- Учителю
- Урок 'Денім сау болсын десең'
Урок 'Денім сау болсын десең'
Салауатты өмір салтына арналған ашық сабақ
Тақырыбы: " Денім сау болсын десең..."
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып,жас жеткіншектің өз денсаулығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруды жалғастыру,оларға салауатты өмір сүру туралы дұрыс түсінік қалыптастыра отырып,денсаулықтарын нығайту жұмыстарын жүргізу,эммоциялық көңіл-күй аясын бақылау,оларға ерік беру арқылы,еркіндік сезіндіру,өз беттерінше жұмыс жасап,өзін-өзі басқару жуйесін қалыптастыру.Ақыл-ойларын дамыта отырып,дұрыс ойлап,сұраққа дұрыс жауап берулерін қадағалау.Өзара достық қарым-қатынас орнықтыру.Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып,денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастыру,сөйлеу тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту,есту қабілеттерін дамыту және түзету жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілік: Доп,түрлі-түсті формадағы стикер-қағаздар,фломастерлер,плакатқа алдын-ала дайындалған интеллектуалды ойынның сызбасы,карточкілер,сыйлықтар,интерактивті тақта,слайдтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес түрде өтетін,қорытынды сабақ.
Cабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Ойымызды жинақтап,еркін отырамыз.
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Бүгін бізде ашық сабақ , бүгін бізге қонақтар келді.
ІІ.Тіл жаттығулары.
-Мені жақсы естисіңдер ме?
Күтілетін жауаптар: (-Мен сені жақсы естимін,
-Мен өте жақсы естимін,
-Мен сені анық естимін,
-Жақсы естимін,
-Ия,естимін.)
-Сендер бір-біріңді жақсы естисіңдер ме?
(Оқушылар бір-бірінен сұрайды).
ІІІ. Сабақтың басталуы
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Денім сау болсын десең...» (слайд №1).
-Сабақта кездесетін жаңа сөздерге көңіл бөлейік.(слайд №2)
Жаңа сөздер:
лебіз-жақсы сөз
здоровье денсаулық
интеллектуалды-ақылды
айдар-бөлім,бөлік
рефлексия-ой бөлісу
қоржын-сөмке,ыдыс (Өзім оқып,мағыналарын түсіндіремін,артынша өздеріне бірнеше
рет оқытамын,артынша қайталап сөздердің мағынасын сұраймын).
-Балалар,бір-бірімізбен амандасып,жылы лебізімізді білдірейікші.
Мұрат: -Жазира , қалайсың?
Жазира: -:Жақсымын.
Ақжол: -Ботакөз , денсаулығың қалай?
Ботакөз: -Денім сау.
Ренат: -апай , көңіл-күйіңіз қалай?
Тәрбиеші: -Өте жақсы.
Мұрат: - Ақжол , аман бол,ауырма.
Ақжол: - Рахмет , Мұрат , өзіңе де соны тілеймін.
-Ендеше,балалар,келген қонақтардан да сұрайық..
-Қалайсыз?
-Амансыз ба?
-Денсаулығыңыз қалай?
-Көңіл-күйіңіз жақсы ма? -деп оқушылар отырған қонақтардан сұрап шығады.
-Рахмет балалар,рахмет қонақтар
-Бүгін біз Денсаулық,Салауаттылық туралы сөйлесеміз.(слайд №3)
-Қазір мына допты бір-бірімізге лақтыру арқылы денсаулық туралы түсінігімізді тексереміз.
(күтілетін жауаптар: Ол - таза ауа,
Шынығу,
Тазалық,
Қимыл-қозғалыс,
Дұрыс тамақтану,
Демалу,
Тынығу,
Жақсы ой ойлау.) (слайд №4 арқылы оқушылардың берген жауаптары
нақтыланып,қорытындыланады).
-Ал,денсаулық сөзінің орысшасы қалай?
(күтілетін жауап - здоровье)
-Ендеше,біз бұл сөзді өзіне лайықты сөздермен шешуді қонақтарға ұсынайық.(слайд№5)
(күтілетін жауап)
З-задор
Д-движение
О-оптимизм
Р-радость
О-образ
В-веселье,(восторг)
Ь
Е-едиение с природой,(единство тела и духа) .(Оқушыларға қонақтардың берген жауаптарын
қайталатып оқытамын)
-Жарайсыңдар,рахмет.
-Енді бәріміз «Менің салауатты өмір салты туралы түсінігім» атты тақырыпта интеллектуалды ойын ойнайық..
(Ойынның шарты:плакатқа алдын-ала сызылып дайын тұрған ұяшықтардағы магнитпен жабысып тұрған 10,20,30,40 сандары жазылған карточкілерді алып,артындағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ,алған карточкіде жазылған сан арқылы, ұпай жинайды,сыйлық алады,жеңімпаз анықталады.(Мысалы:оң жақтағы 20,ортадағы 10,сол жақтағы 40-деп әр оқушы карточка алады,кейбір алған карточкалардың артында сұрақ орнына сыйлық деген жазу бар).
Сұрақтар мынадай :
1.Табиғат емшілерін ата.(жер,ауа,күн,топырақ,су).
2.Салауаттылыққа бағыттайтын бағдарламаны ата. («Қазақстан 2030» бағдарламасы).
3.Дәрумендердің қандай түрлерін білесің?(А,В,С дәрумендері жеміс-жидектерде,көкөністерде,дақылдарда болады).
4.Биыл қысқы олимпиадалық ойындар қай елде,қай қалада өтті?(Америкада,Ванкувер қаласында қысқы олимпиада ойындары өтті).
5.Қандай адамдардың сауығу жүйелерімен таныссың?(П.К.Иванов,М.Норбеков).
6.Көз жанарына арналған жаттығуларды білесің бе? Жасап көрсет.
7.Шынығу түрлерін ата. (Салқын сумен,күнмен,ауамен шынығу,денені дымқыл сүлгімен ысқылау,салқын су құйыну,жалаң аяқ жүру,жүгіру).
8.Дене шынықтыру жаттығуларын жасап көрсет.
ІV.Физкультуралық үзіліс.
Ортаға бірінен соң бірі 2 оқушы шығып отырған оқушылармен (адамдармен) қимыл-қозғалыс жаттығуларын,көз жанарына арналған жаттығулар жасатып,сергітеді.
-Келесі айдарымыз «Жалғасын тап» - деп аталады.(слайд №6)
-Мына мақал-мәтелдерді білесің бе?
Дені саудың - .............
Денсаулық - ...............
Жұпар ауа - ................
(Оқушылар жауаптарын айтады,жазады,оқиды)
-Сендер осы сөздермен келісесіздер ме?
-Ал сендер өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?
(оқушылар,қонақтар өз жауаптарын айтады).
V.Қорытындылау.
-Сабағымыздың соңын рефлексиямен аяқтайық (слайд №7).
-Бүгінгі осы сабаққа қатысқан әр адам мына сөйлемді жалғастырсын,
«Мен бүгін .........»
және өз ойын,көңіл-күйін шартты белгілермен белгілеп көрсетсін (интерактивті тақта арқылы).
-Және соңғы бір сәт,ол «Тілек қоржыны» деп аталады (слайд №8).
-Әр адам өз тілегін айтады және ол тілек белгілі бір адамға арналсын,алдымен балалардан бастайық ,ал қонақтар жалғастырады.
(барлығы өз тілектерін айтып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді).
-Рахмет, менде бәріңізге денсаулық,бақыт,еңбекте жеміс,табыс тілеймін.
-Сабақ аяқталды,сау болыңыздар.
Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп - интернаты
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Денім сау болсын десең...»
Өткізген: Қыдыралина Б.Ж.