7


  • Учителю
  • ҚМЖ қазақ тілі пәнінен Менің сыныбым (1 сынып)

ҚМЖ қазақ тілі пәнінен Менің сыныбым (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:

Менің сыныбым

Мектебі: №20 ЖОББДОМ

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаирбаева А.К.

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.3.3.1. Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, әңгіме және т.б.) ажырату.

1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сыныбының қандай екенін айта алады, сыныптағы заттарды атай алады және олардың түсін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Түстерді сыныптағы зат атауларымен байланыстыра қолдана алады, сыныпты сипаттай алады.

Кейбір оқушылар:

Сыныптағы басқа да заттарды атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен (Сыныпта не бар?) және оның жауабымен (Сыныпта тақта бар) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде тақта сөзінің орнына терезе, парта, есік, орындық, үстел сөздерін қолдануға жаттығады.

(МК) «Есте сақта!» айдарында оқушылар «бар/жоқ» сөздерін орынды қолдануға, сыныпта не бар екенін айта алуға үйренеді.

(Ж) Осы үлгіні жаттықтыру үшін, оқушылар өзара сыныпта бар/жоқ нәрселерді айтып қайталайды.

(МК) 2-тапсырмада берілген үлгі бойынша оқушылар сыныптағы заттарды түсімен атай алуға үйренеді.

Оқушылардың жауаптары:

Мынау - үстел. Үстел көк. Мынау - орындық. Орындық қызыл.

Мынау - есік. Есік қоңыр. Мынау - шкаф. Шкаф қоңыр. Осыдан кейін оқушылар тапсырмада берілген заттар бойынша постерлер дайындайды. Яғни бір заттың суретін салып, оны өзі қалаған түске бояйды да, үйренген үлгі бойынша сөйлейді.

(МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау не? Сынып қандай? Сыныпта не бар? Тақта қандай?) жауап бере алу, өзі сұрақ қойып, жауап бере алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Ойын сыныптағы бар затты көрсету арқылы немесе заттардың суреттерін таратып беріп, соны көрсету арқылы жүргізіледі.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар «Сыныпта» деген тақпақты хормен, топпен, жұппен тыңдайды, қайталайды. Осы тақпақпен жұмысты былай жалғастыруға болады: сыныптағы заттарды санауға болады, мысалы, Неше тақта? Неше үстел? Неше орындық? Неше парта? деп оқушылар санап шығуы керек.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Оқулық



Аудиодиск:

2.2.1.

2.2.3.

2.2.4.













































































№1 жұмыс дәптері





Қосымша тапсырма: 2.2.

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал