7


  • Учителю
  • Разработка урока для старших классов Деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылыққа үйрету жолдары

Разработка урока для старших классов Деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылыққа үйрету жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Деңгейлік тапсырмалар арқылы шығармашылыққа үйрету жолдары



Қазіргі заман талабы мұғалімдерден жоғары кәсіби шеберлікпен бірге көп шығармашылық ізденісті, білім саласындағы жаңалыққа үн қосып отыруды талап етеді.Білім сапасын көтеру үшін жаңа технологияны тиімді қолдану әр мұғалімнің алдына қойған міндеті болуы тиіс.Білім сабақ үдерісінде жүзеге асады. Сонау ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ зиялыларының бірі Ж.Аймауытов: «Сабақ-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын әрбір оқытылатын пәннің ерекшеліктеріне қарай қолдана білу-оқыту мақсатының бірден-бір тиімді жолы.

Көп жылғы ұстаздық тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында профессор Қараевтың деңгейлеп саралай оқыту технологиясын қолдана отырып, шығармашылыққа үйрету өз нәтижесін беріп келеді.Бұл технологияның ерекшелігі сонда-әркімнің қабілеті мен мүмкіндігінің әр түрлі екендігі ескеріледі. Деңгейлік тапсырмалар жүйесі жеңілден ауырға қарай, оңайдан күрделіге қарай құрылады.

Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі үй тапырмасын сұрауда да, жаңа тақырыпты өткенде де, қайталау сағаттарында да көрініс табады.Шығармашылыққа үйрету жолдарын жүзеге асыру мақсатында берілетін деңгейлік тапсырмалар үнемі бірлікте, бір мақсатта қарастырылса ғана нәтижелі болмақ.

Шығармашылық дегеніміз-белсенділік пен дербес іс-әрекеттің ең жоғарғы түрі.бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.Мұндай тапсырмалар оқушының білім деңгейін қарапайым деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.Негізінен үш кезең арқылы жүзеге асырған тиімді.

Бірінші кезең- жаңаны, тың нәрсені дамыту,түпкі идеяны табуға ұмтылу.

Екінші кезең- өз бетінше іздену, шығармашылыққа бет бұру.

Үшінші кезең-шеберлікке, тапқырлыққа үйрету.

Мұндағы алға қойылған мақсат мынау:

Көптеген ізденістер нәтижесінде өмірге келген оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын қолдану арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру;

Істейтін жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауға дағдыландыру;

Қабілетін ашу,мүмкіндік беру,шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету.

Әдебиет сабағында деңгейлік оқыту технологиясын қолдану көркем шығармамен жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді,жеке тұлға белсенділігін арттыруға ықпал етеді, оқушының білім дәрежесінің, жеке қабілет-қарымының қаншалықты екенін танытады, шығармашылыққа бейімділігін байқатады және өзіндік жұмыс орындауға, дербестікке тәрбиелейді.

Абайдың «Ескендір» поэмасы- өзіне дейінгі шығыс шайырларының ешқайсысына ұқсатпай өзінше жырлаған философиялық туындысы.Оқырманға ой салады, даналықты дәріптейді. Осы туындыны оқып-талдағаннан кейін төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады.

1-деңгейлік тапсырма:

Дастанның негізгі тақырыбы мен идеясын ашу

2-деңгейлік тапсырма

Ескендір бейнесін ашып көрсету

3-деңгейлік тапсырма

Ізгілік нұры / өзіндік ой-түйін жасау/

Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы жай-күйінен хабардар ететін психологиялық роман - Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» және «Қартқожағы» десек, осы шығармаларды оқып-талдау барысында көркем шығарманың табиғатын таныту, кейіпкерлер тағдырына селқос қарамай, қуанышы мен қайғысына, жан толқынысы мен күйзелісіне ортақтаса отырып, өзіндік қорытынды, түйін жасай алу дағдыларын қалыптастыруға бағыттылған жұмыс түрлері ұсынылады.

1-деңгейлік тапсырма

Роман неліктен «Ақбілек» аталған?

2-деңгейлік тапсырма

Романдағы Ақбілек қандай кейіпкер? ( шығармадағы Ақбілек образы )

3-деңгейлік тапсырма

Тәлкекке түскен тағдыр-ай.../ осы тақырыпқа ой қозға /

1-деңгейлік тапсырма

Үзінді қай шығармадан алынған?

Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме?

Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?

Жапырақтар-ау,сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы!

Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші!..

2-деңгейлік тапсырма

Үзінді шығарманың қай жерінен алынған, кімнің сөзінен, қандай оқиғаға байланысты?

3-деңгейлік тапсырма

Мәтінге әдеби-теориялық талдау жаса, көркемдегіш құралдардың қандай түрі қоланылған?

Көркем сөздің қас шебері Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» дейтін прозалық туындысын өткенде мынадай тапсырмалар берілді:

1-деңгейлік тапсырма

Шұғаның сұлу сипаты повесте қалай беріледі? / Шығармадан тауып оқы /

2-деңгейлік тапсырма

Әбдірахманның ғашықтық сезімі

3-деңгейлік тапсырма

Махаббат - мәңгі ертегі / шығарма /

Сабақ барысында оқушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек.Осы тапсырмаларды орындау барысында ол өзінің осыған дейінгі білгенінің ендігі жерде жеткіліксіз екенін сезінеді де, бұрынғыдан да көбірек ізденуге, тереңірек ой жүгіртуге жаттығады.

Сырлы да сұлу сұңқар жырлардың иелері Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың тақырып жағынан үндес болып келетін, Оқжетпестің шыңындай шоқтығы биік туындылары «Көкшетау» және « Батыр Баян» поэмаларын өткенде, салыстыра отырып ізденушілік, шығармашылық мақсатта құрылған деңгейлік тапсырмалар жүйесі ұсынылады.

1-деңгейлік тапсырма

Екі дастанның тақырып жағынан ұқсастығы мен сабақтастығы

2-деңгейлік тапсырма

Екі поэмадағы Көкшенің сұлу көркін суреттейтін жерлерін салыстыр

3-деңгейлік тапсырма

Қалмақ қызының монологы

Екі поэманы салыстыра отырып жұмыс жасаудың ерекшелігі сол- оқушы өзіндік талдау жасай алады, батыл пікір, тұжырым жасау үшін жан-жақты ізденеді, сыни көзқарас айта алады.Өзіндік әрекет жасау белсенділігі күшейеді.

С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі бойынша деңгейлік тапсырмалар

1-деңгейлік тапсырма

Өлеңді жатқа оқу, лирикалық сипатын ашу

2-деңгейлік тапсырма

Өлеңдегі азаматтық әуен, ойлы мазмұн /шын достық/

3-деңгейлік тапсырма

Сырымды айтсам деп едім... / сырласу хаты /

Осы тақырыптар бойынша тек қана деңгейлік тапсырмаларды орындап қоймай, шығармашылыққа негізделген жазба жұмыстарының түрлерін жүргізуге де болады.Мысалы: Поэмадағы бар жанына балаған жақындарынан қапияда айрылып, жаралы жолбарыстай аласұрған Баянның басындағы халін монолог ретінде қара сөзбен жаздыру-кейіпкердің басындағы жайды жан жүрегімен сезіне отырып, көңіл толғанысынан туған шығармашылық жұмыс болып саналады.

1. «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлер

2.Сұм сұлу-қалмақ қызы Ақшамаңдай

3. «Өлтірдім алты алаштың намысы үшін..» /Баян болып сөйле/.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» дәуірнамасындағы Құнанбай бейнесін ашуда берілетін тапсырмалар :

1-деңгейлік тапсырма

Әдеби және т арихи деректердегі Құнанбай

2-деңгейлік тапсырма

Романдағы Әуезов сомдаған Құнанбайдың жағымды жақтары

3-деңгейлік тапсырма

Толғау-эссе «Рухани таза жан, қажы» /Ұлы Абайдың әкесі Құнанбайға өз өлеңдерінде берген бағасы бойынша /

Деңгейлік тапсырмалар білім алушының әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.Бұл тапсырмаларды орындағанда мұғалім-бақылаушы, кеңес беруші, бағыт сілтеуші, ал оқушы-ізденуші, үйренуші, орындаушы.

Сабақты қайталап қорытындылау барысында берілетін тапсырма түрлері:

Эпик ақын Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасын қайталау сабағында берілетін тапсырманың бір үлгісі:

1-деңгейлік тапсырма:

Ақын поэмасының негізгі тақырыбы мен идеясы қандай?

2-деңгейлік тапсырма

Қарашаш пен күйші жігітке қысқаша сипаттама бер

3-деңгейлік тапсырма

Күйші жігіттің ойын қара сөзбен монолог түрінде бер.

Білім адам баласына қажетті ең асыл рухани құндылықтардың бастысына айналып отырған мына заманда егеменді елімізде оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, яғни ертеңгі күнге, нұрлы болашаққа бағытталған рухани жаңғырудың мықты іргетасы қалануда. Бұл жаңа жүйелер білім алушылардың ақыл-ойының жан-жақты даму мәселесін шешеді, білім берудің сапасын арттырады.

Сондай жаңа жүйелердің бірі -деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы.Ьұл технология жайлы ғылыми еңбектерді, зерттеулерді қарастыра келе, мынадай қорытындыға келдім:

1.Қазақ әдебиеті сабағында деңгейлеп оқытудың басты мақсаты- оқыта, білім бере отырып, шығармашылыққа үйрету.

2.Тапсырмаларды жеңілден ауырға қарай күрделендіре отырып, білім сапасын арттыруға әбден болады.

3.Оқушының бойында өзіне деген сенімділік,еркіндік, дербестік сезімдерін қалыптастыру мәселесі шешімін табады.

4.Мүмкіндігіне қарай ойлау, қиялға ерік беру, жаңалыққа ұмтылу қасиеттері қалыптасады.

5. Өзіндік ой, пікір, қорытындыға келу, түйін жасау, мәселенің шешімін табуға ұмтылу дағдысын қалыптастыруға болады.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал