7


Сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пән: Балалар әдебиетіОқытушы: Жұматаева З.Ж.Топ: МДТ-11 ( «Мектепеке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы) Сабақ типі: Аралас сабақ Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, баяндау, ойландыру, салыстыру, көрнекілік, шығармашылық жұмыс, Венн диаграммасы т.б. Сабақтың тақырыбы: Халық дана
предварительный просмотр материала

Пән: Балалар әдебиеті

Оқытушы: Жұматаева З.Ж.

Топ: МДТ-11 ( «Мектепеке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы)

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, баяндау, ойландыру, салыстыру, көрнекілік, шығармашылық жұмыс, Венн диаграммасы т.б.


Сабақтың тақырыбы: Халық даналығына баулуда мақалдар мен

мәтелдердің тәрбиелік рөлі.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мақал мен мәтелдің айырмашылығы, шығу тарихы, ерекшелігі жөнінде мәлімет беру, халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік рөлін меңгерту,

2. Мақал- мәтел жарыстары арқылы мақал- мәтелдерді дұрыс, орынды қолдана білуге баулу, түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

3. Таза, әдеби тілде сөйлеуге, ұйымшылдыққа, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық

даналығы.


  1. Төрт түлік малдың қазақ халқы өміріндегі орны.

  2. Төрт түлік мал туралы өлеңдер, мәні.

  3. Жатқа айту, талдау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мақалдарды талдау, мағынасын ашу.

А) Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Ә) Малдың жайын баққан білер,

Оттың жайын жаққан білер.


  1. Дәйексөзбен жұмыс.

Мақал- сөздің мәйегі.

Мәйек- жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын ұйытқы ашытқы. Айран мен сүзбені сүт қышқылды бактериялар арқылы, яғни мәйек қосу арқылы ұйытқы жасауға болады.

Ертедегі түркі жазба ескерткіштері сөздігінде майе - мән; негізгі бастама мағынасында беріледі де, парсы тілінен деп белгіленеді.


  1. Мәтінмен жұмыс. (өздік жұмыс)

  1. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы, шығу тегі.

  2. Мақал- мәтелдердің зерттелуі.

  3. Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік рөлі.

(Әр топ өзіне берілген мәиінді оқиды, алдайды, басқа топ оқушыларына түсіндіреді)


IV. Бекіту.

1. «Жалғастыр»

  1. Жақсы сөз - .... (жанға ырыс).

  2. Икемді тіл- ... (инеден өтеді).

  3. Ата- ананың сөзі- ... (ақыл- кеңес көзі).

  4. Ел ағасыз болмайды- ... (су сағасыз болмайды).

  5. Елінен безген ер оңбас, .... (көлінен безген қаз оңбас).

  6. Ер қадірін білмеген, ..... (ел қадірін білмейді)

  7. Жақсы байқап сөйлер, ..... (жаман шайқап сөйлер)

  8. Ер елінде- ..... (гүл жерінде)

  9. Ағашты жемісінен таниды, ..... (адамды ісінен таниды)

  10. Азды аяған..... (көптен құр қалады)

  11. Сөз атасы- құлақ, .... (су атасы- бұлақ)


2. «Әрі қарай, әрі қарай...»

(сөзді тауып, қазақша, орысша, ағылшынша айту)

  1. Ашу дұшпан, ақыл - (не?).

  2. Жердің сәні- егін, (кімнің?) сәні- білім.

  3. Өмір үлкен -(не?)

  4. Кітап -(қандай?) қазына.

  5. Күш- білімде, (не?)- кітапта.

  6. (Кімді?) ұлы әкедей сыйла.

  7. (Не?) адамның екінші анасы.

  8. Асыл таста, (не?) жаста.

  9. Немере етін жеп, (несін?) береді.

3. «Аналогия»

А) орысша- қазақша

  1. Внешность человека бывает обманчива.- Адамның сырты алдамшы.

  2. Добрые слова- половина счастья.- Жақсы сөз- жарым ырыс.

  3. Человек без родины, соловей без леса.- Отансыз ұл, ормансыз бұлбұл.

  4. Глаза боятся, а руки делают.- Көз -қорқақ, қол- батыр.

  5. Жизнь- самая большая школа.- Өмір- үлкен мектеп.

ә) қазақша- орысша

  1. Не ексең, соны орасың. - Что посеешь, то и пожнешь.

  2. Шегiрткеден қорыққан егiн екпес. - Волков бояться- в лес не ходить.

  3. Тарыға май көптiк қылмайды, күрiшке су көптiк қылмайды.- Маслом каши не испортишь.

  4. Ұста пышаққа жарымас. - Сапожник без сапог.

  5. Істемеген тістемейді.- Кто не работает, тот не ест.



4. «Кім тапқыр». (суреттегі тақырыпқа сәйкес мақал- мәтелдер айту)

Оқу, білім достық бірлік


5. Шығармашылық жұмыс.

  1. "Мақал- сөз атасы" тақырыбына эссе жаз.

  2. Мақал- мәтелдерді пайдаланып, көршіңді сипатта.

  3. Мақал құрастыр.


V. Қорытынды: Венн диаграммасын толтыру.


Мақал мәтел




VII. Үйге тапсырма: мақал жаттау, топтама жасау, қосымша мәлімет


VIIІ. Бағалау. (бағалау парағы бойынша бірін- бірі бағалау)























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал