7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді сабақ жоспары Асан қайғы (9 класс)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Асан қайғы (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Асан Қайғы «Еділ бол да, Жайық бол»



1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру,поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

Күтілетін нәтиже

Жырау өмірінен мәлімет алады, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен танысады.

Толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашады.

Шығармашылық ізденіспен жұмыстанады



Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын қадағалау

Бағалаудың табыс өлшемдері беріледі





Табыс өлшемдерімен таныс болады.





Табыс өлшемдер

Үй тапсырмасын сұрау

ББЖӘТ: зерттеушілік әңгіме

  1. Жырау деген кім?

  2. Қандай жырауларды білесіңдер?

  3. Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

  4. Ежелгі дәуір әдебиетіндегі данагөй кеңесшілерді ата, олардың жыраулармен ұқсастығы бар ма?

  5. Жыраулардың шығармаларын не деп атаймыз?

  6. Толғау қандай сипаттағы шығарма?

  7. Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?

  8. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?

  9. Жыраулар поэзиясы қай кезден бастап өріс алды?









Ой қозғау

СТОҮ: Топтастыру

АКТ: Мәлімет іздеу (смартфондарын қолданып жаңа мәлімет іздеу)

Ажаңа ақпараттармен ассосацияны толықтыруды ұсынады. Ақпаратты іздеу жолын түсіндіреді.























Мағынаны тану

Тірек конспект











































































































1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)

Өмір сүрген кезеңі: ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 - 1450 жж.)

Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы

Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», - деген екен.

Қызметі: Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда

әміршілерінің бірі - Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.

Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол».

2) Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»

3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»

4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.

Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

Ғалымдар бағасы:

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов) «Асан Ата - ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан). «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі - осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов).





Ой толғаныс

СТОҮ: Фишбоун



Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы»

  1. Мәтінді оқу

  2. «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

  3. Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді,

төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

  1. Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

  2. Презентация

СебептеріҚысқа мерзімді сабақ жоспары Асан қайғы (9 класс)

Проблема Қорытынды





Дәлелдер





Бағалау

Табыс өлшемдері бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалайды





Үй тапсырмасы

А -Асан қайғы өмірі, өлеңі оқу

В - Реферат

С - Эссе «Асан қайғы жырлары неісмен маңызды?»





Мұғалімнің жазбалары











Сабақты жоспарлауда жырау өмірінен мәлімет бере отырып, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауымен таныстыру мақсат етілді. Үй тапсырмасын сабақтың басында оқушыларды жұмысқа ынталандыру үшін диалог құрады зерттеушілік әңгіме арқылы тексердім. Сыныпта негізінен В, С деңгейлі оқушылар басым. Зерттеушілік әңгімеде В деңгейлі оқушылар белсенділік танытты. Келесіде зерттеушілік сұрақтарды деңгей бойынша жеңілден күрделіге қарай құруды жоспарладым.

Сыни ойлау дағдыларын жетілдіру , сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында «Топтастыру» әдісін қолданып, Асан қайғы туралы бұрыннан білетін деректерін топтастыруды ұсындым. Оқушылар негізінен Асан қайғының өмір сүрген уақыты, жерұйық іздегені туралы ақпаратпен таныс екенін айта білді.

Оқушылардың ақпаратты сұрыптай алуын, сауатты оқи алуын жетілдіру мақсатында тірек конспект жаздырдым. Оқулықтан тыс қосымша мәтін беріп, мәтіннен маңызды ақпаратты теріп жазу барысында С деңгейлі оқушылар ақпаратты сұрыптау, теріп жазу білмейтінін байқадым. Маңызы аз, сипаттауға бағытталған сөйлемдерді жазып алып отырды. Алдағы уақытта С деңгейіндегі оқушыларға тірек конспектімен көбірек жұмыс жүргізу қажет.

Ой толғаныс сатысында «Балық қаңқасы» арқылы Асан қайғының жерұйықты іздеуі бойынша негізгі проблеманы, себептерін анықтап, дәлелдеу, қорытынды жасауға бағыт бердім, тапсырманың орындалу бағытын түсіндірдім. А деңгейлі 3оқушы ғана тапсырманы бірден түсініп, дұрыс орындады. Проблеманы Асан қайғының елінің болашағына алаңдауынан бастап, себептері мен дәлелдерін дәл анықтады. В және С деңгейлі оқушыларға тапсырманы орындауда бірнеше қайтара түсіндіру, бағыт беру қажет болды. Нәтиже -алдағы уақытта бұл тапсырманы орындауда А деңгейлі оқушыларды топтарға араластырып, көшбасшылыққа қою.

Бағалау «Ежелгі дәуір әдебиеті» мен «Асан қайғы, өлеңдері» бойынша құрылған табыс өлшемдері негізінде жүргізілді. Өзін-өзі бағалауда В деңгейлі оқушыларда өзін жоғары бағалау байқалды.

Қорытындысында сабақ барысында оқушылар жырау өмірінен мәлімет алды, «Еділ бол да, Жайық бол» толғауының мазмұнымен танысты, толғаудың тақырыбы мен идеясын ашты. Сыни тұрғыда ойланып жауап берді.





Бағалаудағы табыс өлшемдері

Табыс өлшемдері

дескрипторлар

Өте жақсы білемін (3)

Жақсы білемін (2)

Орташа деңгейде (1)

Білмеймін

(0)

Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңдерін ажырата аламын









Ежелгі дәуір әдебиеті өкілдері, туындылары туралы білемін









Асан Қайғы өмірі туралы білемін









«Еділ бол да, Жайық бол» өлеңінің мазмұнын білемін









Толғаудың идеясын аша аламын









Білімімді топтастыра аламын









Тірек конспектіде ақпараттан қажеттісін таба аламын









Толғаудағы негізгі проблема, себептерін анықтап, дәлелдей аламын









Қорытынды ұпай саны









Баға











Сабақты бағалау картасы



Бақылау күні_28.11.2014ж Мұғалім: Алипова Г.Т

Сынып_9 «в» Пән: қазақ әдебиеті, Асан қайғы.



Мұғалім символдар мен құралдар көмегімен формативті бағалау дағдысын

меңгерген





















3

Мұғалім формативті бағалау арқылы уәж қалыптастыруға әсер етеді













+







4

Мұғалім ынталандыру үшін әлеуметтік факторларды қолданады





















5

Мұғалім ынталанды ру үшін жеке және тұлғалық факторларды қолданады













+







6

Мұғалім ынталандыру үшін аффективті факторларды қолданады























ҮІІ. МЕТАТАНЫМ МЕН РЕФЛЕКСИЯ ЖАСАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕКТІГІН ҮЙРЕТУ

1

Мұғалім жұмысты өзін-өзі ұйымдастыруға үйретеді













+







2

Мұғалім тапсырмаларды орындауға арналған уақытты бөлуді үйретеді











+









3

Мұғалім зейін мен жадыны дамытуды үйретеді





















4

Мұғалім ақпаратты қалай іздеу керектігін үйретеді















+





5

Мұғалім мәтінмен жұмыс жасауға үйретеді















+





6

Мұғалім талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастырады















+





7

Мұғалім білімді тікелей өмірден алуға үйретеді





















8

Мұғалім ақпарат пен білімді топта сыныптастарымен өзара байланыста алуға үйретеді





















9

Мұғалім ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретеді





















10

Мұғалім анықтамалық және сөздіктермен жұмыс жасауды үйретеді





















11

Мұғалім ғаламтордан білім алуды үйретеді















+





12

Мұғалім ақпараттың шынайылығын анықтауды үйретеді















+





13

Мұғалім оқу процесіне қатысты рефлексия жасауға үйретеді















+





14

Мұғалім оқу мақсаттарына қатысты рефлексиялауды үйретеді





















15

Мұғалім оқу жұмыстарының сапасына орай рефлексиялауды үйретеді





















16

Мұғалім өз эмоцияларын басқаруды үйретеді























ҮІІІ. ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ

1

Орта мерзімді жоспарлау техникасын меңгеруі





















2

Барлық кәсіби мақсаттарды жүзеге асырады (Деңгейлік бағдарламалар модульдері шеңберінде)













+









Қорытынды баға:









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал