- Учителю
 - 1-сынып, қазақ тілінен сабақ жоспары
 
1-сынып, қазақ тілінен сабақ жоспары
| 
       Сабақтың тақырыбы  | 
       1 Е,Ж 16.01.2016ж 1 В,Г,Д 19.01.2016ж 1И,К 17.01.2016ж 1 З 20.01.2016ж Қандай үй?  | 
| 
       Сабақтың мақсаты  | 
       Білімділік: Осы тақырып бойынша өтетеін сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс қолдана білуге машықтандыру. Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне деген ықыластарын жандандыру, ұқыптылыққа, тәрбиелікке үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту арқылы тілдесім әрекетіне жетелеу.  | 
| 
       Сабақтың түрі  | 
       Аралас сабақ  | 
| 
       Қолданылатын әдіс-тәсілдер  | 
       Оқу, аудару, суретпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап  | 
| 
       Сабақтың көрнекілігі  | 
       Суреттер, оқулық.  | 
| 
       Сабақтың барысы  | |
| 
       І.Ұйымдастыру кезеңі  | 
       1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгелдеу. 3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4.Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.  | 
| 
       ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  | 
       1.Сұрақ-жауап 2. Үй тапсырмасын тексеру.  | 
| 
       ІІІ. Сабақты түсіндіру, талдау жасау  | 
      
 Бал арасы-пчела Менікі- мое, моя, мой Тұрамын-живу Кішкентай бал арасы, кітап менікі, қалада тұрамын. 
 1-тапсырма Үйдің үстінде мысық отыр. Үстелдің астында доп жатыр. Үстелдің үстінде гүл тұр. 
 Мынау-үлкен үй. Үй бес қабатты. Үйдің алдында әдемі аула бар. 
 Ақ қанатты көбеле, Көк қанатты көбелек, Қызыл қанатты көбелек, Біздің үйге келе кет. Көбелек-ау, көбелек, Мені өзіңмен ала кет.  | 
| 
       ІV. Сабақты бекіту.  | 
       1.Диалогті тыңда. 3-тапсырма -Бұл не? -Бұл-үй. -Қандай үй? -Үлкен үй. -Үйде неше терезе бар? -Үйде төрт терезе бар. -Үйде неше есік бар? -Үйде екі есік бар. -Бұл кімнің үйі? -Бұл - Антонның үйі. 2. Жұмбақты оқы, шешуін тап. 4-тапсырма Күні бойы тынбайды, Дәмді тағам жинайды. (Бал арасы)  | 
| 
       V. Сабақты қорытындылау.  | 
       Бүгін сабақта не өттік? Не үйрендік? Сабақ қызық болды ма? Несімен қызық болды?  | 
| 
       VІ. Үйге тапсырма.  | 
       4-тапсырма, 111 бет.Тапсырманы дәптерге жазып, жаттау. № 2 жазу дәптер, 6,7 - бет  |