды да орындап тастадыңдар, өте ақылды балалар екенсіңдер, мен сендерге орманды өзім аралатайын. Осы кезде құстардың даусы естіледі.
Түлкі ормандағы құстармен, аңдармен таныстырады.
Билингвальды компонент:
Көктем - весна, спринг, құстар - птицы, бедс, аю-медведь, беа, қоян - заяц, раввит.
Түлкі: Ал, балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, ойнайсыңдар ма?
Ол ойынның аты «Дала құстарын ажырат» деп аталады.
Мына жерде үй құстары мен дала құстары араласып кеткен екен сендер маған дала құстарын ажыратып беріңдерші.
Түкі: Ой сендер тез ажыратып бердіңдер ғой. Қандай дала құстарын таптыңдар? Кім айта қояр екен?
Олай болса осы торғайлармен бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Түлкі мен торғайлар».
Шарты: Әуенмен торғайлар жем жүреді. Түлкі шыққан кезде торғайлар тез құрсауға кіріп үлгерулері керек.
Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету.
Ал, түлкішек, біздің тобымызға қайтатын уақыт болды енді тобымызға қайтайық.
Түлкі:Ой сендер келіп менде ойын ойнап сергіп қалдым. Сау болыңдар, балалар.
Балалар, келген жолымызбен тобымызға қайтайық.
Балалар біз қайда бардық? Орманда нелерді көрдік?
Ендеше сол құстардың ізін құмға бейнелеп көрейік.
Көктем мезгілі.
Күн жылына бастайды. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
Үш ай болады.
Наурыз, сәуір, мамыр.
Әнді бәрі бірге орындайды.
Ия, солай.
Ия, барғымыз келеді.
Судың дыбысын тыңдайды.
Қатты айқайлап шулауға, қалдық заттарды, қоқыстарды тастауға,от жағуға болмайды.
Гүлдердің хош иісімен дем алады.
Сәлеметсің бе, түлкішек? Біз орманға саяхатқа келдік.
Ия, орындаймыз.
Ернұр, Дияр, Шыңғыс, Диас, Арина, Бексұлтан айтады.
Інжу, Қарлығаш, Әділет Дамир айтады.
Балалар құстардың даусын тыңдайды.
Балалар қызыға тыңдайды.
Қайталап айтады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Торғайды.
Ойынға белсенділікпен қатысады.
Сау болыңыз.
Топқа келеді.
Орманға бардық. Құстарды, аңдарды көрдік.
Құмға сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін қорытындылаймын.
Қалықтап ұшқан құсты көз алдарыңа елестетіңдерші.
Құстар қайда ұшады?
Еліміздің болашағы мына сендерсіңдер білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар, білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын!
Осымен бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Сау болыңыздар! До свидания! Good bye!
Құстар жоғарыда ұшады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Құстар туралы түсінік алды.
Қалыптасқан түсініктер: Құстарды аялауды, қамқорлық танытуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құмға сурет салуды.