7


  • Учителю
  • Міржақып Дулатұлы 'Бақытсыз Жамал' романы

Міржақып Дулатұлы 'Бақытсыз Жамал' романы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы

Балқаш ауданы

«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абылхапова Баян Турсынбаевна

Күні


Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Міржақып Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романы

(1,2 сағат)

Сілеме

11 сынып Қазақ әдебиеті

Жалпы мақсатта

М.Дулатұлының өмірімен, «Бақытсыз Жамал» романының желісімен таныстыра отырып, замана жайының суреттелуіне баса мән бергізу;

Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тілімізді қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

(мұғалім үшін)

  • М.Дулатұлының өмірімен, шығармаларымен танысады;

  • «Бақытсыз Жамал» романының желісімен танысады;

  • Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады;

  • Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.

Негізгі идеялар (Сабақтағы)

Ана-ардақты есім.


Тапсырма

«Жүректен жүрекке»

Сабақ бойынша мұғалімнің бақылауы: Сабақта оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап отырады

Тапсырма 1

Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?

Оқушылардың іс-әрекеті?

  1. Оқушыларды топқа бөлу, бағалау парағын тарату (Ән «Асыл әжем», «Атамекен», «Ұстазым»)

  2. «Миға шабул»

1.Топтарға бөлініп, басқарушылар анықталады.

2. «Мен саған, сен маған» сұраққа жауап береді

Сергіту сәті Тапсырма 2

  1. Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратады.

І топ: Міржақып Дулатұлының өмірі

ІІ топ: М.Дулатұлының шығармалары

ІІІтоп: М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романының композициялық құрылымын талдау

1.Оқулықтағы материалмен танысады, ой өрбітеді.

2. Постер құрады

3. Дайындаған постерлері бойынша баяндайды

Сергіту сәті Тапсырма 3

Әр топ өз тақырыбын қорғайды

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді

1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipгe Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.

1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.


1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больп оралады.

1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне "Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.

1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipгe "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.



2. Шығарманың құрылымын талдау:

А) Шығарманың басталуы

Ә) Оқиғаның дамуы

Б) Оқиғаның шиеленісуі

В) Оқиғаның шарықтау шегі

Г) Оқиғаның шешімі.

Сергіту сәті Тапсырма 4

І топ: М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы дәуір әдебиетінің үздік туындысы екенін дәлелдеңдер. (мысалдар келтіріп, дәлелдеу)

ІІ топ: Семантикалық картаны толтыру

ІІІ топ: М.Дулатұлы «Оян, қазақ!» өлеңіне сатылай кешенді талдау

  1. Әр топ, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылау

  2. Өзара оқу мақсатында топ арасында ауысуды ұйымдастыру.

  1. Оқулықпен жұмыс


  1. Топ болып орындап, өзге оқушыларға түсіндіреді.

Сергіту сәті Тапсырма 5

1.Семантикалық картаны толтыр.

Оқиға шешімі

Сүйген жар төркіндетіп келе жатып батырдан мерт болады.

Сүйген жарды қара күш иесі қанжар салып өлтірді.

Екі жас ат құйрығына байланып өлтірілді.

Боранды күні қыз өліп, қалтасынан хат табылды.

Сүйгенімен бақытты ғұмыр кешті.

Шығармалар

Еңлік-Кебек


Қозы Көрпеш-Баян сұлу


Қалың мал


Қалқаман- Мамыр


Бақытсыз Жамал

2.Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.

3 4 5

Қазағым,// көрмегенің //әлі алдыңда 1 шумақ

Боларсың// көне берсең// мұнан жаман. 4 тармақ

Босында //аяқ-қолың// қимылдап қал, 12 бунақ

Бір күнде// тыпырлауға// келмес шамаң,. 12 буынды

  1. Топтық жұмысты бақылап, ойларына ой қосу

Топпен: «Жамал тағдырына кім кінәлі?» топ болып пікір жазу

  1. Диалогке түсіп, жұппен, топпен орындау.

Сергіту сәті Тапсырма 6

  1. Тыңдау, бақылау

  2. Рефлексия

1.Сұрақ құрастыру (топтар бір-біріне құрастырған сұрақтарын қояды)

2.Кестені толтыру: Не білдім? Нені білгім келеді?

Келесі оқуға

Келесі сабаққа: «Бақытсыз Жамал» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман тақырыбында шығарма жазуға дайындалып келу

Практикалық сабақты бағалау

Топтардағы берілген тапсырмалар бойынша топ мүшелері бір-бірлерін бағалайды, қорытынды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал