7


  • Учителю
  • Конспект по казахский языку Фонетика

Конспект по казахский языку Фонетика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





№7 орта мектеп























АШЫҚ САБАҚ





Тақырыбы: «Фонетикадан өткенді қайталау»



5 «А» сынып

















Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Таңбаева О.Н.























2009/2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты және дауыссыз дыбыстардың жасалуы, жіктелуі, буын

түрлері, үндестік заңы туралы түсініктерін қалыптастыру.



Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,

тілін, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, мәдениетті сөйлеуге, ойын

нақты жеткізе білуге, ұлт жандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.



Әдісі: топқа бөлу, сұрақ - жауап.



Көрнекілігі: Графопроектор, сандар тізбегі, әріптер тізбегі, сызба.



Пәнаралық байланыс: математика, тарих,әдебиет.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару. (2 мин.)



І деңгей: Теориялық тапсырмалар



І топқа:

1. Фонетика деген не?

2. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не? Түрлерін ата.

3. «У» дыбысының ерекшілігі туралы не білесің?

4. Буын дегеніміз не?

5. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?



ІІ топқа:

  1. Дауысты дыбыстар деген не?

  2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  3. Буын үндестігі деген не?

  4. Тасымал, тасымалдауға болмайтын сөздер

  5. Ілгерінді ықпал деген не?



ІІІ топқа:

  1. Буын түрлерін ата. Мысал келтір.

  2. Үндестік заңы дегеніміз не?

  3. Қазақ әліпбиі деген не?

  4. Кейінді ықпал деген не?

  5. Тіл дыбыстары туралы не білесің? (9мин)

  6. ІІ деңгей. Жаттығу - тапсырмалар:

І топқа: Мақал - мәтелдердің ішінен ашық буынды сөздерді тап.



Болат қайнауда шынығады.

Батыр майданда шынығады.



ІІ топқа: Тұйық буынды сөздерді тап.



Отты үрлей берсең, өшірерсің

Көршіңді күндей берсең, көшірерсің.



ІІІ топқа: Бітеу буынды сөздерді тап.



Диқаншы жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды.



ІІ тапсырма: Мәтіннен асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

Тасымалдауға болмайтын сөздерді тап.



І топқа:



Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз.



ІІ топқа:



Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел - жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, оларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.



ІІІ топқа:



Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асыл адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.



ІІІ деңгей: 1.«Шашылған әріптер». Ретке келтіріп, ережесін айт.



  1. а, ә, э, 2. қ, к, х 3. б, в, г, ғ, д, ж, з, һ

о, ө, е т, с, ц

ұ, ү, у ч, ш, щ р, й, у, л, м, н, ң

ы, і, и. П, ф

2. «Цифрлар не дейді?»



42, 12, 11, 8, 7, 6, 9, 5, 4



ІҮ деңгей «Шығармашылық тапсырма»

  1. Метаграмма құрастырыңдар

  2. Көктем туралы мәтін құрастырыңдар

  3. Бірдей дауыссыздан басталатын жаңылтпаш құрастырыңдар





Сабақты қорыту:

«Соңғы сөзді мен айтайын....» стратегиясы. ( схема бойынша оқушыны сөйлету)

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Ребус құрастыру және көктем туралы шағын шығарма жазып келу.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал