7


Ілияс Жансүгіров 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Көкшетау»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік - І.Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз

шебері, ақындығын таныту.

2. Дамытушылық - оқушыларды өз ойын ашық

айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға

дағдыландыру, іздемпаздыққа баулу.

3. Тәрбиелік - Қазақстанымыздың сұлу жерлерінің

табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп,

бағалауға тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау, топтау

Көрнекіліктер: ақын портреті, суреттер, бейнетаспа, класстер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә) түгендеу

Б) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Фонетикалық жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқу

(1-ші өзім, 2-ші хормен, 2-3 оқушыға мәнерлеп оқытқызам)


Көкшетау

Жасымнан жырлап едім тауды талай,

Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай.

Ордасы ой, көңілімнің ала асқарлар,

Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай?

Көкшетау көп жердің бір көркем жері,

Қыз орман, Бурабайдың мөлдірлері.

Жамылып жасыл барқыт, асыл құндыз,

Түрленген тоты құстай тау көркемі.


ІІІ. Тіл дамыту

- Қазақстанның табиғаты қандай?

- Қазақстанның Швецариясы қалай аталады?

- Қазақстанда неше қорық бар?

- Қостанай облысында қандай қорық бар?

- Қарабалық ауданында қандай мемлекеттік қорықша бар?

- Қазақстанның қандай ең әдемі жерлері бар?

- Қай ақындар табиғат туралы өлеңдер жазған?

- Алдыңғы сабақта біз кімді өтіп едік? (Сәкен Сейфуллин)

- С.Сейфуллин кім? (Көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері)

- Оның табиғат аясына байланысты жазған қандай өлеңдерін білеміз?

(«Көкшетау», «Дала», «Наурыз»)


ІV. Үй тапсырмасын сұрау:

Ендеше, балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

С.Сейфуллин «Наурыз» үзінді жаттау

5-6 оқушылардан сұраймын

V. Жаңа сабақ

- Ақынның өміріне шолу жасау

Ілияс Жансүгіров

Дүниеге келгені:

жылы -інде туған

Мансабы:

Ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері

Білім алу ордасы:

Қарағандыдағы жеті жылдық мектеп

Шығармашылығы:

Өлеңдер жинағы: «Танысу»;

«Гималай», «Көкшетау»;

Поэмалары: «Күйші», «Дала»

Аудармасы:

А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы қазақ тіліне аударды

Қайтыс болғаны:

1938 жылы


  • Бүгін біз І.Жансүгіровтің «Көкшетау» өлеңімен танысамыз.

  • «Көкшетау» өлеңін түсіну үшін жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен танысамыз


VІ. Сөздікпен жұмыс.

  • Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып шығу. (Слайд)

  • 1-ші өзім, 2-ші хормен, 3-ші 3-4 оқушыға жеке оқытамын,

4-ші сөздерді қайталаймыз.


Маужыраған тоғай - истомленная роща

Бура тас - огромный камень

Маржан - коралл

Меруерт тас - жемчуг

Жер жаннаты - земной рай

Шипа - лечебный, целебный

Бұлақ - родник

Қия құз - скала


VІІ. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.


VІІ. Өлеңмен жұмыс

  • «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқып шығамыз.

  • ҚОСЫМША: Көкшетау туралы не білеміз? БЕЙНЕТАСПА 2 мин

Көкшетау қай жерде орналасқан? (Көкшетау Астананың солтүстігінде орналасқан. Имантау, Айыртау, Сандықтау ауылдары бар.Көлдер: Бурабай,ал оның ортасында Жұмбақтас, Тұзды, Шалқар, Белое, Имантау. Ормандарда: аңдар, өсімдіктер бар. Тарихи орындар: «Оқжетпес», «Жеке батыр».Ең биік жері - (947 м).

VІІ. Бекіту.

  • Балалар, бейнетаспадан нені көрдік?

  • Көкшетау туралы қандай түсінік алдық? Осы бойынша мына класстерді топтастырайық.






ІХ. Үйге тапсырма беру

130бет, «Көкшетау» мәнерлеп оқу


Х. Бағалау.


Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал